Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 653 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Жәнiбек Сәлiмұлы Кәрiбжановқа қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан көрсетiлген Келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы ноталар алмасу нысанындағы
келiсiм

      Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгi Қытай Халық Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өзiнiң зор iлтипатын бiлдiре отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы ноталармен алмасу нысанындағы Келiсiм жасасуды ұсынуды өзiне мәртебе санайды:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi (бұдан әрi "Тараптар" деп аталады), екi ел арасындағы достық қатынастарды дамытуға екi жақты ұмтылысты негiзге ала отырып, достық консультациялар нәтижесiнде Қытай Халық Республикасының Сянган арнайы әкiмшiлiк ауданында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын құру туралы келiсiмге қол жеткiздi және мыналар туралы уағдаласты:
      1. Қытай Халық Республикасының Yкiметi консулдық округi Сянган арнайы әкiмшiлiк ауданы мен Аомынь арнайы әкiмшiлiк ауданын қамтитын Қытай Халық Республикасының Сянган арнайы әкiмшiлiк ауданында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын құруға келiстi.
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығын құру туралы құқығын сақтауға келiстi. Бас консулдықтың консулдық округiнiң орны мен саласына байланысты мәселелер дипломатиялық арналар бойынша жеке шешiлетiн болады.
      3. Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына және өз мемлекеттерінің ішкі заңнамасына сүйенiп және тепе-теңдiк қағидатын негізге ала отырып, екi Тарап мемлекетiнiң Бас консулдықтарын құру мен консулдық функцияларды атқару үшiн қажеттi көмек көрсетуге және жағдай жасауға мiндеттенедi.
      4. Тараптар достық және өзара түсiнiстiк рухында, сондай-ақ 1963 жылғы 24 сәуiрдегi консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясын және халықаралық дәстүрлердi негiзге ала отырып, екi мемлекет арасындағы консулдық мәселелердi тиiстi түрде шешетiн болады".
      Егер Қытай Халық Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қытай Халық Республикасының Үкiметi атынан жоғарыда баяндалған мазмұнды таныса, онда осы нота мен Қытай Халық Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жауап нотасы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы жеке Келiсiмдi құрайды, ол Қытай Халық Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жауап нотасына қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
      Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгi осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, өзiнiң Қытай Халық Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне деген зор құрметiн тағы да куәландырады.

      Пекин қаласы, 2003 жылғы "__"___________

      Қытай Халық Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі

О подписании Соглашения в форме обмена нотами между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об учреждении Генерального консульства Республики Казахстан в городе Гонконге (Китайская Народная Республика)

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 653

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения в форме обмена нотами между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об учреждении Генерального консульства Республики Казахстан в городе Гонконге (Китайская Народная Республика).
      2. Уполномочить Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Китайской Народной Республике Карибжанова Жанибека Салимовича подписать от имени Правительства Республики Казахстан указанное Соглашение, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект

    Закон Республики Казахстан О подписании Соглашения в форме обмена нотами между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об учреждении Генерального консульства Республики Казахстан в городе Гонконге
(Китайская Народная Республика)

      Посольство Республики Казахстан в Китайской Народной Республике выражает свое уважение Министерству иностранных дел Китайской Народной Республики и от имени Правительства Республики Казахстан имеет честь предложить заключить Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики в форме обмена нотами следующего содержания:
      "Правительство Республики Казахстан и Правительство Китайской Народной Республики (далее именуемые "Сторонами"), исходя из обоюдного стремления развивать дружеские отношения между двумя странами, и в результате дружественных консультаций достигли согласия об учреждении Генерального консульства Республики Казахстан в Специальном административном районе Сянган Китайской Народной Республики и договорились:
      1. Правительство Китайской Народной Республики согласно с учреждением Генерального консульства Республики Казахстан в Специальном административном районе Сянган Китайской Народной Республики с консульским округом, включающим Специальный административный район Сянган и Специальный административный район Аомынь.
      2. Правительство Республики Казахстан согласно сохранить за Правительством Китайской Народной Республики право об учреждении Генерального консульства Китайской Народной Республики в Республике Казахстан. Вопросы, связанные с местом и сферой консульского округа Генерального консульства будут решаться отдельно по дипломатическим каналам.
      3. Стороны, основываясь на Венской конвенции о консульских сношениях и внутреннем законодательстве своих государств и исходя из принципа паритетности, обязуются оказывать необходимое содействие и создавать условия для учреждения и выполнения консульских функций Генеральными консульствами государств двух Сторон.
      4. Стороны в духе дружбы и взаимопонимания, а также основываясь на Венской конвенции о консульских сношениях от 24 апреля 1963 года и международных обычаях, будут надлежащим образом решать консульские вопросы между двумя государствами".
      Если Министерство иностранных дел Китайской Народной Республики от имени Правительства Китайской Народной Республики признает вышеизложенное содержание, то настоящая нота и ответная нота МИД Китайской Народной Республики составят отдельное Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики, которое вступит в силу со дня подписания ответной ноты МИД Китайской Народной Республики.
      Посольство Республики Казахстан в Китайской Народной Республике пользуется случаем, чтобы возобновить Министерству иностранных дел Китайской Народной Республики свои уверения в Высоком уважении.

      г. Пекин "__" ________2003 года

       Министерство иностранных дел
      Китайской Народной Республики