Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы N 528 қаулысы.

      "Әкімшілiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 629-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берілiп отырған Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

      2003 жылғы 4 маусымдағы

      N 28 қаулысымен

      бекітiлген

Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру
және оның нәтижелерiн ресімдеу
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) алкоголымен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен мас күйiн (бұдан әрi - мас күйi) куәландыру, көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң, шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiнiң (бұдан әрi - жүргiзушi, кеме жүргiзушi) мас күйiн куәландыру, сондай-ақ оның нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнің мас күйiн куәландыруға жiберудi, мас күйiн куәландыруды "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің (бұдан әрi - Кодекс) 618 және 629-баптарына сәйкес мас күйi Кодексте көзделген құқық бұзушылықтың құрамы болып табылғанда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары ретiнде уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.

      3. Көлiк құралдарын басқарудан шеттетiлген жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнiң мас күйiн куәландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасымен осыған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдар мас күйiн белгiлейтiн арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану арқылы тiкелей әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде және/немесе медициналық ұйымдарда жүргiзе алады.

      4. Жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнiң көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң қозғалыс тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң белгiленген талаптарын бұзуы және қозғалыс қауiпсiздiгiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде лауазымды адамдардың олардың бұл әрекеттерiнiң жолын кесуi, егер бұл ретте, жүргiзушiлерде, кеме жүргізушілеріне мас күйi белгілерiнiң анықталуы, сондай-ақ жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнiң алкогольдi немесе психикалық активтi заттарды қабылдағандығы туралы өтiнiштер, хабарлар, олардың алкогольдi немесе психикалық активтi заттарды қабылдағандығын мойындауы жүргізушілердi, кеме жүргiзушiлерiн мас күйiн куәландыруға жiберуге, мас күйiн куәландыруға жеткiлiктi негiз болып табылады.

2. Мас күйiн медициналық куәландыруға жiберу тәртiбi

      5. Жүргiзушiнiң, кеме жүргiзушiсiнiң мас күйiн медициналық куәландыру (бұдан әрi - медициналық куәландыру) уәкiлеттi лауазымды адамдардың жазбаша жолдамасы бойынша 1-қосымшаға сәйкес жүргiзiледi.

      6. Медициналық куәландыруға жiберуде көлiк басқарудан шеттету күнi, уақыты, орны, негiздемесi, куәландыруға жiберу негіздемесi, хаттаманы толтырған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң үлгiсi, маркасы, моделi, мемлекеттік тiркеу нөмiрi, өзге де сәйкестендiру белгiлерi, басқарудан шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргізушiнiң, кеме жүргiзушiсiнiң жеке басы туралы мәлiметтер көрсетiледi. Жолдамаға оны толтырған лауазымды адам, сондай-ақ куәландыруға жiберілген жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi қол қояды.

      7. Жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүргiзiлген куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда медициналық куәландыру үшiн берiлетiн жолдамаға лауазымды адам жүргізген куәландыру актісi қоса берiледi.

      8. Куәландыруға жiберiлген жүргiзушiнiң, кеме жүргiзушiсiнiң жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы медициналық ұйымның куәландырудан бас тартуына негiздеме бола алмайды. Жеке басы туралы мәлiметтер куәландырушының сөзiнен жазылады.

3. Уәкiлетті лауазымды адам жүргiзетiн мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбi

      9. Жүргiзушiлердің, кеме жүргiзушiлерiнiң мас күйiн анықтауға Қазақстан Республикасында қолдануға белгiленген тәртiппен рұқсат етiлген арнайы приборлар мен құралдарды қолдану арқылы куәландыру оларды қолдану жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      Арнайы приборлар мен құралдарды қолдану алдында олардың жарамдылығы, метрологиялық тексеру күнi тексерiледi.

      10. Арнайы приборлар мен құралдарды қолдану арқылы жүргiзушiнi, кеме жүргiзушiсiн куәландыру әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру кезiнде қатысатын екi куәгердiң қатысуымен уәкiлеттi лауазымды адам толтыратын акт 2-қосымшаға сәйкес ресiмделедi.

      Куәландырылатын жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi және куәгерлер куәландыруды жүргiзудiң және арнайы приборлар мен құралдарды пайдаланудың белгiленген тәртiбiмен таныстырылады.

      11. Куәгерлер болмаған кезде (елдi мекендерден қашықтығы, түнгi уақыт немесе басқа да жағдайлар) жүргізушiнi, кеме жүргiзушiсiн куәландыруды олардың келiсiмiмен жүргiзуге жол берiледi. Мұндай куәландырудың нәтижелерi куәландырылушының келiсiмi туралы белгiсi бар куәландыру актісiнде жазылады.

      12. Жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi әкiмшілiк құқық бұзушылық жасалған жерде куәгерлердiң қатысуынсыз куәландыру жүргізуге немесе куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда олар медициналық мекемеге медициналық куәландыруға жiберiледi.

      13. Жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада, мас күйiн куәландыру актiсiнде немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса берiлетiн жекелеген түсiнiктемеде мас күйiн куәландырудан өтуден өзiнiң бас тарту уәждерiн жазады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.10. N 826 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      14. Жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi мас күйiн куәландырудан жалтарған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде толтырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада және мас күйiн куәландыру актiсiнде бұл туралы белгi жасалады.

  Мас болуын куәландыруға жiберудiң,
мас болуын куәландырудың және оның
нәтижелерiн ресiмдеудiң ережесiне
1-қосымша

      Maс күйін анықтау үшiн медициналық куәландыруға

      ЖОЛДАМА

      20__ жылғы "____"_________ ____ сағат___ минут____________________

      (хаттаманың толтырылған жерi)

      __________________________________________________________________

      (хаттаманы толтырған лауазымды адамның лауазымы, атағы, аты-жөнi)

      Азамат (азаматша) ________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесiнiң аты)

      мас күйiн медициналық куәландыру үшiн жiбердiм

      Азаматтығы ____________ Туған жылы мен жерi ______________________

      Жұмыс iстейтiн, тұрғылықты жерi __________________________________

      __________________________________________________________________

      Жеке басы анықталған құжат _______________________________________

      (паспорт, жеке куәлiгi, жүргiзушi куәлiгi)

      __________________________________________________________________

      (құжаттың сериясы, нөмiрi, күнi, берiлген орны)

      Көлiк құралы туралы мәлiметтер ___________________________________

      (көлiк құралының, шағын көлемдi

      __________________________________________________________________

      кеменiң үлгiсi, маркасы, моделi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi,

      __________________________________________________________________

      өзге де сәйкестендiру белгiлерi)

      Медициналық куәландыру үшiн жолдаманың негiздемесi _______________

      __________________________________________________________________

      Куәландырудың мақсаты ____________________________________________

      Лауазымды адамның қолы: __________________________________________

      ______________________

      (куәландырылушы)

  Мас болуын куәландыруға жiберудiң,
мас болуын куәландырудың және оның
нәтижелерiн ресiмдеудiң ережесiне
2-қосымша

      Мас күйiн анықтау үшiн куәландырудың

      N ______ АКTIСI

      (арнайы приборлар мен құралдарды пайдалану арқылы)

      __________________________________________________________________

      (куәландыру күнi, уақыты және орны)

      Мен, _____________________________________________________________

      (уәкiлетті лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты, жүргiзушi куәлігi, жеке куәлiгi,

      __________________________________________________________________

      сериясы, нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, көлiк құралының

      __________________________________________________________________

      маркасы, нөмiрлiк белгiсi)

      __________________________________________________________________

      (куәландыру қажеттігiн тудыратын жағдайлар: алкоголь иiсi,

      __________________________________________________________________

      ағзаның дене және психикалық функциясының бұзылуы)

      _______________________________________________________байланысты

      __________________________________________________________________

      (арнайы прибордың немесе құралдың атауы, нөмiрi, метрологиялық

      __________________________________________________________________

      тексеру нөмiрi, күнi, прибордың немесе құралдың көрсеткiшi)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ________________________________________________________ пайдалану

      арқылы куәландыруды жүргiздiм.

      __________________________________________________________________

      Куәландыру құқықтарымен, мiндеттерiмен және тәртiбiмен танысты:

      __________________ _______________

      (куәландырылушы) (куәгер)

      _______________

      (куәгер)

      (артқы бетi)

      КУӘЛАНДЫРУ НӘТИЖЕСI

      __________________________________________________________________

      (сынамасы - оң, терiс)

      Адамның (жүргiзушiнiң) түсiнiктемесi _____________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Куәландыру нәтижесiмен ___________________________________________

      (келiсемiн, келiспеймiн)

      ____________________________________

      (қолы)

      Куәгерлер*:

      1. _______________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке куәлігінiң, жүргiзушi куәлiгiнiң

      __________________________________________________________________

      сериясы, нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы)

      __________________________________________________________________

      (куәландыру фактiсi бойынша қысқаша түсiнiктеме)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________

      (қолы)

      2. _______________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке куәлiгiнiң, жүргiзушi куәлігінiң

      __________________________________________________________________

      сериясы, нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы)

      __________________________________________________________________

      (куәландыру фактiсi бойынша қысқаша түсiнiктеме)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________

      (қолы)

      Хаттаманы толтырған лауазымды адамның қолы _______________________

      __________________________________________________________________

      *Куәлардың немесе куәгерлердiң болмау себептерi көрсетiледi.

Об утверждении Правил направления для освидетельствования на состояние опьянения, освидетельствования на состояние опьянения и оформления его результатов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2003 года N 528.

      В соответствии со статьей 629 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила направления для освидетельствования на состояние опьянения, освидетельствования на состояние опьянения и оформления его результатов.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 4 июня 2003 года N 528

Правила
направления для освидетельствования на состояние опьянения,
освидетельствования на состояние опьянения и
оформления его результатов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила направления для освидетельствования на состояние опьянения, освидетельствования на состояние опьянения и оформления его результатов (далее - Правила) определяют порядок направления для освидетельствования на состояние алкогольного, наркотического, токсикоманического опьянения (далее - опьянение), освидетельствования на состояние опьянения водителей транспортных средств, судоводителей маломерных судов (далее - водитель, судоводитель), а также оформления его результатов.

      2. Направление для освидетельствования на состояние опьянения, освидетельствование на состояние опьянения водителей, судоводителей в соответствии со статьями 618 и 629 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" (далее - Кодекс) производятся в качестве меры обеспечения производства по делу об административном правонарушении уполномоченными должностными лицами, когда состояние опьянения является составом правонарушения, предусмотренного Кодексом .

      3. Освидетельствование на состояние опьянения водителей, судоводителей, отстраняемых от управления транспортными средствами, может производиться должностными лицами, уполномоченными на это законодательством Республики Казахстан, непосредственно на месте совершения административного правонарушения и/или в медицинских организациях с применением специальных приборов и средств, устанавливающих наличие опьянения.

      4. Нарушение водителями, судоводителями установленных требований нормативных правовых актов, регулирующих порядок движения транспортных средств, маломерных судов, и действия которых пресечены должностными лицами при осуществлении надзора за безопасностью движения, если при этом ими выявлены у водителей, судоводителей признаки опьянения, а также заявления, сообщения об употреблении водителями, судоводителями алкоголя или психоактивных веществ, их признание в употреблении алкоголя или психоактивных веществ являются достаточными основаниями направления водителей, судоводителей для освидетельствования на состояние опьянения, освидетельствования на состояние опьянения.

2. Порядок направления для медицинского
освидетельствования на состояние опьянения

      5. Медицинское освидетельствование на состояние опьянения водителя, судоводителя (далее - медицинское освидетельствование) производится по письменным направлениям уполномоченных должностных лиц согласно приложению 1.

      6. В направлении для медицинского освидетельствования указываются дата, время, место, основания отстранения от управления, направления для освидетельствования, должность, фамилия и инициалы лица, составившего протокол, сведения о типе, марке, модели, государственном регистрационном номере, иных идентификационных признаках транспортного средства, маломерного судна, личности водителя, судоводителя, которые отстранены от управления, направлены для освидетельствования. Направление подписывается должностным лицом его составившим, а также водителем, судоводителем, направленными для освидетельствования.

      7. К направлению для медицинского освидетельствования прилагается акт освидетельствования, проведенного должностным лицом, в случаях несогласия водителя, судоводителя с результатами освидетельствования, проведенного на месте совершения административного правонарушения.

      8. Отсутствие документов, удостоверяющих личность водителя, судоводителя, направленных для освидетельствования, не может служить основанием медицинской организации для отказа в освидетельствовании. Сведения о личности записываются со слов освидетельствуемого.

3. Порядок освидетельствования на состояние опьянения,
производимого уполномоченным должностным лицом, и
оформления его результатов

      9. Освидетельствование водителей, судоводителей на установление состояния опьянения с применением специальных приборов и средств, допущенных в установленном порядке к применению в Республике Казахстан, осуществляется в соответствии с инструкцией по их применению.

      Перед применением специальных приборов и средств проверяются их пригодность, дата метрологической проверки.

      10. Освидетельствование водителя, судоводителя с применением специальных приборов и средств оформляется актом согласно приложению 2, составляемым уполномоченным должностным лицом в присутствии двух понятых, участвующих при составлении протокола об административном правонарушении.

      Освидетельствуемый водитель, судоводитель и понятые ознакомливаются с установленным порядком проведения освидетельствования и использования специальных приборов и средств.

      11. При отсутствии понятых (отдаленность от населенных пунктов, ночное время и другие случаи) допускается проведение освидетельствования водителя, судоводителя с их согласия. Результаты такого освидетельствования фиксируются в акте освидетельствования с отметкой о согласии освидетельствованного.

      12. В случае несогласия водителя, судоводителя на проведение освидетельствования без присутствия понятых на месте совершения административного правонарушения или с результатами освидетельствования, они направляются на медицинское освидетельствование в медицинское учреждение.

      13. Водитель, судоводитель излагает мотивы своего отказа от прохождения освидетельствования на состояние опьянения в протоколе об административном правонарушении, акте освидетельствования на состояние опьянения или в отдельном объяснении, которые прилагаются к протоколу об административном правонарушении. <*>

      Сноска. В пункт 13 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 10 августа 2005 года N 826 (порядок введения в действие см. п.2 пост. N 826 ).

      14. При уклонении водителя, судоводителя от освидетельствования на состояние опьянения в протоколе об административном правонарушении, акте освидетельствования на состояние опьянения, составленных на месте совершения административного правонарушения, делается отметка об этом.

  Приложение 1
к Правилам направления
для освидетельствования
на состояние опьянения,
освидетельствования
на состояние опьянения
и оформления его результатов

      Направление

      на медицинское освидетельствование

      для установления состояния опьянения

      "__"______20__г.__часов _минут ______________________________

      (место составления протокола)

      ___________________________________________________________________

      (должность, звание, Ф.И.О. должностного лица, составившего

      ___________________________________________________________________

      протокол)

      Направил для медицинского освидетельствования на состояние

      опьянения гражданина(ку) __________________________________________

      (фамилия, имя, отчество)

      Гражданство___________ Год и место рождения__________________

      Место работы, жительства_____________________________________

      ___________________________________________________________________

      Документ, по которому установлена личность __________________

      ___________________________________________________________________

      (паспорт, удостоверение личности, водительское удостоверение)

      ___________________________________________________________________

      (серия, номер, дата, место выдачи документа)

      Сведения о транспортном средстве ____________________________

      (тип, марка, модель,

      ___________________________________________________________________

      государственный регистрационный номер, иные идентификационные

      признаки транспортного средства, маломерного судна)

      Основания направления для медицинского освидетельствования___

      ___________________________________________________________________

      Цель освидетельствования _____________________________

      Подпись должностного лица: ___________________________

      _______________________

      (освидетельствуемый)

  Приложение 2
к Правилам направления
для освидетельствования
на состояние опьянения,
освидетельствования
на состояние опьянения
и оформления его результатов

      Акт N____

      освидетельствования для установления состояния опьянения

      (с использованием специальных приборов и средств)

      ___________________________________________________________________

      (дата, время и место освидетельствования)

      Я,

      ___________________________________________________________________

      (должность, звание, фамилия, имя, отчество уполномоченного

      ___________________________________________________________________

      должностного лица)

      ___________________________________________________________________

      провел освидетельствование ________________________________________

      (фамилия, имя, отчество, водительское

      ___________________________________________________________________

      удостоверение, удостоверение личности, серия, номер, адрес места

      ___________________________________________________________________

      жительства, марка транспортного средства, номерной знак)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      с использованием __________________________________________________

      (наименование специального прибора или средства,

      ___________________________________________________________________

      номер, дата метрологической проверки, показания прибора или

      ___________________________________________________________________

      средства)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      в связи с тем, что ________________________________________________

      (обстоятельства, вызывающие необходимость

      ___________________________________________________________________

      освидетельствования: запах алкоголя, нарушение физических и

      ___________________________________________________________________

      психических функций организма)

      С правами, обязанностями и порядком освидетельствования ознакомлены:

      ________________________ ______________________

      (освидетельствуемый) (понятой)

      ______________________

      (понятой)

      (обратная сторона)

      Результат освидетельствования

      ___________________________________________________________________

      (проба положительная, отрицательная)

      Объяснение лица (водителя) ________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      С результатом освидетельствования _________________________________

      (согласен, не согласен)

      _________________________________

      (подпись)

      Понятые*:

      1. ________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество, серия, номер удостоверения личности,

      ___________________________________________________________________

      водительского удостоверения, адрес места жительства)

      ___________________________________________________________________

      (краткое объяснение по факту освидетельствования)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ______________

      (подпись)

      2. ________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество, серия, номер удостоверения личности,

      ___________________________________________________________________

      водительского удостоверения, адрес места жительства)

      ___________________________________________________________________

      (краткое объяснение по факту освидетельствования)

      ______________

      (подпись)

      Подпись должностного лица, составившего протокол ____________

      ___________________________________________________________________

      *Указываются причины отсутствия свидетелей или понятых