Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы шетелдiк мекемесiнiң мәселелерi" туралы Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы шетелдік мекемесiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан арасындағы екi жақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Елшілігі етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлыққа 5-қосымшада:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Елшілігі 2500".
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi