Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 917
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 303-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ережеде:
кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары құратын Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерiнiң (бұдан әрi - Сарапшылық кеңестерi) қызметiн белгiлейдi.";
5-тармақтың бiрiншi абзацы "және оған осы органның бiрiншi басшысы басшылық жасайды" деген сөздермен толықтырылсын.