"Шағын кәсіпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.26. N 514 қаулысымен.

       Ескерту. Атауындағы және мәтiнiндегi "жабық" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.05.21. N 570   қаулысымен

      "Қазақстан Pecпубликасы Президентiнің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 29 тамыздағы N 936  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665  қаулысына (Қазақстан Pecпубликасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 17, 152-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      2-тармақтың екiншi абзацындағы "екiншi деңгейдегi банктер арқылы конкурс негізінде" деген сөздер "дербес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қорға шағын кәсiпкерлік жобалары бойынша кредиттер беру үшiн Қор қаражатын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде конкурстық негiзде шартпен орналастыру (яғни, "Шағын кәсiпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының Кредит саясаты туралы меморандумында келiсiлген шарттармен орналастыру) құқығы берілсін.".

      2. Қоса берiліп отырған "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" 
акционерлiк қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандум бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғысына тиiстi өзгерістерді бекітсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2003 жылғы 11 маусымдағы  
N 571 қаулысымен     
бекiтiлген     

"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумы 

       Ескерту. Атауындағы және мәтiнiндегi "жабық" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.05.21. N 570   қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Меморандум "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"  акционерлiк қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясатының негiзгi қағидаттары мен басымдықтарын анықтайды, шағын кәсiпкерлік субъектiлерiне (бұдан әрi - ШКС) қаржы қызметiн ұсыну туралы шешiмдер қабылдау, кредиттiк ресурстарды басқару мен олардың пайдаланылуын бақылау процестерiн қоса алғанда, кредиттiк мәмiлелерді жүргiзу жөніндегi рәсімдер тiзбесi мен нұсқамалардан, тұрады, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің негiзiне жататын стандарттар мен параметрлердi белгiлейдi.

      2. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" ЖАҚ-тың Кредит саясаты туралы меморандумы (бұдан әрi - Меморандум) үш жылға бекiтiледi және "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" АҚ-тың (бұдан әрi - Қор) барлық бөлiмшелерiнің орындауы үшiн қабылданады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.21. N 570   қаулысымен .

      3. Meмopaндум тұжырымдамалық әрi нұсқамалық сипатта және Қордың кредит саясатын анықтау үшiн негiз болып табылады.

      4. Мөлшерi 35 000 AEK-кe тең соманы құрайтын немесе одан асатын операциялар жөнiндегi шешiмдi Қордың Директорлар кеңесi қабылдайды. Көрсетiлген жобалар Қор Басқармасы немесе қор Басқармасымен келiсiм бойынша кредит саясатын жүзеге асыруға уәкiлеттендiрiлген Қордың өзге де органдары оны мақұлдағаннан кейiн Қордың Директорлар кеңесiнің қарауына ұсынылады. <*>
      Мөлшерi 35 000 АЕК-ке тең сомадан аспайтын операциялар жөніндегi шешiмдi Қор Басқармасы қабылдайды.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.21. N 570   қаулысымен .

  2. Шағын кәсіпкерлiк субъектілерiне өздігінен немесе екiнші деңгейдегi банктер арқылы кредит беру

      5. ШКС-тің экономикалық тиiмдi жобаларын қаржыландыру кiрiстiктi қамтамасыз ету және тәуекелдердi оңтайландыpу Қордың кредит саясатының негiзгi қағидаттары болып табылады.

      6. Қаржыландыру мынадай басымдықтарға сәйкес жүзеге асырылады:
      1) ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерiн өндiру мен қайта өңдеу және соған байланысты қызметтер көрсету;
      2) сусындар мен темекiнi қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн өндiру;
      3) тоқыма және тiгін өнеркәсiбi;
      4) былғары өндiру, былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ-киiм өндіру;
      5) ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндiру;
      6) баспа iсi;
      7) химиялық өнеркәсiбi;
      8) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiру;
      9) машиналар мен жабдықтар өндiру;
      10) электр жабдықтарын, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру;
      11) құрылыс;
      12) электр энергиясын, газды және суды өндiру мен бөлу;
      13) көлiк және байланыс;
      14) бiлiм беру;
      15) денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызметтер көрсету.
      16) қоғамдық тамақтандыру. <*>
      17) сапа менеджментінің жүйелерін және қоршаған ортаны қорғау жүйесін енгізу. <*>
       Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.21. N  570 , 2004.12.21. N  1342 қаулыларымен.

      7. Кредит беру мөлшерi осы Меморандумда белгiленген лимиттер шегiнде белгiленедi және оны Директорлар кеңесi салалық белгiсi бойынша саралануы мүмкiн.

      8. Инвестициялық жобаларға кредит беру үшiн мынадай көздер пайдаланылуы мүмкiн:
      1) Қордың меншiктi қаражаты;
      2) шетелдік, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының қарыз қаражаты;
      3) Қор қарыз алушы болып әрекет ететiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты.

      9. Шағын кәсiпкерлік шеңберiнде ұсынылатын кредиттер мерзiмдерi бойынша мынадай түрлерге жiктеледi:
      1) қысқа мерзiмдi кредиттер - беру уақыты 1 (бip) жылға дейiн, шағын бизнеске кредит беру, маусымдық кредиттер, жеке тұлғаларға бизнес мақсаттарға кредит беру;
      2) орта мерзiмдi кредиттер - беру уақыты 5 (бес) жылға дейiн, инвестициялық кредит беру;
      3) ұзақ мерзiмдi кредиттер - беру уақыты 5 (бес) жергілікті және одан көп, басымдықты жобаларға инвестициялық кредиттер.

      10. Кредит беру нысаны:
      1) тiкелей кредит беру;
      2) басқа да кредиттiк ұйымдармен бiрлесіп, қоса қаржыландыру шартымен;
      3) екiншi деңгейдегi банктер арқылы.

      11. Кредит беру және шектеу лимиттері:
      Жобаларға кредит беру лимиті - бiр қарыз алушының ең көп тәуекелi - қордың меншiктi капиталының 5 %.
      Бiр қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең көп мөлшерi бойынша лимит кредиттiк портфель құрылымы бойынша, салалық және өңiрлiк белгi бойынша:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің талаптарына;
      2) Қордың Директорлар кеңесi бекiтетiн кредит саясатының басымдықтарына сәйкес белгіленедi.
      Бұл шектеулер Қазақстан Республикасы Үкiметiнің бiр жолғы шешiмдерiне немесе Қор кредитор болып көзделген бекiтiлген мемлекеттiк және салалық бағдарламаларға сәйкес жобаларға кредит беру кезiнде қабылданбайды.

      12. Кредит беру теңгемен және шетелдiк валютамен жүргiзiледi. Кредит бойынша сыйақы ставкасын Директорлар кеңесi Қордың  шығыстарын жабуды және жарғылық капиталды сақтауды ескере отырып айқындайды. Сыйақы ставкасы қарыз шартында көрсетiлетiн тiркемелi болуға тиiс. <*>
       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.21. N 570   қаулысымен .

      13. Қор кредиттер беру кезінде кредит берiлетiн жоба бойынша барлық тәуекелдердi ескере отырып, оны толық жабу қағидатын ұстанады.
      Кредиттер өтiмдi активтер: бағалы қағаздармен, банктер кепiлдiктерiмен, инвестициялау объектілерiмен, жылжымалы және жылжымайтын мүліктермен және заңнамада көзделген басқа да құралдармен қамтамасыз етілуi тиiс.

      14. Қордың екiншi деңгейдегi банктерде Қор қаражатын конкурстық негiзде шартпен орналастыруға құқығы бар.
      Шартпен орналастыру - бұл түпкi қарыз алушыда кредиттi қайтаруды қамтамасыз ету үшін өтемдi активтер болмаған кезде екіншi деңгейдегi банктерде Қор қаражатын конкурстық негiзде немесе Қазақстан Республикасы Yкiметiнің жекелеген шешiмдерi негiзiнде орналастыру.

  3. Жобаларды агенттiк негізде қаржыландыру

      15. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кепiлдiгiмен шетелдiк, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының қарыз қаражатынан ШКС-тi қолдау мен дамыту үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердi агенттік негізде қаржыландыру:
      1) тiкелей Қор арқылы;
      2) екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктер арқылы жүргiзiледi.
      Жобаларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердің (кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк бағдарламалары шеңберiнде) мемлекеттiк қарыздары есебiнен қаржыландырудың шарты мен тәртiбi тиiстi мемлекеттiк органдардың қаулыларымен және шешімдерiмен және қол қойылған қарыздар туралы келiсiмдерге сәйкес регламенттеледі.

      16. Агенттiк қызметтердi Қор Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, жергiлiктi атқарушы органдарға және өзге де қаржы институттарына агенттiк келiсiм шарттарына сәйкес ақылы негiзде көрсетедi. Қордың агенттiк функцияларды тиесiлi орындауы жөнiндегi жауапкершiлiгi агенттiк келiсiммен реттеледі.
      Кредиттердi қайтару жөнiндегi агенттік функцияларды жүзеге асыру кезiнде Қордың комиссиялық сыйақысы агенттiк келiсiмдерде көзделедi.

      17. Қордың агенттiк келiсiмдерi негiзiнде қолданыстағы бағдарламалар шеңберiнде қаржыландырылатын жобалардың сараптамасы мынадай ережелердi сараптауды қамтиды:
      1) жобаның тиiмдiлiгi;
      2) түпкi қарыз алушының кредиттi қайтару қабілеттілігі мен төлем жасау қабілеттiлігі;
      3) салынған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету;
      4) қаржыландырудың нысандары мен шарттары;
      5) қаржыландырудың орындылығы.

      18. Қордың жобаны бағалау жөнiндегi (экономикалық, кепiлдi, заңды) оң қорытындысы жобаны қаржыландыру мүмкіндігін қараудың мiндеттi шарты болып табылады.

  4. Қаржылық қызметтер көрсету

      19. Қордың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиялары болған кезде шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiне өзге қаржылық қызметтер көрсетуді ұсынуға құқығы бар.

  5. Жобалар сараптамасы

      20. Қордың кредиттiк және өзге де тәуекелдердi кешендi сараптама жасамай, жобаларды қаржыландыруға құқығы жоқ. Сараптама екi кезеңмен жүргiзiледi.
      1-кезең - Қордың кредит саясатына сәйкестiгiн ескере отырып, қарыз алушы туралы және жоба туралы жалпы ақпараттың негiзінде бастапқы ipiктeу және қарыз алушының шағын кәсіпкерлiк субъектiсi мәртебесіне сәйкестiгiн тексеру. Қор дербес жүргiзедi.
      2-кезең:
      1) жобаны техникалық-технологиялық бағалауды, қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауды, жобаның ұйымдық дайындығын бағалауды, экологиялық және әлеуметтiк бағалауды және өзгелердi қамтитын жобаның экономикалық сараптамасын;
      2) кепілдiкпен қамтамасыз етудi бағалауды;
      3) жобаның заңды сараптамасын қамтитын кешендi сараптама.

      21. Қор жобаларға кешендi сараптама жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар мен консультанттарды тартуы мүмкiн.

      22. 35 000 АЕК-тен асатын соманың жобаларын қараған кезде кешендi сараптама комиссиясының құрамына уәкiлеттi мемлекеттік органның өкілдерi міндеттi түрде енгiзiледi.

