Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi мен Ресей Федерациясы Әскери әуе күштерiнiң бiрлестiктерi мен әскери бөлiмдерiне жауынгерлiк оқ атулар өткiзу үшiн әскери полигондарды өзара беру тәртiбi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi мен Ресей Федерациясы Әскери әуе күштерiнiң бiрлестіктері мен әскери бөлiмдерiне жауынгерлiк оқ атулар өткiзу үшін әскери полигондарды өзара беру тәртiбi туралы келiсiмдi бекiту туралы
2000 жылғы 29 шiлдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi мен Ресей Федерациясы Әскери әуе күштерiнiң бiрлестiктерi мен әскери бөлiмдерiне жауынгерлiк оқ атулар өткiзу үшiн әскери полигондарды өзара беру тәртiбi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi мен Ресей Федерациясының Әскери әуе күштерiнiң бiрлестiктерi мен әскери бөлiмдерiне
жауынгерлiк атыстар өткiзу үшiн әскери
полигондарын өзара беру тәртiбi туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнің арасындағы Шартты басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнің әскери-әуе күштерi мен әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің өзара әрекеттерін жетілдiру, жауынгерлiк даярлықтарының деңгейлерiн арттыру қажеттiлігін мойындай отырып,
төмендегiлер туралы келiсiм жасасты:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төмендегi терминдер мынаны білдiредi:
"Қабылдаушы Тараптың өкiлеттi органы" - қабылдаушы Тарап мемлекетiнің Қорғаныс министрлiгiн;
"Қабылдайтын Тараптың өкiлеттi органы" - қабылдайтын Тарап мемлекетiнің Қорғаныс министрлiгiн;
"әскери полигон" (бұдан әрi "полигон") - мемлекет аумағының, оның үстiндегi жауынгерлiк атыстармен авиация бөлiмдерiнің және әуе қорғанысы бөлiмдерiнің жаттығуларын жүргiзуге арналған әуе кеңiстiгімен жабдықталған учаскесін;
"полигон жабдықтары" - радиолокация, байланыс және уәждi бақылау, қару-жарақты, әскери техниканы, нысанды кешендердi орналастыруға арналған жабдықтардың командалық пунктін;
"қару-жарақ және әскери техникалар" - зениттiк ракеталық (зениттiк артиллериялық) және радиолокациялық кешендерiн, басқарудың автоматтандырылған жүйесi, полигонның байланыс жабдықтарын;
"нысана" - жауынгерлiк атыстарды өткiзу барысында нақты мақсаттары ретінде полигонда қолданылатын басқарумен және басқарусыз ұшу аппараттарын;
"нұсқаушы құрамы" - қару-жарақ пен әскери техника жөнiндегi жауынгерлік атыстардың аға жетекшілігінің, полигонның техникалық жетекшiсi және нұсқаушысының міндетін атқарушы, қабылдаушы Тарапы мемлекетiнің қарулы күштерінің жеке құрамын;
"қабылдайтын Тарап мемлекетінің әскери бөлiмдерi" - қарулы күштерiнің құрамалары мен әскери бөлімдерi.
2-бап
Қабылдаушы Тараптың өкiлеттi органы:
Өтiнiмiне сәйкес, қабылдайтын Тараптың өкiлеттi органына, қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң қарулы күштерi әскери бөлімдерінің жауынгерлік атыстарды өткiзуi үшiн жабдықтарымен, қару-жарағы және әскери техникасымен, нысанасы және нұсқаулық құрамымен полигонды ұсынады;
жауынгерлiк атыстарды жүргiзу мерзiмiн қабылдайтын Тараптың өкiлеттi органына жеткiзедi, ал оның өзгеру барысында ол туралы бұрын келiсiлген мерзiмiнен 45 тәулiктен кешiктiрмей хабардар етедi;
кедендiк бажды және тарифсiз шегiн реттеудi қолданбай, шекаралық және кедендiк бақылауды ұйымдастырады;
қабылдаушы Тараптың қолданысындағы нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, полигонда тиiстi құпиялық тәртiбiн қамтамасыз етедi;
қабылдайтын Тарап мемлекетiнің әскери бөлiмдерi олардың полигонда жауынгерлік атыстарды өткiзу барысында қауiпсiздiк шараларының орындалуына бақылау жасайды;
қабылдайтын Тараптың өкiлеттi органының келiсiмi бойынша полигонда жауынгерлік атыстарды өткізу үшін қажеттi радиокедергiлер құрылымының және уәждi бақылау жабдықтарының ұсынылуын қамтамасыз етедi;
қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмiнің әскери тобына (жауынгерлiк топтардан) полигонның жабдықтарын, қару-жарақтарын және әскери техникаларын (жауынгерлiк атыстар аяқталғаннан кейiн қабылдайды) Тараптардың өкiлеттi органдарының арасындағы келiсімi бойынша бередi, сондай-ақ көшiру кезiнде ахуалдар пайда болған жағдайда, оларды қалпына келтiру үшiн қосалқы бөлшектердi, құралдарды және керек-жарақтарды ұсынады;
қабылдайтын Тараптың өкiлеттi органының келiсiм бағдарламасы бойынша нысаналарды дайындауды және жіберудi қамтамасыз етедi;
қабылдайтын Тараптың атынан жауынгерлiк атыстардың жетекшiсіне, қабылдайтын Тарап мемлекетiнің әскери бөлімдерiнің жауынгерлік атыстарды орындауда уәждi бақылау материалдарымен танысу үшін ұсынады.
3-бап
Қабылдайтын Тараптың өкiлеттi органы:
қабылдаушы Тараптың өкілетті органына полигондарда әскери бөлiмдердің жауынгерлiк атыстарын өткiзуге өтiнiмдердi жауынгерлiк атыстарды өткiзудiң өткен жылғы 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей ұсынады;
полигонды пайдаланудың тәртiбiн айқындайтын, қабылдаушы Тараптың нормативтік құжаттарының және заңнамасының талаптарын толық көлемде орындайды;
қару-жарақпен, әскери техникамен және пайдалану құжаттарымен жұмыс iстеуге рұқсат етiлген жеке құрамның тiзiмiн ұсынады, сондай-ақ iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлердің полигонда белгiленген тәртіптi шегін орындауларын қамтамасыз етедi;
жауынгерлік пайдалануға арналған қару-жарақ пен әскери техниканы дайындауды жүзеге асырады, жауынгерлік атыстарды өткiзедi, полигонда белгiленген талаптар мен нормаларды сақтауларымен әскерлердің өмiртiршiлiктерiн ұйымдастырады;
осы Келiсiмнiң 5-шi бабымен белгiленген тәртiпке сәйкес полигонның iстен шыққан қару-жарақ пен әскери техникасын қалпына келтiредi;
полигонның қару-жарақ пен әскери техникасын дұрыс жағдайда қабылдап алады және өткiзедi;
жауынгерлiк атыстарды өткiзу туралы актiлер құрастыру барысында, ұйым арқылы оларды жүргiзуге арналған төлемдердi жүзеге асыратын ұйымның заңды мекен-жайын көрсетедi;
қабылдаушы Тарапқа полигонда болған кезiнде қабылдайтын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнің келтiрiлген материалды зияндарын өтейдi. Зияндардың себептерi мен көлемдерi Тараптардың өкiлеттi органдарының бiрлескен сарапшы топтары жүргiзедi және актiлермен ресiмделедi. Зияндарды өтеу осы Келiсiмнің 10-11-шi баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4-бап
Жеке құрамы полигонда қауiпсiздiк шараларын бұзған қабылдайтын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнің бөлiмшелерi, қабылдаушы Тарап мемлекетi өкiлеттi органының полигон бастығына ұсынысы бойынша қабылдайтын Тарап өкiлеттi органының атыстар басшысының шешімімен жауынгерлiк атыстарды орындаудан шеттетiлeдi.
5-бап
Полигонның қару-жарақты және әскери техниканы пайдалану ахуалдарының пайда болу барысында, оларды жоюды жеке өзінің және полигондағы бар қосалқы жабдықтарды, құралдарды және керек-жарақтарды қолдану арқылы қабылдайтын Тарап мемлекетiнің әскери бөлігінің жеке құрамы жүргiзедi.
Қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмi жеке құрамының кiнәсi бойынша қару-жарақ пен әскери техниканың iстен шығуы барысында, оны қалпына келтiру полигонның қосалқы жабдықтарды, құралдарды және керек-жарақтарды қолдану арқылы қабылдайтын Тарап мемлекетiнің әскери бөлiмiнің жеке құрамы жүргiзедi, бұл орайда полигонның қосалқы жабдықтарына, құралдарына және керек-жарақтарына жұмсалған шығындардың төлемiн осы Келiсiмнің 11-ші бабында көзделген мерзiмде қабылдайтын Тараптың өкiлеттi органы жүргiзедi.
6-бап
Тараптардың өкiлеттi органдарының бiрлескен жұмыс тобымен, Полигонда жауынгерлiк атыстарды дайындау жөнiндегi барлаушылық жұмыстар жүзеге асырылады, бiрақ жауынгерлiк атыстардың басталуына 45 тәулiктен кешiктiрмейдi.
7-бап
Қабылдайтын Тарап мемлекетiнің әскери бөлiмінің жауынгерлiк тобын полигонға тасымалдау Тараптардың ұлттық заңнамаларында белгiлеген тәртiппен сондай-ақ 1992 жылғы 15 мамырдағы әскери тасымалды орындау мiндеттерi мен тәртiбi туралы Келiсiмiне және 1995 жылғы 20 қаңтардағы мемлекетаралық әскери тасымалды және олар үшiн есептесудi ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Келiсiмiне сәйкес жүргiзiледi.
Полигонға әскери бөлiмінің жауынгерлiк топтарын қабылдайтын Тарап мемлекетiнің әскери-көлiктiк авиациясының ұшақтарымен жеткiзу және қайта жеткiзу барысында авиациялық тасымалдарды қамтамасыз ету үшiн есептесу тәртiбi 1994 жылғы 19 қазандағы қабылдауды, әуе айлақтық-техникалық қамтамасыз етудi және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң әскери әуеайлақтарындағы әскери әуе кемелерiн қорғауды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi арасындағы Келiсiмiне сәйкес айқындалады.
8-бап
Қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерi полигонда жауынгерлік атыстарды өзінің қорындағы зениттік артиллериялық жүйесiне арналған авиациялық талқандау жабдықтарымен, зениттiк басқару ракеталарымен және оқ-дәрiлермен жүргiзедi.
Жауынгерлiк атыстардан кейiн қалған өзiнiң қорындағы зениттiк артиллериялық жүйесiне арналған авиациялық талқандау жабдықтарын, зениттік басқару ракеталарын және оқ-дәрілерін полигонға жеткiзу және одан шығаруды қабылдайтын Тарап мемлекетiнің әскери эшелондар құрамында немесе әскери көліктік авиациясымен жүргiзедi.
Жекеленген жағдайларда, қабылдаушы Тараптың өкiлеттi органы полигонда бар авиациялық талқандау жабдықтарын, зениттiк басқару ракеталарын қабылдайтын Тарап мемлекетінің әскери бөлімдеріне ұсынуы мүмкiн. Бұл жағдайда, қабылдайтын Тараптың өкiлеттi органы олардың құнын төлейдi немесе жауынгерлiк атыстарды өткiзу туралы актiге қол қойылған күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде полигонға, жұмсалған авиациялық талқандау жабдықтарының және зениттiк басқару ракеталарының санын, сол түрлерiн және сондай сапалық сипаттағылармен орнын толтырады.
9-бап
Қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерiнiң жеке құрамына медициналық қызмет көрсетудi қабылдаушы Тарап мемлекетiнің дәрiгерлiк қызметшiлерiмен жүзеге асырады.
Шұғыл жағдайларда, полигонда болған қабылдайтын Тарап мемлекетінің әскери бөлiмінің әскери қызметшiлерiн госпитализациялауды, қабылдаушы Тарап мемлекетiнің өкiлеттi органының жақын жердегi емдеу мекемесінде жүргiзедi. Бұл жағдайларда шығыстарды осы Келiсiмнiң 10-шы бабында белгiленген тәртiппен қабылдаушы Тараптың өкiлеттi органы егер Тараптардың келiсулерiнде басқадай көзделмесе төлейдi.
10-бап
Қабылдайтын Тараптың өкiлеттi органы өздерiнiң әскери бөлiмдерiмен өткiзетiн жауынгерлiк атыстарды қамтамасыз етумен байланысты шығыстарды қабылдаушы Тараптың өкiлеттi органына төлейдi.
Төлемге мыналар жатады:
жауынгерлiк атыстарды қамтамасыз ету үшiн қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң қарулы күштерi жеке құрамын және басқа министрлiктер мен ведомстволардың (өкiметтің федералды атқарушы органдары) мамандарын тартуға байланысты шығыстар;
есеп беру және есепке алу қажеттi құжаттарын, әдiстемелiк құралдарын және анықтама әдебиеттерiн басып шығаруға байланысты шығыстар;
жауынгерлiк атыстарды орындау үшiн барысында шығындалған нысаналар;
нысаналарды, қару-жарақтарды және әскери техникаларды пайдалануға байланысты шығыстар;
жауынгерлiк атыстарды орындау үшiн қабылдайтын Тарап мемлекетінің әскери бөлiмдерiне берiлген авиациялық талқандау жабдықтары, зениттiк басқару ракеталары;
авиациялық талқандау жабдықтарын, зениттiк басқару ракеталарын жауынгерлiк пайдалануға дайындауға байланысты шығыстар;
қабылдау Тарап мемлекетінің әскери бөлiмдерiн авиациялық тасымалдауды қамтамасыз етуге байланысты шығыстар;
қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету құны;
қабылдайтын Тарап мемлекетiнің әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерiн полигонның қонақ үйлерi мен казармаларында тұру құны;
қабылдайтын Тарап мемлекетiнің әскери бөлiмдерi полигонда болған уақытында шығындаған, электроэнергия және судың құны;
жауынгерлік атыстарды өткізудi қамтамасыз ету үшін, сонымен қатap қабылдайтын Тараптан әскери бөлiмдерi қару-жарағының, әскери техникасы мен автокөлiгiнің жұмысын қамтамасыз ету үшiн полигонда жұмсалған жанар-жағармай материалдарының құны;
қабылдайтын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшілеріне медициналық қызмет көрсетуге байланысты шығыстар.
Шығындарды өтеу, қабылдайтын Тарап мемлекетiнің өкiлеттi органынан жауынгерлiк атыстар басшысы және қабылдаушы Тарап мемлекетiнің өкілеттi органынан полигон бастығы қол қойған актi негiзiнде АҚШ долларымен жасалады. Бұл орайда есеп айырысу қабылдаушы Тарап мемлекетiнің қолданыстағы бағалары мен тарифтерi бойынша АҚШ долларына есептеумен ұлттық валютада қабылдаушы Тарап мемлекетiндегi актiге қол қойылған күнгі курс бойынша жасалады.
11-бап
Жауынгерлiк атыстарды өткiзу мен оларды қамтамасыз етуге байланысты шығындардың төлемдерi қабылдаушы Тараптың өкiлеттi органы жауынгерлiк атыстарды өткiзу туралы актiнi құру барысында, қабылдаушы Тарап өкiлеттi органы көрсеткен валюталық шотқа аударатын болады. Және бұл қабылдаушы Тарап өкiлеттi органының жауынгерлік атыстарды қамтамасыз ету үшiн есеп айырысу актiсін, есептеу және кеткен шығындарды нақтылайтын басқа да құжаттар қосымшасымен ұсынғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.
12-бап
Осы Келiсiмнің ережелерiн iске асыру барысында келiспеушілiк туған жағдайда Тараптар оларды өзара кеңестер мен келiссөздер жолымен шешедi.
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресімделетін, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуі мүмкін және ол осы Келiсiмнің 13-бабында белгiленген тәртіппен күшiне енедi.
Осы Келiсiмiнiң ережелерi, Тараптар болып қатысатын басқа халықаралық келiссөздерден шығатын Тараптардың құқықтары мен мiндеттеріне нұқсан келтiрмейдi.
13-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк рәсімдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабардар етуi түскен күннен бастап күшіне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды және Келiсiм Тараптардың бiреуi осы Келiсiмнің қолдануын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапты тиiстi кезеңi бiтуiне дейiнгi алты ай iшiнде жазбаша хабардар етпесе әрбiр рет бiр жылға созылады.
2000 жылғы 29 шілдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдеріндегi екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Келiсiмнің ережелерiн талқылағанда келiспеушiлiктің пайда болған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін