Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 520 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 498 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы ереженi, азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарының нысандарын және осы кiтаптардағы жазбалардың негiзінде берiлетiн куәлiктердiң нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 20-21, 214-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы ережеде:
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Қалпына келтiрiлген азаматтық хал актiсiнің жазбасын тiркеудi жазба жоғалған жер бойынша АХАЖ органдары жүргiзедi. Жоғалған жазба сот тәртiбiмен қалпына келтiрiлген жағдайда, актiнiң қалпына келтiрілген жазбасын тiркеу сот шешiмi шығарылған жер бойынша жүргiзiледi.
      Азаматтық хал актiсiн қалпына келтiру туралы жазба күнделiктi тiркеу кiтабында, ал туу туралы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеу туу туралы қалпына келтiрiлген актiлердi тiркеу кiтабында жүргiзiледi.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тiркеу тәртібi туралы ережелерде:
      171-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) өтiнiш берушiнi шын мәнiсiнде тәрбиелеген адамның тегi және аты бойынша тегі мен әкесінің атын алғысы келуі.";
      179-тармақтың үшiншi абзацындағы мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "үш" деген сөз "бiр" деген сөзбен ауыстырылсын;
      216-тармақтың үшiншi абзацы ", ерекше жағдайларда, жеке басын куәландыратын құжат алмаған 16 жастан асқан, бiрақ 18 жасқа толмаған балаларға ата-аналарының бiреуiнiң не қорғаншысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайтадан куәлiктер берiледi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 1999 года N 620

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2003 года № 520. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2012 года № 498

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.04.2012 № 498 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 мая 1999 года N 620 "Об утверждении Положения о порядке изменения, восстановления и аннулирования записей актов гражданского состояния, формы книг регистрации актов гражданского состояния и формы свидетельств, выдаваемых на основании записей в этих книгах, и Правил о порядке регистрации актов гражданского состояния в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 20-21, ст.214) следующие изменения и дополнения:
      1) в Положении о порядке изменения, восстановления и аннулирования записей актов гражданского состояния в Республике Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      пункт 17 изложить в следующей редакции:
      "17. Регистрация восстановленной записи акта гражданского состояния производится органами ЗАГС по месту, где находилась утраченная запись. В случае восстановления утраченной записи в судебном порядке, регистрация восстановленной записи акта производится по месту вынесения судебного решения.
      Запись о восстановлении акта гражданского состояния производится в книге текущей регистрации, а регистрация восстановленной записи о рождении - в книге регистрации восстановленных актов о рождении.";
      2) в Правилах о порядке регистрации актов гражданского состояния в Республике Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 171 дополнить подпунктом 12) следующего содержания:
      "12) желание носить фамилию и отчество по фамилии и имени лица, фактически воспитавшего заявителя.";
      в абзаце третьем пункта 179 в тексте на государственном языке слово: "Уш" заменить словом "бiр";
      абзац третий пункта 216 дополнить словами "в исключительных случаях, на детей старше 16 лет, но не достигших 18 лет и не получивших документ, удостоверяющий личность, выдаются повторные свидетельства в присутствии одного из родителей, либо опекуна, при предоставлении ими документа, удостоверяющего личность".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан