Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 3831 өкімінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы
N 3831 өкімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қордың Қамқоршылар кеңесі туралы" 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 3831 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 3-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті