Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Өкімі Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 43-құжат, N 25, 258-құжат, N 40, 406-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Президентінің көрсетiлген өкiмiмен бекiтiлген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгiзілсін:
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы Премьер-Министрi, төраға
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары
Жандосов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ораз Әлиұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөнiндегi
агенттiгiнің төрағасы
Жұмабеков - Қазақстан Республикасының
Оңалсын Исламұлы Әділет министрі
мынадай жол:
"Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөнiндегi
агенттiгiнің төрағасы"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Қаржы министрі";
көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Тасмағамбетoв Иманғали Нұрғалиұлы, Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Мұхамеджанов Бауыржан Әлiмұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Ким Георгий Владимирович.
Қазақстан Республикасының
Президентi