Ақтау портында астық терминалын салудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1156 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.25. N 406 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығын іске асыру және қазақстан астығын теңіз жолымен экспортқа шығаруды ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп бір апта мерзімде "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының оған тиесілі жерден алаңы 2 (екі) гектардан кем емес жер учаскесін
пайдалану құқығын астық терминалын салу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына беруін қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады