Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 26 сәуiр N 665

      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы мен экономикалық өсуiн ынталандыру, мемлекеттiң шағын кәсiпкерлiктi қолдауға бағытталған қаржы қаражаттарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398  Жарлығын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару жөнiндегi департаментi 1997 жылдың 1 маусымына дейiн жабық үлгiдегi акционерлiк қоғам нысанында банктiк емес қаржы мекемесi ретiндегi Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын (бұдан әрi - Қор) құрсын.

      2. Қордың негiзгi функциялары: 
      шағын кәсiпкерлiктi қаржылық қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу және оны жүзеге асыру; 
      заңды тұлға құрусыз дара кәсiпкерлiктi қоса есептегендегi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағытына, тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногының конъюнктурасына және жекелеген аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың ерекшелiктерiне сүйенiп, дербес мақсатты несиелендiру; <*>
      шағын кәсiпкерлiк және өзiн-өзi жұмыспен қамту саласында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу; 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң пайдасына олардың екiншi деңгейдегi банктерден несиелер алуы үшiн кепiлдiк беру; 
      шағын кәсiпкерлiктiң бизнес-орталықтары мен инкубаторларын, шағын кәсiпкерлiк саласындағы консультациялық, оқу-әдiстемелiк, лизингтiк және өзге де нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу болып табылады деп белгiленсiн. 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен несиелендіру бағдарламаларына қатысу. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1998.10.23. N  1077 , 2003.06.11. N  571  қаулыларымен

      2-1. <*>
       Ескерту. 2-1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.26. N  514  қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Ұлттық Банкпен (келiсiм бойынша) және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде несиелiк бағдарламаның 80,4 млн. АҚШ доллары сомасында "В" және "С" транштарын екiншi деңгейдегi банктердiң қатысуымен Қор арқылы шағын кәсiпкерлiктi орташа және ұзақ мерзiмдi несиелендiруге бағыттау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1993 жылғы 22 желтоқсандағы Европа Қайта жаңарту және Даму Банкiмен несиелiк келiсiмiнiң шарттарын қайта қарасын. 

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, белгiленген тәртiппен, банктiк емес қаржы мекемесi ретiнде Қорға оның Жарғыда айқындалған функцияларына сәйкес операциялар жүргiзуiне арналған лицензия беру ұсынылсын. 

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      жарғылық қорға 1997 жылға арналған республикалық бюджетте шағын және орташа бизнестiң инфрақұрылымдарын дамытуға көзделген 37 млн. теңге сомасында қаражат енгiзсiн; 
      жыл сайын 1998 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобаларын әзiрлеу кезiнде Қордың несиелiк ресурстарын толықтыруға қаражаттар көздесiн; 
      Қордың өз қызметiн тиiмдi жүзеге асыруына бағытталған өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.

      6. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жұмыс орындарын құруды және дара кәсiпкерлiктi дамытудың қолдаудың тәртiбi туралы бекiтiлген ережеге сәйкес "Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының 1997 жылға арналған бюджетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 ақпандағы N 209  қаулысына  сәйкес "жаңа жұмыс орындарын құруды және дара кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау" бабы бойынша, Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының Директорлар кеңесi белгiлеген аймақтардың тұрғысында өндiрiстiң басым түрлерiнiң жобаларын несиелендiруге Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан 1 224 636 мың теңге бөлсiн. 
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1997.05.27. N  886 , 1999.08.17. N  1175   қаулыларымен.

     7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi:
     Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының жарғылық қорына Алматы қаласындағы Гоголь көшесiндегi 111 ғимаратқа орналасқан бұрынғы Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң үйiн берсiн; 
     Қордың жарғысын бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілсін.
      Ескерту. 7-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің   1998.12.28. N 1346   қаулысымен .

     8. <*>
      Ескерту. 8-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкіметінің 1998.01.28. N 44 
қаулысымен .

         9. Қордың басқарма төрағасы лауазымы бойынша Директорлар кеңестiң мүшесi болып табылады.
      Ескерту. 9-тармақпен толықтырылды, 9-тармақ 10-тармақ болып 
саналды - ҚРҮ-нiң 1997.05.27. N 886 қаулысымен.
     Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.08.17. N   1175  қаулысымен .

         10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады