Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 917 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 410 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N 496 (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 917  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 303-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ережеде:
      кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары құратын Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерiнiң (бұдан әрi - Сарапшылық кеңестерi) қызметiн белгiлейдi.";
      5-тармақтың бiрiншi абзацы "және оған осы органның бiрiншi басшысы басшылық жасайды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады