Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнің арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келiсiмнің және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнің арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану жөнiндегi келiсiмнің күшін жою туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
ҚАЗАҚСТАН PECПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Өзбекстан Республикасы Yкiметiнің apacындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы жүруі барысында олардың сақталуы мен қауіпсiздiк қамтамасыз ету туралы келiсiмнің және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Yкiметiнiң арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану жөніндегi келiсiмнiң күшiн жою туралы
1-бап. 1998 жылғы 27 наурызда Ташкент қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Өзбекстан Республикасы Yкiметiнің арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келiсiмнiң және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану жөнiндегі келiсiмнің күшi жойылсын.
2-бап. Осы Заң Өзбекстан Республикасының Үкiметiн осы Заңның 1-бабында көрсетiлген Келiсiмдердің қолданылуын Қазақстан Республикасының тоқтату ниетi туралы белгіленген тәртiппен хабарландырған күннен бастап 6 ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасы Yкiметiнiң арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi бұдан былай "Тараптар" деп аталады,
Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы 1992 жылғы 24 маусымда қол қойылған достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы Шарттың, 1994 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Бiрыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы Шарттың қағидаларын, сондай-ақ Тәуелсiз мемлекеттердің Достастығының негізгі құжаттарын басшылыққа ала отырып,
тең құқылы және өзара тиімді екiжақты қолайлы сауда-экономикалық қатынастарды қамтамасыз етудің маңыздылығын мойындай отырып, автомобиль және темiр жол магистральдарының технологиялық бiртұтастығын қамтамасыз етудi мақсат қойып,
халықаралық автомобиль және темiр жолкөлiгiн дамыту саласында, сондай-ақ Тараптардың кедендiк iстерінде біртұтаc және келiсілген саясатын жүргiзуге мән бере отырып,
экономикалық егемендiктi қорғауды көздей отырып,
транзит еркіндiгiнің принциптерiне өз ұмтылушылығын білдіре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
ТМД елдерiн қоспағанда, екi Тарап мемлекеттерінің аумағы арқылы жүктердің транзит тасымалдары тасымалдаушыларда Карнет-ТIR немесе CMR болған жағдайда Тараптардың құзырлы органдарымен берiлетiн рұқсаттар негiзінде Тараптардың автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
ТМД елдерiне Тараптардың автокөлік құралдарымен жасалатын транзит тасымалдары рұқсатсыз негізде және транзит үшiн төлем алынбай жүзеге асырылады.
Қазақстан - Өзбекстан - Қазақстан немесе Өзбекстан - Қазақстан - Өзбекстан маршруттары бойынша жүзеге асырылатын тасымалдар транзит тасымалдары болып табылмайды.
Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінiң аумағы бойынша, соның iшінде үшіншi елдерге транзитпен, екіншi Тараптың автокөлiк құралдарының жол жүруі үшін қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз етедi.
2-бап
Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Тарап мемлекетінiң аумағы бойынша транзитпен үшiншi елге шығарылатын жүктер осы жүктердi жөнелтетiн мемлекеттің кедендiк ресiмдеуiне жатады.
3-бап
Әрбiр Тарап мөртаңбаларды, кедендiк қамтуларды, кедендiк құжаттарды мойындайды және жүктермен бiрге жүретiн өзге құжаттарын (банкілік, қаржылық және т.б.) және олардың үлгілерiн бiр-бiрiне ауыстырып отырады.
4-бап
Тараптар мемлекеттерiнің аумағы бойынша транзитпен тасымалданатын жүктер кедендiк баждардан және кедендiк рәсiмдiк алымдарын қоспағанда, басқаларынан босатылады.
Кедендік төлемдер мен салықтар төлемiнiң сомаларын енгiзу туралы талаптар қолданылатын тауарларға қатысты тiзiмдер Тарап мемлекеттерiнiң кедендік мекемелерiмен келiсiледі.
5-бап
Тараптар мемлекеттерiнің үшiншi мемлекеттepгe шығарылатын жүктерi жөнелту мемлекетінің кедендiк органдарымен ресiмделмеген жүктерi бiр Тарап мемлекетiнiң аумағы транзитпен үшiншi мемлекеттерге жiберiлмейдi.
6-бап
Тараптар өздерiнің аумағы арқылы әкелуге, әкетуге және транзитке халықаралық нормалармен және Тараптар мемлекетiнiң ұлттық заңдарына сай тыйым салынған жүктердiң тiзiмiн бiр-бiрiне ұсынады.
Мемлекетiнiң аумағы бойынша маршруты өтетiн қауiптi жүктердi тасымалдау, егер дербес Келiсiммен өзге жағдай көзделмегенде тиесiлi құзырлы органмен берiлген арнайы рұқсаттар негізiнде халықаралық нормаларға сай жүзеге асырылады.
7-бап
Тараптар өзара мүдделi негізде, мемлекеттерiнiң транзиттік жүктерiн өңдеу кезінде, сондай-ақ жолаушылар мен багаж тасымалдарына қатысты ең жоғарғы қолайлылық тәртіпті ұсыну арқылы темір жол және автомобиль қатынастарын дамытуда бiр-бiрiне жәрдем көрсету бойынша қажеттi барлық шараларды қабылдайды.
8-бап
Tapaптap темiр жол көлiгiмен жүктердiң транзиттiк тасымалдары кезiнде жеңілдетiлген тарифтердi немесе ставкаларды белгiлеу мүмкiндiгiн қарауды тиесiлi құзырлы органдарға тапсырады.
9-бап
Тараптардың заңдарымен қабылданған мерзімдер Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына автокөлiк құралдарының келу мерзiмi болып белгiленсiн. Рұқсат беру бланкiсi Тарап мемлекетiнiң аумағында автокөлiк құралының нақты болған мерзiмiне пәрмендi және тiке және керi бағытта ықпал етедi.
10-бап
Тараптар мемлекеттерiнің аумағы бойынша халықаралық тасымалдарды Тараптар ұлттық заңдар мен пәрмендi ережелерге сай жүзеге асыруға келiстi.
11-бап
Тараптар жолаушылардың, қызмет етушi персоналдардың қауiпсiздiгiн және Тараптар мемлекеттерiнің автомобиль және темiр жол магистральдары бойынша жүрген кезінде автокөлiк құралдарының, темiр жол вагондарының, контейнерлердiң, сондай-ақ жүктер мен теңдеме жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттенедi.
Тараптар екiншi Тарап мемлекетiнің аумағы бойынша, соның iшiнде үшіншi мемлекетке транзитпен жүрушi көлік құралдары үшiн жүру қауiпсiздiгi мен қолайлы жағдайды қамтамасыз етедi.
12-бап
Кедендік шекаралар арқылы Тараптар мемлекеттерiнде жүктердi, теңдеме жүктi, қол жүгін, валюталарды, құнды заттарды, сондай-ақ азаматтардың жеке мүлiктерiн өткізу әкелу-әкету және транзитке тыйым салынған заттар тасымалдануда деуге жеткiлiктi негiз болған жағдайларды қоспағанда, кедендiк қараусыз жүзеге асырылады.
13-бап
Тараптар құзырлы органдар өкілдерiнiң iшiнен автомобиль және темiр жол тасымалдары бойынша осы Келiсiмнің қағидаларын iске асыратын, сондай-ақ сол бойынша міндеттемелердің орындалуын қадағалайтын және үйлестiретiн Бiрлескен ведомствоаралық комиссия құруға уағдаласты.
Келiсiмнің мәселелерiн қарау үшiн Бiрлескен ведомствоаралық комиссиялар Ақмолада және Ташкентте кезекпен жиналатын болады.
Осы Келiсiмді қолдану немесе түсiндіру бойынша кез келген даулар, кеңесулер және келiссөздер жүргiзу жолымен Бiрлескен ведомствоаралық комиссия шеңберiнде шешiлетiн болады.
Бiрлескен ведомствоаралық комиссия шеңберінде дауларды шешу мүмкіндiгi болмаған жағдайда даулы мәселелер екіжақты ынтымақтастық жөнiндегi Бiрлескен үкiметаралық комиссиямен қаралады.
14-бап
Осы Келiсiммен реттелмеген мәселелерге қатысты Тараптар мемлекеттердегi ұлттық заңдар, халықаралық нормалар, сондай-ақ халықаралық автомобиль және темiр жол транзиттiк тасымалдарының мәселелерiн реттейтiн Тараптар арасындағы ертеректе бекiтiлген келiсімдер iс-қимыл жасайтын болады.
15-бап
Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалар түрінде ресiмделген өзгертулер мен толықтырулар осы Келiсiмге енгiзіледi.
Тараптар осы Келiсiммен белгiленген жолаушылар, жүктер мен багаждың транзиттік тасымалдарының тәртiбiн нашарлатпауға мiндеттенедi.
16-бап
Осы Келiсімнің тиiстi қағидаларын орындауға жауапты құзырлы органдар мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының атынан - Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Мемлекеттік кеден комитетi, "Қазақстан темiр жолы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, Iшкi iстер министрлiгi, Мемлекеттiк тергеу комитеті;
Өзбекстан Республикасының атынан - "Өзбекстан темiр жолдары" Мемлекеттік акционерлiк темiр жол компаниясы, "Өзавтотранс" корпорациясы, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Мемлекеттiк кеден Koмитетi мен Iшкi iстер министрлiгi.
Осы тiзімдегi өзгерiстер жөнiнде Тараптар дер кезінде бiр-бiрiне хабарлайтын болады.
17-бап
Осы Келiсiм Тараптардың өзге де халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнің мiндеттемелерiн қозғамайды.
18-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекет iшiнің үрдiстерiн Тараптардың орындағаны туралы соңғы мәлімдеме түскен күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiммен қарастырылған мiндеттердi Тараптар бұзған жағдайда ол белгiленген тәртiппен күшiн жояды.
Осы Келiсiм бес жыл бойы күшiнде болады, сонан соң, егер осы Келiсiмнің пәрмендi кезең өткенге дейiнгi алты айдан кешiктiрмей Тараптардың бiреуі жазбаша түрде екiншi Тарапқа Келiсiм күшiн тоқтататыны туралы өз ниетін мәлiмдемеген жағдайда, өзiнен-өзi келесi мерзімге ұзартылатын болады.
Осы Келiсiм 1998 жылғы 27 наурызда Ташкент қаласында, екi данада, әрқайсысы өзбек, қазақ және орыс тілдерiнде, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей болып жасалды.
Осы Келiсімді түсіндiру мақсаты үшiн орыс тiлдегi мәтiн пайдаланылады.
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану жөнiндегi
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Tapaптap деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы 1994 жылғы 30 сәуiрдегi Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
елдер арасындағы қол жеткен экономикалық өзара iс-қимыл деңгейiне сүйене отырып,
көлiктік коммуникацияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тiлек бiлдiре отырып және автомобиль жолдарын бiрлесiп және келiсіп пайдаланудың маңыздылығы мен қажеттiгiн жете түсiне отырып,
көлiк жүйелерінің технологиялық бiрлігін сақтау және көлiктiк шығындарды азайту қажеттiгiнен шыға отырып,
жолаушылар мен жүктердiң еркiн қозғалысы үшiн жағдай жасау мақсатында,
төмендегi туралы келiстi:
1-бап
Өзбекстан Республикасының аумағы бойынша өтетiн жүру бөлігінің шетiнен екi жаққа 30 метрден санитарлық-қорғау аймағы бар, ұзақтығы 24,5 километр Жетiсай-Шардара автомобиль жолының учаскесi он жыл мерзiмге Қазақстан Республикасына өтеусiз негiзде (төлемсiз) уақытша пайдалануға берiледi.
Жолдың осы учаскесi Шардара су қоймасының батыс жағалауы бойынша Махталы ауылынан батысқа қарай аудандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына, солтүстiк-шығысқа қарай жалпы бағытта Арнасай ауылы, Арнасай ағынды суы бөгетi арқылы солтүстiк-батысқа Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін өтеді.
2-бап
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтетiн, жол жүру бөлігінің шетiнен екi жаққа 30 метрден санитарлық-қорғау аймағы бар, ұзақтығы 24,3 километр Сырдарья-Жизақ мобиль жолының учаскесi он жыл мерзiмге Өзбекстан Республикасына өтеусiз негiзде (төлемсiз) уақытша пайдалануға берiледi.
Алматы-Бішкек-Ташкент-Термез M-39 магистральдық автомобиль жолының осы учаскесi Махтажан ауылынан солтүстiк-шығысқа қарай аудандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан, оңтүстiк-батысқа қарай жалпы бағытта Целинное ауылы ауданындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мемлекеттiк шекараға дейiн өтедi.
3-бап
Тараптар, осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген санитарлық-қорғау аймақтарында кез келген мақсаттағы объектілер құрылысын жүргiзбеуге мiндеттенедi.
Тараптар, осы Келiсiмнің 1 және 2-баптарында атап өтiлген автомобиль жолдарының учаскелерiнде жолаушылар мен жүктердiң еркiн тасымалына жағдай жасайтын шарттарды бiр-бiрiне ұсынады.
Тараптар, осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында атап өтілген автомобиль жолдарының учаскелерiнде кеден постары мен көлiк құралдарының кiру-шығу пункттерiнiң орналасуын реттейдi.
4-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың ортақ келiсiмi бойынша, Осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.
5-бап
Осы Келiсiм, оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы Тараптар бiр-бiрiн хабардар еткен күннен бастап күшiне енедi.
Осымен бiр уақытта осы Келiсiм Ташкент қаласында 1998 жылғы 27 наурызда қол қойылған Өзбекстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багаждарды транзиттік тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы Келiсiмнiң шарттарының сөзсiз сақталуы кезiнде қолданылады.
Бұл орайда Тараптар, жоғарыда аталған Келiсiм бойынша өзара мiндеттемелердiң орындалуының мiндеттi шарты - екiншi Тараптың автокөлiк құралдарын өз мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша жол жүруi үшiн қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету болып табылатынын растайды.
Осы Келiсiм он жыл бойы күшінде болады, одан соң, Тараптардың бiрi тиiстi кезең өткенге дейiнгi алты айдан кешiктiрмей оның қолданылуын тоқтату туралы тiлегiн мәлiмдемеген жағдайда, өзiнен-өзi келесi кезеңдерге ұзартылатын болады.
Ташкент қаласында 1998 жылғы 27 наурызда, екi данада өзбек, қазақ және орыс тілдерiнде жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмдi түсiндiру мақсаты үшiн орыс тiлiндегi мәтін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Yкiметi үшiн Үкіметі үшін