Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау
институтын қайта ұйымдастыру туралы
Қазiргi заманғы халықаралық бiлiм беру технологияларын пайдалана отырып, нарық экономикасы мен әлеуметтiк ғылымдар бойынша халықаралық деңгейдегi кадрларды даярлау, шетелдік мамандарды тарту және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын одан әрi дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты (бұдан әрi - ҚМЭБИ)" мемлекеттiк мекемесi коммерциялық емес акционерлік қоғам етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. ҚМЭБИ-дi қайта ұйымдастыру "Мүлiктiк кешен ретiнде кейiннен сатып алу құқығымен Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты" ҚМЭБИ мемлекеттiк жоғары (жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм беру мекемесiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы" 2000 жылғы 21 ақпандағы N 05/04-2000 келiсiм-шартты ескере отырып, қызмет бейінін - жоғары кәсiптік және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк оқыту, мамандар даярлауды сақтап жүзеге асырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті