Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1324 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен қазақстан-қытай комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, өкіл
Литвинов Михаил Константинович - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, өкілдің орынбасары;
мынадай:
"Рябцев Анатолий Дмитриевич - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы, өкілі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Рябцев Анатолий Дмитриевич - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы, өкілдің орынбасары";
көрсетілген құрамнан Айдаров Наурыз Ғұбайдоллаұлы, Ахметов Серік Қабдуәліұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі