Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1017 Жарлығымен бекiтiлген оралмандардың 2003 жылға арналған көшiп келу квотасына сәйкес келген оралмандардың отбасыларына, сондай-ақ 2002 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзiлген оралмандардың 246 отбасына және Түркiстан ауылынан қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 отбасына беру үшiн тұрғын үйлер сатып алуға, салуға, оларды қайта жаңартуға және күрделi жөндеуден өткiзуге 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген облыстардың бюджеттерi, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi бойынша мақсатты трансферттердi қоса берiлiп отырған бөлу бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi бөлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшiп келу квотасына сәйкес келетiн оралмандардың отбасыларына тұрғын үйлер сатып алуға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi бойынша көзделген мақсатты трансферттердi бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 сәуiрдегi N 359 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 19 тамыздағы
N 831 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентiнің
"Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу
квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1017
Жарлығымен бекiтiлген оралмандардың 2003 жылға
арналған көшіп келу квотасына сәйкес келген
оралмандардың отбасыларына, сондай-ақ 2002 жылға
арналған көшіп келу квотасына енгізілген
оралмандардың 246 отбасына және Түркістан ауылынан
қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының
8 отбасына беру үшiн тұрғын үйлер сатып алуға,
салуға, оларды қайта жаңартуға және күрделi
жөндеуден өткiзуге 2003 жылға арналған республикалық
бюджетте көзделген облыстардың бюджеттерi,
Астана және Алматы қалаларының бюджеттері
бойынша мақсатты трансферттердi бөлу
___________________________________________________________________
Р/с| Облыстар |Оралмандардың |Оралмандардың |Түркістан |Барлық
N | мен қалалар.| 2003 жылға | 2002 жылға |ауылынан қо.|сомасы
| дың атауы |арналған көшіп|арналған көшіп|ныс аударған|(мың
| | келу квотасы | келу квотасы |Қазақстан |теңге)
| | | |Республика. |
| | | |сының |
| | | |азаматтары |
| |__________________________________________|
| |отбасы |сомасы|отбасы|сомасы |отба.|сома. |
| | саны |(мың | саны |(мың |сы |сы |
| | |теңге)| |теңге) |саны |(мың |
| | | | | | |теңге)|
___________________________________________________________________
1 Ақмола 608 121296 121296
2 Ақтөбе 228 132576 132576
3 Алматы 153 39302 39302
4 Атырау 76 86423 86423
5 Шығыс Қазақстан 47 16060 3 3299 19359
6 Жамбыл 190 47367 47367
7 Батыс Қазақстан 169 92540 92540
8 Қарағанды 565 110514 110514
9 Қызылорда 94 50408 50408
10 Қостанай 658 285391 111 50723 336114
11 Маңғыстау 352 400409 400409
12 Павлодар 565 114201 114201
13 Солтүстiк 640 269520 18 5230 274750
Қазақстан
14 Оңтүстiк 471 234911 114 129152 8 11803 375866
Қазақстан
15 Алматы қаласы 90 183971 183971
16 Астана қаласы 94 229125 229125
Жиыны 5000 2414014 246 188404 8 11803 2614221
___________________________________________________________________