  6. Кредиттердi және шартты мiндеттемелердi басқару

      23. Кредит портфелiн бақылауды және оның мониторингiн Қор кредиттердің пайдаланылуын және клиенттің кредиттi қайтару қабiлеттiлігін және кредит берудің барлық кезеңiнде жобаның iске асырылуын қадағалау процесiн қамтитын шартты мiндеттемелердi үздіксiз бақылау жолымен жүзеге асырады. Бақылау нәтижелерiнің негiзiнде Қор ай сайын несие портфелiн жiктеудi жүргiзедi.

      24. Провизиялар (резервтер) қалыптастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық кесiмдерiнің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қор кредиттiк қызмет шығындарын жабу үшiн провизияларды (резервтердi) жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер бойынша қалыптастырады. Жiктелетiн дебиторлық берешек осындай жiктеуге жатады.

      25. Қордың меншіктi капиталына қатысы бойынша қарыз қаражатын тарту 4:1 қатынасынан аспауы тиiс. Шектеу агенттiк негiзде қызмет көрсетiлетiн қаражатқа қолданылмайды.

       26. Акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша Қор меншiктi немесе Қазақстан Республикасы Yкiметінің кепілдігімен Қордың борыштық бағалы қағаздарының эмиссиясын жүзеге асыра алады.

Об утверждении Меморандума о кредитной политике акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства" на 2003-2005 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2003 года N 571. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 26 мая 2005 г. N 514.

      Сноска. В заголовке и тексте слово "закрытого" исключено - постановлением Правительства РК от 21 мая 2004 г. N 570 .

            В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 29 августа 2002 года N 936 "О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 6 марта 1997 года N 3398" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 1997 года N 665 "О создании Фонда развития малого предпринимательства" (САПП РК, 1997 г., N 17, ст. 152) следующие изменения:
      в абзаце втором пункта 2 слова "на конкурсной основе, через банки второго уровня" заменить словом "самостоятельно";
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Предоставить Фонду право обусловленного размещения (то есть размещение на условиях, оговоренных Меморандумом о кредитной политике акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства") на конкурсной основе средств Фонда в банках второго уровня Республики Казахстан для предоставления кредитов по проектам малого бизнеса.".

      2. Утвердить прилагаемый Меморандум о кредитной политике акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства" на 2003-2005 годы.

      3. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан утвердить соответствующие изменения в устав Фонда развития малого предпринимательства.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утвержден        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
11 июня 2003 года N 571 

Меморандум о кредитной политике
акционерного общества
"Фонд развития малого предпринимательства"
на 2003-2005 годы

1. Общие положения

      1. Настоящий Меморандум определяет основные принципы и приоритеты кредитной политики акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства" на 2003-2005 годы, содержит перечень процедур и установок по проведению кредитных сделок, включая процессы принятия решения о предоставлении финансовых услуг субъектам малого предпринимательства (далее - СМП), управления и контроля за использованием кредитных ресурсов, а также устанавливает стандарты и параметры, лежащие в основе принимаемых решений.

      2. Меморандум о кредитной политике АО "Фонд развития малого предпринимательства" (далее - Меморандум) утверждается на три года и принимается для исполнения всеми подразделениями АО "Фонд развития малого предпринимательства" (далее - Фонд). <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 мая 2004 г. N 570 .

      3. Меморандум носит концептуальный и установочный характер и служит основой для определения Фондом кредитной политики.

      4. Решения по операциям, размер которых составляет или превышает сумму, равную 35 000 МРП, принимаются Советом директоров Фонда. Указанные проекты выносятся на рассмотрение Совета директоров Фонда после их одобрения Правлением Фонда.
      Решения по операциям, размер которых не превышает сумму, равную 35 000 МРП, принимаются Правлением Фонда или иными органами Фонда, уполномоченными осуществлять кредитную политику по согласованию с Правлением Фонда. <*>
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 мая 2004 г. N 570 .

2. Кредитование субъектов малого предпринимательства
самостоятельно или через банки второго уровня

      5. Основными принципами кредитной политики Фонда являются финансирование экономически эффективных проектов СМП, обеспечение доходности и оптимизация рисков.

      6. Финансирование осуществляется в соответствии со следующими приоритетами:
      1) сельское хозяйство, охота и лесное хозяйство, производство и переработка сельскохозяйственной продукции и связанные с этим услуги;
      2) производство пищевых продуктов, включая напитки и табак;
      3) текстильная и швейная промышленность;
      4) производство кожи, изделий из кожи и производство обуви;
      5) обработка древесины и производство изделий из дерева;
      6) издательское дело;
      7) химическая промышленность;
      8) производство резиновых и пластмассовых изделий;
      9) производство машин и оборудования;
      10) производство электрооборудования, электронного и оптического оборудования;
      11) строительство;
      12) производство и распределение электроэнергии, газа и воды;
      13) транспорт и связь;
      14) образование;
      15) здравоохранение и предоставление социальных услуг;
      16) общественное питание;
      17) внедрение систем менеджмента качества и системы охраны окружающей среды. <*>
      Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 мая 2004 г. N 570 ; с дополнениями - от 21 декабря 2004 года N 1342 .

      7. Размеры кредитования устанавливаются в пределах лимитов, установленных настоящим Меморандумом и могут дифференцироваться Советом директоров по отраслевому признаку.

      8. Для кредитования инвестиционных проектов могут быть использованы следующие источники:
      1) собственные средства Фонда;
      2) заемные средства иностранных, международных и отечественных финансовых организаций;
      3) средства республиканского и местных бюджетов, по которым Фонд выступает заемщиком.

      9. По срокам предоставляемые кредиты в рамках малого предпринимательства классифицируются следующим образом:
      1) краткосрочные кредиты - срок выдачи до 1 (одного) года, кредитование малого бизнеса, сезонные кредиты, кредитование физических лиц на бизнес-цели;
      2) среднесрочные кредиты - срок выдачи до 5 (пяти) лет, инвестиционное кредитование;
      3) долгосрочные кредиты - срок выдачи от 5 (пяти) лет и выше, инвестиционные кредиты в приоритетные проекты.

      10. Форма кредитования:
      1) прямое кредитование;
      2) на условиях софинансирования совместно с другими кредитными организациями;
      3) через банки второго уровня.

      11. Лимиты кредитования и ограничения:
      Лимит финансирования проектов - максимальный риск на одного заемщика - 5% от собственного капитала Фонда.
      Лимит по максимальному размеру риска на одного заемщика, по структуре кредитного портфеля, по отраслевому и региональному признаку устанавливается в соответствии с:
      1) требованиями Национального Банка Республики Казахстан;
      2) с приоритетами кредитной политики, которая утверждается Советом директоров Фонда.
      Данные ограничения не принимаются при кредитовании проектов в соответствии с разовыми решениями Правительства Республики Казахстан или утвержденными государственными и отраслевыми программами, в которых Фонд предусмотрен кредитором.

      12. Кредитование производится в тенге и иностранной валюте. Ставка вознаграждения по кредиту определяется Советом директоров с учетом покрытия расходов Фонда и сохранения уставного капитала. Ставка вознаграждения должна быть фиксированной, что оговаривается в договоре займа. <*>
      Сноска. В пункт 12 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 мая 2004 г. N 570 .

      13. При предоставлении кредитов Фонд придерживается принципа полного его покрытия с учетом всех рисков по кредитуемому проекту.
      Кредиты должны быть обеспечены ликвидными активами: ценными бумагами, гарантиями банков, объектами инвестирования, движимым и недвижимым имуществом и другими средствами, предусмотренными законодательством.

      14. Фонд имеет право обусловленного размещения на конкурсной основе средств Фонда в банках второго уровня.
      Обусловленное размещение - это размещение на конкурсной основе средств Фонда в банках второго уровня при условии отсутствия у конечного заемщика ликвидных активов для обеспечения возврата кредита или на основании отдельных решений Правительства Республики Казахстан.

3. Финансирование проектов на агентской основе

      15. Финансирование на агентской основе из заемных средств иностранных, международных и отечественных финансовых организаций под гарантию Правительства Республики Казахстан, республиканского и местных бюджетов для поддержки и развития СМП производится:
      1) напрямую Фондом;
      2) через уполномоченные банки второго уровня.
      Условия и порядок финансирования проектов за счет государственных займов, республиканского и местных бюджетов (в рамках государственных программ поддержки предпринимательства) регламентируются постановлениями и решениями соответствующих государственных органов и в соответствии с подписанными соглашениями о займах.

      16. Агентские услуги Министерству финансов Республики Казахстан, местным исполнительным органам и прочим финансовым институтам оказываются Фондом на платной основе в соответствии с условиями агентского соглашения. Ответственность Фонда по надлежащему исполнению агентских функций регулируется агентским соглашением.
      При осуществлении агентских функций по возврату кредитов комиссионное вознаграждение Фонда предусматривается в агентских соглашениях.

      17. Экспертиза проектов, финансируемых в рамках действующих программ на основании агентских соглашений Фонда, включает экспертизу следующих положений:
      1) эффективности проекта;
      2) кредитоспособности и платежеспособности конечного заемщика;
      3) обеспеченности возврата вложенных средств;
      4) формы и условий финансирования;
      5) целесообразности финансирования.

      18. Положительное заключение Фонда по оценке проекта (экономическое, залоговое, юридическое) является обязательным условием рассмотрения возможности финансирования проекта.

4. Финансовые услуги

      19. Фонд имеет право при наличии лицензий Национального Банка Республики Казахстан предоставлять иные финансовые услуги субъектам малого предпринимательства.

5. Экспертиза проектов

      20. Фонд не имеет права финансировать проекты без комплексной экспертизы кредитных и иных рисков. Экспертиза проводится в два этапа.
      1 этап - первичный отбор на основе общей информации о заемщике и о проекте, исходя из соответствия кредитной политике Фонда и проверка заемщика на соответствие статусу субъекта малого предпринимательства. Проводится Фондом самостоятельно.
      2 этап - комплексная экспертиза, включающая:
      1) экономическую экспертизу проекта, включающую технико-технологическую оценку проекта, оценку финансового состояния заемщика, оценку организационной подготовки проекта, экологическую и социальную оценку и прочее;
      2) оценку залогового обеспечения;
      3) юридическую экспертизу проекта.

      21. Для проведения комплексной экспертизы проектов Фонд может привлекать независимых экспертов и консультантов.

      22. При рассмотрении проектов на сумму, превышающую 35 000 МРП в состав комплексной экспертной комиссии должны в обязательном порядке включаться представители уполномоченного государственного органа.

6. Управление кредитами и условными обязательствами

      23. Контроль и мониторинг кредитного портфеля осуществляется Фондом путем непрерывного контроля за использованием кредитов и условными обязательствами, который включает процесс наблюдения за кредитоспособностью клиента и за реализацией проекта на протяжении всего периода кредитования. На основании результатов контроля Фонд ежемесячно производит классификацию ссудного портфеля.

      24. Формирование провизии (резервов) осуществляется в соответствии с требованиями нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан. Для покрытия убытков от кредитной деятельности Фонд формирует провизии (резервы) по классифицированным активам и условным обязательствам. Такой же классификации подлежит классифицируемая дебиторская задолженность.

      25. Привлечение заемных средств по отношению к собственному капиталу Фонда не должно превышать соотношения 4:1. Ограничения не распространяются на средства, обслуживаемые на агентской основе.

      26. По решению Общего собрания акционеров Фонд может осуществлять эмиссию долговых ценных бумаг Фонда под собственные гарантии или под гарантию Правительства Республики Казахстан.