Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекет мүддесiн қорғау мақсатында және республика экономикасы үшiн маңызды мәнi бар "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ-пен жасалған 1997 жылғы 14 маусымдағы Iшкi және халықаралық газ көлiгi жүйелерi мен шаруашылық қызметi концессиясының шарты бойынша мемлекет мiндеттемелерiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты, сондай-ақ "Қазақгаз", "Алаугаз", "Батыстрансгаз", "Ақтаутрансгаз", "Газтелеком", "Ақтөбетрансгаз", "Жайықтрансгаз", "Оралтрансгаз", "Қазақэнергияжөндеу", "Қазинтергаз" ашық акционерлiк қоғамдары мен "Қостанайтрансгаз" мемлекеттiк кәсіпорнының дәрменсiздiгін назарға алып, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақгаз", "Алаугаз", "Батыстрансгаз", "Ақтаутрансгаз", "Газтелеком", "Ақтөбетрансгаз", "Жайықтрансгаз", "Оралтрансгаз", "Қазақэнергияжөндеу", "Қазинтергаз" ашық акционерлiк қоғамдары мен "Қостанайтрансгаз" мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсіпорындар) банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнудi қамтамасыз етсiн.
2. Сот Кәсiпорындарды банкрот деп тану туралы шешiм шығарған жағдайда:
1) конкурстық массаны бiрнеше лоттарға бөлудi;
2) 1997 жылғы 14 маусымдағы Iшкi және халықаралық газ көлiгi жүйелерi мен шаруашылық қызметi концессиясының шарты (бұдан әрi - Концессия шарты) бойынша концессияға берiлген газ көлігі жүйесiнiң активтерiнен негiзгi лотты (негiзгi лот) қалыптастыруды;
3) Концессия шарты бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған барлық мiндеттемелердi сақтауды, газ көлiгi жүйесiн пайдаланудың үздiксiздiгiн;
4) Негiзгi лоттың ең төменгi құнын бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомасынан, сондай-ақ әкiмшiлiк шығындардан төмен болмайтындай;
5) конкурстық массаны сату жоспарын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiмен келiсудi;
6) сатып алынған мүлiктi пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бағдарламаны Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен келiскен заңды тұлғаларды негізгi лот бойынша сауда-саттыққа жіберудi қамтамасыз ететiн ерекше шарттар мен конкурстық массаларды сату тәртiбi белгiленсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі