Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2003 жылғы 27 наурыздағы N 1047 Жарлығын iске асыру мақсатында және "Жалпыға бiрдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзудi қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің күшейтiлген кезекшiлiгiн ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен шақыру пункттерiн медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтінiмдерi бойынша мерзiмдi әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшiлерi мен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшілерiн тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеудi республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы шегiнде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тiкелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргiзсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі