"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына сәйкес және отандық ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiрушiлердi қолдау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 16 сәуірдегі
N 365 қаулысымен
бекiтiлген
Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесi
1. Осы Ереже 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 058 "Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және соның шегінде ауыл шаруашылығы өсiмдіктерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiрудi субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) перспективалы деп танылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерінiң сорттары бiрегей тұқымдарының нақты өндiрілген көлемi үшiн белгiленген тәртiппен аттестатталған бiрегей тұқымдарды өндiрушiлерге (бұдан әрi - оригинаторлар) төленедi.
3. Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) белгiлеген квоталар мен тұқымдардың әрбiр түрi бойынша шығыстар шеңберiнде ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттың есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылады.
Квота элиталық тұқымдарды алу үшiн оларды өндiрудің ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес бiрегей тұқымдардың әрбiр түрi бойынша әрбiр оригинаторға белгіленедi.
4. Бiрегей тұқымдықтың әрбiр түрiне арналған субсидиялар нормативтерi қосымшаға сәйкес белгіленедi.
Бiрегей тұқымдарды көбейту жылдары мен сорттары бойынша субсидиялар мөлшерiн бiрегей тұқымдардың әрбiр түрi үшiн субсидиялардың белгiленген нормативi шегiнде Ауылшарминi белгілейдi.
2. Бiрегей тұқымдарды өндiруге субсидиялар төлеу тәртiбi
5. Өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарына субсидия алу үшiн:
1) оригинаторлар 2003 жылғы 20 қарашаға дейiнгi мерзiмде белгiленген квоталар шегінде бiрегей тұқымдарды өндiру фактiсiн растайтын, Ауылшарминiнің облыстық аумақтық органы (бұдан әрi - облыстық аумақтық басқарма) бекiткен құжаттарды Ауылшарминiне тапсырады;
2) бекiту үшiн оригинаторлар облыстық аумақтық басқармаларға мына құжаттарды:
бiрегей тұқымдардың нақты өндiрiлген көлемдерi жөнiндегi екi данадағы тiзiлiмдi: бipeуі - облыстық басқарма үшiн, екіншісі - Ауылшарминi үшiн;
бiрегей тұқымдарды кiрiске алу актiсiн;
бiрегей тұқымдардың егiстерiн сынақтан өткiзу актiлерiн;
егістіктердi сынақтан өткізу туралы eкі данадағы есептi: бipeуi - облыстық аумақтық басқарма үшiн, екiншiсi - Ауылшарминi үшiн;
тексерiлген бiрегей тұқымдардың саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен атестатталған тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың анықтамасын тапсырады;
3) облыстық аумақтық басқармалар тапсырылған құжаттарды тексередi, оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөніндегі тiзiлiмдi бекiтедi, облыс бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiнде жиынтық тiзiлiм жасайды және көрсетiлген құжаттарды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген құжаттардың түпнұсқаларымен қоса Ауылшарминiне жiбередi.
Оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөніндегi бекiтiлген тiзiлiмнің, облыс бойынша өндірiлген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, бiрегей тұқымдар егiстiгiн сынақтан өткiзу актiлерiнің және егiстiктердi сынақтан өткiзу туралы есептің бiр данасы облыстық аумақтық басқармада сақтауға қалдырылады;
4) Ауылшарминi тапсырылған құжаттарды тексередi, республика бойынша бiрегей тұқымдардың нақты өндiрiлген көлемi жөнiнде жиынтық акт жасайды және белгiленген субсидиялар нормативтерi негізiнде оригинаторларға тиесілi бюджет ақшасының көлемiн айқындайды, субсидия төлеу үшiн ведомост жасайды және республикалық бюджеттен қаражат түсуiне қарай тиесiлi сомаларды оригинаторлардың есеп айырысу шоттарына аударады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің аумақтық органына Ауылшарминi мына құжаттарды:
субсидияларды төлеуге арналған ведомостi;
ақы төлеу шотын тапсырады;
5) оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiндегi тiзiлiм, облыс бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, республика бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң нысандарын, тексерiлген бiрегей тұқымдардың саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен атестатталған тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың анықтамасын, бiрегей тұқымдарды кiрiске алу актiсiн, субсидия төлеуге арналған ведомостарды Ауылшарминi белгілейдi.
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi бiрегей тұқымдарының әрбiр түрiне арналған субсидиялар нормативтерi
___________________________________________________________________
| Бiрегей | 1 тоннаға
Өнiмнiң түрi | тұқымдардың бiр | арналған
|тоннасын өндіруге| субсидия
| арналған |нормативтері,
|шығындарды өтеу | теңге
| %-ы |
___________________________________________________________________
Өсіру питомниктерi мен аналық нысандар
___________________________________________________________________
Жүгері мен күріштен басқа,
астық және дәндi бұршақ
дақылдары 40-қа дейiн 36219
Жүгері 40-қа дейiн 222000
Күріш 40-қа дейiн 50880
Күнбағыс 40-қа дейiн 180000
Басқа майлы дақылдар 40-қа дейiн 108000
Кaртоп 40-қа дейiн 82890
Жоңышқа 40-қа дейiн 381600
Басқа көп жылдық шөптер 40-қа дейiн 146400
Бiр жылдық шөптер 40-қа дейiн 38040
Қант қызылшасы 40-қа дейiн 1405500
Мақта 40-қа дейiн 69960
___________________________________________________________________
Суперэлита
___________________________________________________________________
Жүгерi мен күрiштен басқа,
астық және дәндi бұршақ
дақылдары 40-қа дейiн 7819
Жүгерi 40-қа дейiн 47915
Күрiш 40-қа дейiн 10982
Күнбағыс 40-қа дейiн 38850
Басқа майлы дақылдар 40-қа дейiн 23310
Картоп 40-қа дейiн 17890
Жоңышқа 40-қа дейiн 82362
Басқа көп жылдық шөптер 40-қа дейiн 31598
Бiр жылдық шөптер 40-қа дейiн 8210
Қант қызылшасы 40-қа дейiн 303354
___________________________________________________________________