Каспий теңізiнiң қазақстандық секторын игерудi жеделдету, республиканың ауыр өнеркәсiбiн одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Pecпубликасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, бiр апта мерзiмде заңнамада белгіленген тәртiптен "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының Ақтау портындағы жалпы ауданы 2 гектардан кем емес жер телімін пайдалану құқығын Каспий теңiзінде пайдалану үшiн теңiз құрылыстары мен корабльдер жасау жөніндегi верфь салуға "Керреl Kazakhstan" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігіне беруін қамтамасыз етсін.
2. "Ақтау портында астық терминалын салудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1156 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 389-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі