"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентi өкiмінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 маусымдағы N 574 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Өкімі Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 43-құжат, N 25, 258-құжат, N 40, 406-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Президентінің көрсетiлген өкiмiмен бекiтiлген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгiзілсін:

Ахметов                          - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы                 Премьер-Министрi, төраға

Мыңбаев                          - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы                Министрінің орынбасары,
                                   төрағаның орынбасары

Жандосов                         - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ораз Әлиұлы                        монополияларды реттеу және
                                   бәсекелестікті қорғау жөнiндегi
                                   агенттiгiнің төрағасы

Жұмабеков                        - Қазақстан Республикасының
Оңалсын Исламұлы                   Әділет министрі

      мынадай жол:

"Досаев                          - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы                монополияларды реттеу және
                                   бәсекелестікті қорғау жөнiндегi
                                   агенттiгiнің төрағасы"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Досаев                          - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы                Қаржы министрі";

      көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Тасмағамбетoв Иманғали Нұрғалиұлы, Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Мұхамеджанов Бауыржан Әлiмұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Ким Георгий Владимирович.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады