Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1993 жылғы 12 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Теңiз сауда кеме қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам
Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Теңiз сауда кеме
қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы
Тегеран қаласында 1993 жылғы 12 мамырда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Теңiз сауда кеме қатынасы туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Бисмилляһ ир-Раһман ир-Раһим
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам
Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Теңiз сауда
кеме қатынасы туралы
Келiсiм
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Иран Ислам Республикасы Үкiметi бұдан былай "Жақтар" деп аталады,
екi елдiң арасындағы теңiздiк сауда кемелес қатынасының үйлесiмдi дамуын қамтамасыз етудi қалай отырып,
сауда және кеме қатынасы салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатымен халықаралық саудалық теңізде емiн-еркiн жүзу принциптерiн сақтай отырып,
осы келiсiмдi жасауды ұйғарды және төмендегiлер туралы мынадай уағдаластықтарға келдi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін:
1. а) Әскери корабльдердi;
б) қарулы күштер құрамында қызмет ететiн кемелердi;
в) зерттеу (гидрографикалық, мұхитграфикалық, ғылыми) жүргiзетiн кемелердi;
г) балық аулайтын кемелердi;
д) саудалық емес қызметтердi атқаратын (яхталар, госпитальдық корабльдер т.б.) кемелердi қоспағанда,
бiр "Жақтың кемесi" деген термин - сол жақтың ішкі заңдарына сәйкес кемелер Регистрiне енгiзiлген сауда кемесiн бiлдiредi;
2. "Команда мүшесi" терминi - қайсы-бiр Жақтың кемесi болмасын, сол кеменi басқаруға, оған техникалық қызмет көрсетiп, жұмыс атқаруына байланысты команданың тізiмiне енгiзiлген кеме үстiндегi әpбip адамды бiлдiредi.
3. "Жақтардың теңіздiк құзырлы билiк орындары" терминi:
- Иран Ислам Республикасында - Жол және көлік министрлiгiн білдiредi;
- Қазақстан Республикасында - Көлiк министрлiгiн бiлдіреді.
2-бап
Бұл Келiсiмнiң ықпалы Қазақстан Республикасының территориясы мен Иран Ислам Республикасының территориясына жайылады.
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы теңiздiк сауда кеме қатынастары саласындағы ынтымақтастық өзара құқылық ұлттық егемендiктi құрметтеу мен екiжақтық тиiмдiлiк негiздерiнде орнығатын болады.
3-бап
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы теңiздiк сауда кеме қатынастары саласындағы ынтымақтастықты өзара құқылық ұлттық егемендiкті құрметтеу мен екіжақтық тиiмдiлiк негіздерiнде орнығатын болады.
4-бап
Осы Келiсiмге сәйкес, Жақтар өздерiнiң теңiздік көлiктерiнiң қызметтерiне жауапты ұйымдар мен билiк орындары арасында үйлесiмдi байланыстар орнықтыруға мүмкiндiгінше барлық көмектерiн көрсетуге мiндеттi болады.
5-бап
1. Жақтар екі ел аралық сауда кеме қатынастары саласындағы ынтымақтастықты дамытуда мүмкіндiгiнше барлық қолғабысын беретiн болады және осы мақсатпен мынадай келiсiмдерге келді:
а) Қазақстан мен Иран кемелерiнің eкi елдiң порттары арасында жүк тасымалдарын жасауға қатысуын қолдап, осы тасымалдардың дамуын қиындататын қайсы-бiр кедергiлердi жоюда бiрлесiп қызмет етуге;
б) Жақтардың бірінің туы астында жүрiп, екiншi Жақтың порттары мен үшіншi елдiң порттары арасындағы жүктердi тасымалдауға қатысушы кемелерге кедергі жасамауға.
2. Осы баптың 1-тармағындағы қағидалар үшіншi мемлекет туы астында жүзіп жүріп, екі Жақтың порттары мен сол үшінші елдің порттары арасындағы теңiздік тасымалдауларға қатысушы кемелерге тарамайды.
6-бап
1. Әрбiр Жақ халықаралық теңіз тасымалдауларында қабылданған теңдес құқыларды өздерiнің ұлттық кемелеріне берілетіндей дәрежеде барлық кемелерге мына жағдайларға қатысты бередi:
а) өздерiнiң территориялық iшкi сулары мен порттарына емiн-еркін кiруiне қатысты;
б) кемелердiң, порттарда порттың құрал-жабдықтарын пайдаланып жүк тиеу және оны түсiру жұмыстарын жүргiзу үшiн тоқтап тұруына қатысты;
в) жолаушыларды отырғызу мен түсiруге қатысты;
г) теңiздегi саудалық кеме қатынасына, сондай-ақ саудалық операцияларға байланысты қызмет кешенiнiң арқылы түрлерiн алуға қатысты.
2. Осы баптың 1-тармағындағы қағидалар мына жәйттерге қатысты қолданылмайды:
а) Әрбiр Жақтың iшкi заңдарына сәйкес, олардың өз иелiгіндегi кәсiпорындар мен ұйымдары үшiн жеке айтылған қызметтердің жасалуына қатысты;
б) Жақтардың әрқайсысының территориясына шетелдiктердiң кiру және аялдама жасау ережелерiне қатысты;
в) кемелердiң мiндеттi түрде лоцмандық жетекшiлiкпен жүргізiлуiн реттейтiн ережелерге қатысты;
г) шетел кемелерi үшiн жабық деп саналатын порттарға қатысты.
7-бап
Жақтар өздерiнiң заң құрылымдары мен порттық ережелерiнiң шеңберiнде теңiз тасымалдарына қызмет көрсету және оларды қолдау үшiн барлық қажеттi шараларды қолдана отырып, әрбiр Жақтың туы астында жүзiп жүрген корабльдердiң кедендiк және карантиндiк формальдылықтардан өтуiн тездетуге жәрдемдесе отырып, олардың өз порттарында қажеттіліксiз кiдiрiп қалуына жол бермеугe тырысады.
8-бап
1. Халықаралық конвенциялардың талаптарына сәйкес, бір Жақтың құзырлы органдары тарапынан берiлген немесе күшiнде деп танылған кеме сертификаттары да, ұлттық сертификаттары да, сондай-ақ басқадай кеме қауiпсiздiгi мен сыйымдылығы жөнiндегі құжаттар екiншi Жақтың тиiстi органдарымен де танылатын болады.
2. Әр Жақтың осы баптың 1-тармағына да сәйкес, халықаралық конвенциялардың талаптарына да сәйкес күшінде деп танылған ұлттық сертификаттары бар кемелерi екiншi Жақтың порттарында жасалатын келесі тексерiстерден босатылатын болады.
9-бап
Жақтар өздерiнiң құзырлы органдары тарапынан берiлген және күшiнде деп танылған команда мүшелерiнiң жеке-бастық куәландiру құжаттарын танып отырады: моряктардың паспортын.
10-бап
Жақтар теңiздiк кеме қатынасы бойынша сертификаттарға қатысты 108-шi Женева Конвенциясының ереже-қағидаларын қолданатын болады.
11-бап
Әрбiр Жақ екiнші Жақтың команда мүшесiне, өзiнiң iшкі заңдары мен ережелерiне сәйкес, қажеттi медициналық көмек көрсетуге мiндетті болады.
12-бап
1. Егер бiр Жақтың кемесi қайырға тұрып қалғандай, жағаға шығып қалғандай, немесе екiнші Жақтың жағалауларында апатқа ұшырағандай болса, онда бұл кемеге және оның жүгiне осы елдiң ұлттық кемелерi тарапынан көмек және құтқару шаралары көрсетiлетiн болады.
Апатқа ұшыраған кеменiң капитанына, командасы мен бортындағы жолаушыларға әр елдiң территориялық суларында апатқа душар болған азаматтарға көрсетiлетiндей көмек, жәрдем және құтқару әрекеттерi көрсетiлiп, солардың өздерi арасында қабылданған келiсiмдерге сәйкес, екiншi Жақтың шығындарының орны толықтырылатын болады.
Бұл баптың қағидалары зақым алып, бұзылған кемемен жасалынған контрактық - шартқа сәйкес көрсетілетін жәрдем мен себесiн-көмекке, сондай-ақ кеменiң бортындағы жүк пен мүлiкке тигiзiлген зиянға байланысты қарсы талап қою жолында кедергi жасамайды.
2. Бұзылып, зақым алған кемеге де, оның мүлкі мен бортындағы жүкке де, тіпті олардың қайсы-бip бөлігіне де импорттық товарлар үшiн қолданылатын кедендiк баж салықтары мен басқадай салықтар салынбайды, егер ол мүлiктер мен жүктер апат орын алған Жақтың территориясында пайдалануға арналған болмаса.
3. Осы баптың 2-тармағындағы қағидалар Жақтардың территориясындағы пәрмендi заңдар мен ережелердiң уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты қолданылуын жоя алмайды.
13-бап
1. Бiр Жақтың құзырлы билiк орындары теңiздегі немесе порттардағы кеме иелерiнiң, капитанның, оның көмекшiлерi мен басқа команда мүшелерінің арасындағы, өздерiнiң еңбекақыларына, жекеменшiк заттарына, тiптi, жалпы алғанда, екiншi Жақтың туы астында жүзiп жүрген кеме бортындағы тiрлiк-тынысқа қатысты дау-дамаларға араласпайтын болады.
2. Бiр Жақтың құзырлы билiк орындары екiншi Жақтың кемесiнiң бортында жасалған қылмысты iстердi талқыламайды, оларға тек мынадай жағдайларда ғана араласады:
а) кеме екiншi Жақтың туының астында жүрсе, онда сол елдiң дипломатиялық миссиясының немесе елшiлiк өкiлдерiнiң сұранымы болған жағдайда;
б) портында кеме тұрған Жақтың заңдарында ондай қылмыс айыпталып, 5 жылдан артық мерзiмге түрмеге жабу жазасы қарастырылған жағдайда;
в) болған қылмыс немесе оның зардабы жағадағы және порттағы қоғамдық тәртiптi бұзған немесе қоғам қауiпсiздiгiне қатер төндiрген жағдайда;
г) команда құрамына кiрмейтiн адамдар, болмаса кеме қабылдаушы Жақтың адамдары екiншi Жақтың кемесiнiң бортында қылмыс жасаған жағдайда;
д) есiрткiлiк, психотроптық және радиоактивтiк заттардың заңсыз сауда-саттығына жол бермеу қажеттiгi туған жағдайда.
3. Азаматтардың қауiпсіздiгін қадағалауға, кедендiк бақылау жүргізуге, теңiздiк ортаны сақтауға, кемелердiң, порттардың, жүктер мен адамдар өмiрiнiң қауіпсіздігiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ екі Жақтың да территориясына шетелдiктердiң кіру ережелерiн сақтауға байланысты қолданылатын жергiлiктi заңдар мен ережелердi орындап отыруға қатысты мәселелер бойынша бұл баптың қағидалары Жақтардың құзырлы билiк орындарының құқықтарын бұзбайтын болуы тиiстi.
14-бап
1. Жақтар осы Келiсiмдегi қағидаларын орындалуын қамтамасыз ету және оны жақсарту мәселелерi бойынша екi жақты келiссөздер өткiзiп, мүмкiн жағдайда бұл Келiсiмге ұсыныстар мен өзгертулер енгiзiп, мезгiл-мезгiл тығыз ынтымақтастық рухта бiр-бірiмен кеңесiп отыратын болады.
2. Екі елдің теңіздік құзырлы билік орындары арасында осы баптың 1 тармағына сәйкес өткiзiлетiн кеңестер дипломатиялық арналар бойынша Жақтардан ұсыныс түскен күннен кейiнгi 60 күн iшiнде басталатын болады.
15-бап
1. Бұл Келiсiм екi Жақтың құзырлы органдарымен бекiтiлуi тиiстi, сөйтiп бекiту грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшiне енеді.
2. Бұл Келiсiм нақтылы айқындалмаған мерзiмге жасалды, сонымен бiрге Жақтардың бірі екiншi Жаққа Келісім күшiн тоқтату туралы өз пiкiрін жазбаша хабарлаған күннен бастап тағы да 6 ай бойы күшінде қалады.
Келiсiм Тегеран қаласында 1993 жылдың 12 мамырдағы күнi үш дана болып қазақ, фарсы және ағылшын тiлдерiнде жасалды, сонымен бiрге үш дананың да күштерi теңдес деп саналады.
Қазақстан Республикасы Иран Ислам Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін