Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Президентiнің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1017 Жарлығымен бекiтiлген Оралмандардың 2003 жылға арналған көшiп келу квотасына сәйкес келетiн оралмандардың отбасылары үшін тұрғын үйлер сатып алуға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi бойынша көзделген мақсатты трансферттердi бөлу бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгi бөлiнген қаражатты облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнің мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі