Әлемдiк және республикалық маңызы бар объектiлерге жатқызылған тарих пен мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және ұстау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі N 673 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1044 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы  N 1044  Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Әлемдiк және республикалық маңызы бар объектiлерге жатқызылған тарих пен мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және ұстау ережесi бекітілсiн.

      2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар өздерiнiң әлемдiк және республикалық маңызы бар объектілерге жатқызылған тарих пен мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және ұстау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерiн бекiтiлетiн Ережеге сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 8 шiлдедегi 
N 673 қаулысымен   
бекiтiлген     

Әлемдiк және республикалық маңызы бар
объектілерге жатқызылған тарих пен мәдениет
ескерткіштерiн, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының
объектiлерiн қорғау және ұстау ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Әлемдiк және республикалық маңызы бар объектiлерге жатқызылған тарих пен мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының актiлерiн қорғау және ұстау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  сәулет , қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы", " Тарихи-мәдени  мұраны қорғау және пайдалану туралы", " Ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар туралы" Заңдарына сәйкес әзiрленген.

      2. Ереже әлемдiк және республикалық маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және ұстау тәртiбiн анықтайды.

      3. Ереже әлемдiк және республикалық маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткiштерiне, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектілеріне қолданылады.

  2. Тарих пен мәдениет ескерткіштерiн қорғау және ұстау

      4. Тарих пен мәдениет ескерткiштерi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мiндеттi қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың ерекше құқықтық режимiне ие.

      5. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiн ұстау, қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметі, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасының мұрағаттарды басқару мемлекеттік органы жүзеге асырады.

      6. Тарих пен мәдениет ескерткiштерi мемлекеттiк меншiкте болады және жекешелендiруге жатпайды.

      7. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында күзетiлетiн аймақтар, құрылыс салуды реттеу аймақтары белгiленедi, олардың шегiнде тарих пен мәдениет ескерткіштерiнiң жай-күйіне керi ecep ететiн сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметiне тыйым салынады немесе шек қойылады.

      8. Күзетiлетiн аймақтардың, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк уәкілеттi органының келiсiмi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар анықтайды.
      Ескерткiштердi қорғау аймақтары елдi мекендердiң бас жоспарларына, егжей-тегжейлi жоспарлау және құрылыс салу жобаларына енгiзiледi.

      9. Әлемдiк және республикалық маңызы бар әрбiр жылжымайтын тарих пен мәдениет ескерткiшiне ескерткiш туралы негiзгi деректер және ескерткiштiң мемлекеттiң қорғауында екендiгi туралы нұсқаулар берiлген қорғау тақтасы орнатылады.

      10. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау және ұстау ережелерi бұзылған жағдайда жергіліктi билiк органдары тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мемлекеттiк органының ұсынуы бойынша ескерткiштерге қауiп төндiретiн құрылыс және басқа да жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ тыйым салу туралы мәселенi шешедi.

      11. Әлемдiк және республикалық маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткiштерiн Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi күзетедi.

      12. Әлемдiк және республикалық маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, тиiстi (облыстық, аудандық, ауылдық) атқарушы билiк органының қатысуымен комиссия арқылы шешiледi.

      13. Барлық тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң инженерлiк-техникалық нығайтылуы және қорғаудың арнайы техникалық құралдарымен жарақтандырылуы мемлекеттiк нормативтер талаптарына сәйкес болуы тиiс.

      14. Ескерткiштердi пайдаланушылар күзет-өрт қауiпсiздiгiн және шарттармен және мiндеттемелермен белгiленген ескерткiштердi, олармен байланысты тарихи-көркем маңызы бар аумақтарды, бақтарды, парктердi, құрылыстарды, өнер туындыларын, заттарды ұстау мен пайдалану режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.

      15. Ғылыми, тарихи, көркем немесе өзге де мәдени маңызы бар өнер туындылары мен заттары ескерткiштерiне байланысты сақтап ұстау режимiн қамтамасыз ету мүмкiндiгi жоқ, пайдаланушылар оларды ескерткiштердi қорғау мемлекеттiк органының келiсiмi бойынша мұражайға немесе өзге де арнайы мемлекеттiк қоймаға сақтауға бере алады.

      16. Егер азаматтар оларға тиесiлі тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды қамтамасыз eтпece, онда бұл ескерткiштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiсiнше орнын толтыра отырып, сот тәртiбiмен алынуы мүмкiн.

      17. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жаңғырту, сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органы беретiн осындай түрдегi қызмет құқығына лицензияның және арнайы рұқсаттың негiзiнде мамандандырылған ғылыми-жаңғырту ұйымдары және азаматтар жүргiзедi.

  3. Әлемдiк және республикалық маңызы бар
объектiлерге жатқызылған табиғи-қорық қорының
объектiлерiн қорғау және ұстау

      18. Әлемдiк және республикалық маңызы бар объектiлерге жатқызылған мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және ұстау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк органы жүзеге асырады.

      19. Әлемдiк және республикалық маңызы бар объектiлерге жатқызылған мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектілерiн қорғау және ұстау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Табиғи-қорық қоры объектiлерiн қорғау мен ұстауды қамтамасыз ету мақсатында күзетiлетiн аймақтар, құрылысты реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары анықталады, олардың шегiнде табиғи-қорық қоры объектілерiнiң жағдайына керi әсер ететiн сәулет, қала құрылысы, құрылыс жұмыстарына тыйым салынады немесе шек қойылады.

      21. Күзетiлетiн аймақтардың, құрылысты реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк уәкiлеттi органының келiсiмi бойынша тиiстi жергiлiктi билiк органдары анықтайды.

      22. Әлемдiк және республикалық маңызы бар объектiлерге жатқызылған мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн ұстау жөнiндегi iс-шаралар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың келiсiмi бойынша, қорғау режимiн ескере отырып жүргiзiледi.

      23. Әлемдiк және республикалық маңызы бар объектілерге жатқызылған мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн ұстау жөнiндегi іс-шараларды, соның iшiнде экологиялық жүйелерiне зиянды әсерлердiң алдын алу және жою жөнiндегi қорғау iс-шараларын ұйымдастыру заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Табиғи ресурстардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi күзетiлетiн аймақтарының көлемдерiн, шекараларын, режимдерi мен оларды пайдалану тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша тиiстi (облыстық, аудандық, ауылдық) өкiлдi және атқарушы органдар белгілейді.
      Күзетiлетiн аймақтардың жерлерi жергiлiктi жерлерде арнайы белгiлермен белгiленедi.

Об утверждении Правил охраны и содержания памятников истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июля 2003 года N 673. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года N 1044

       Сноска. Постановление Правительства РК от 8 июля 2003 г. N 673 утратило силу постановлением Правительства РК от 6 ноября 2007 г. N  1044 .

      

      В целях реализации  Закона  Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила охраны и содержания памятников истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения.

      2. Центральным и местным исполнительным органам принять меры по приведению своих нормативных правовых актов, регулирующих вопросы охраны и содержания памятников истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения, в соответствии с утверждаемыми Правилами.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

 

Утверждены              
постановлением Правительства     
Республики Казахстан         
от 8 июля 2003 года N 673       

Правила
охраны и содержания памятников истории и культуры,
объектов государственного природно-заповедного
фонда, отнесенных к объектам мирового
и республиканского значения

  1. Общие положения

      1. Правила охраны и содержания памятников истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения (далее - Правила), разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан " Об архитектурной,  градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", " Об охране и  использовании историко-культурного наследия", "Об  особо охраняемых  природных территориях".
      2. Правила определяют порядок охраны и содержания памятников истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения.
      3. Правила распространяются на памятники истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения.

  2. Охрана и содержание памятников истории и культуры

      4. Памятники истории и культуры подлежат обязательной защите и сохранению в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан, обладают особым правовым режимом их использования.
      5. Государственное управление в области содержания, охраны и использования памятников истории и культуры осуществляют Правительство Республики Казахстан, государственный орган Республики Казахстан по охране и использованию историко-культурного наследия и государственный орган управления архивами Республики Казахстан.
      6. Памятники истории и культуры находятся в государственной собственности и приватизации не подлежат.
      7. В целях обеспечения охраны памятников истории и культуры устанавливаются охранные зоны, зоны регулирования застройки, в пределах которых запрещается или ограничивается архитектурная, градостроительная, строительная деятельность, отрицательно влияющая на состояние памятников истории и культуры.
      8. Границы охранных зон, зон регулирования застройки определяются соответствующими местными органами власти по согласованию с государственным уполномоченным органом Республики Казахстан по охране и использованию историко-культурного наследия.
      Зоны охраны памятников включаются в генеральные планы, проекты детальной планировки и застройки населенных пунктов.
      9. На каждом недвижимом памятнике истории и культуры мирового и республиканского значения устанавливается охранная доска, содержащая основные данные о памятнике и указания о том, что памятник охраняется государством.
      10. В случаях нарушения правил охраны и содержания памятников истории и культуры местные органы власти по представлению государственного органа охраны и использования историко-культурного наследия решают вопрос о приостановлении, а также о запрещении строительных и иных работ, создающих опасность для памятников.
      11. Памятники истории и культуры мирового и республиканского значения охраняются специализированными охранными подразделениями органов внутренних дел Республики Казахстан.
      12. Вопросы обеспечения безопасности памятников истории и культуры мирового и республиканского значения решаются комиссионно с участием государственного уполномоченного органа в области охраны и использования историко-культурного наследия, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям, соответствующего (областного, районного, сельского) исполнительного органа власти.
      13. Инженерно-техническая укрепленность и оснащенность специальными техническими средствами охраны всех памятников истории и культуры должны соответствовать требованиям государственных нормативов.
      14. Пользователи памятников должны обеспечить охранно-пожарную безопасность и соблюдение установленного договорами и обязательствами режима содержания и использования памятников, связанных с ним территорий, садов, парков, сооружений, произведения искусства, предметов, имеющих историко-художественное значение.
      15. Пользователи, не имеющие возможности обеспечить режим сохранного содержания, связанный с памятниками произведений искусства и предметов, имеющих научное, историческое, художественное или иное культурное значение могут передать их по согласованию с государственным органом охраны памятников на хранение в музей или иное специальное государственное хранилище.
      16. Если граждане не обеспечивают сохранность принадлежащих им памятников истории и культуры, то эти памятники в соответствии с законодательством Республики Казахстан могут быть изъяты в судебном порядке с соответствующим возмещением.
      17. Работы по реставрации, консервации и регенерации памятников истории и культуры производятся специализированными научно-реставрационными организациями и гражданами на основании лицензии на право деятельности такого рода и специального разрешения, выдаваемых государственным органом Республики Казахстан по охране и использованию историко-культурного наследия.

  3. Охрана и содержание объектов природно-заповедного фонда,
отнесенных к объектам мирового и республиканского значения

      18. Государственное управление в области охраны и содержания объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения, осуществляют Правительство Республики Казахстан, государственный орган Республики Казахстан в области охраны окружающей среды.
      19. Охрана и содержание объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения, осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан об особо охраняемых природных территориях.
      20. В целях обеспечения охраны и содержания объектов природно-заповедного фонда устанавливаются охранные зоны, зоны регулирования застройки и зоны охраняемого природного ландшафта, в пределах которых запрещается или ограничивается архитектурная, градостроительная, строительная деятельность, отрицательно влияющая на состояние объектов природно-заповедного фонда.
      21. Границы охранных зон, зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта определяются соответствующими местными органами власти по согласованию с государственным уполномоченным органом Республики Казахстан.
      22. Мероприятия по содержанию объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения, проводятся с учетом режимов охраны, на основании рекомендаций научных организаций и по согласованию с органами, осуществляющими государственный контроль в области охраны окружающей среды.
      23. Организация мероприятий по содержанию объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения, в том числе защитных мероприятий по предупреждению и ликвидации вредных воздействий на экологические системы осуществляется в соответствии с законодательством.
      24. Размеры, границы, режимы и порядок использования природных ресурсов, охранных зон объектов государственного природно-заповедного фонда устанавливаются соответствующими (областными, районными, сельскими) представительными и исполнительными органами по согласованию с государственным уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.
      Земли охранных зон обозначаются на местности специальными знаками.