Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 1598 және 2003 жылғы 4 маусымдағы N 529 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 10 тамыздағы N 826 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.08.2022 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Mac күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 маусымдағы N 528 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 25, 233-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiнде:

      13-тармақтағы "жазуға құқылы" деген сөздер "жазады" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.08.2022 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрiнiң


мiндетiн атқарушы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады