Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Pecпубликасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсiпорны мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан өзге де шараларды қабылдасын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі