Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге және Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiге қол қоюы туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгізiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге және Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге қол қоюы туралы
Қазақстан Республикасында адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын нығайту және демократиялық қағидаттарға адалдығын растау мақсатында қаулы етемін:
1. 1966 жылғы 16 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiге (бұдан әрi - пактiлер) қол қойылсын.
2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлi Мәдина Бинешқызы Жарбосыноваға пактілерге қол қоюға және оларды бекiту кезiнде түсiнiктep тұжырымдау мүмкiндiгi туралы мәлiмдеуге өкiлеттiк берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Мәдина Бинешқызы Жарбосыноваға пактiлерге қол қоюға өкiлеттiк сертификатын берсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi