Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн өтеусiз көмегiн пайдаланудың шарттары туралы хаттар алмасу нысанындағы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер вице-министрi Мұхтар Бескенұлы Тiлеубердiге Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн өтеусіз көмегiн пайдаланудың шарттары туралы хаттар алмасу нысанындағы келiсiмге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қытай Халық Республикасының
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкілеттi Елшiсi
Яо Пэйшэнь мырзаға
Жоғары Мәртебелi,
Осымен Сiздiң 2003 жылғы "___" тамыздағы мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды растауды өзiме мәртебе санаймын:
"Осымен Қытай Халық Республикасының Үкiметi атынан Тараптар достастық келiссөздерi нәтижесiнде мына төмендегiлер туралы келiскендiгiн растауды өзiме мәртебе санаймын:
1. Қытай Халық Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында қол жеткізiлген уағдаластықтар негiзiнде Қытай Халық Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Қостанай облысының телекоммуникация жүйесiн қайта жаңартуды өзiне алады.
2. Қытай тарапы объектiнi зерттеу мен жобалау және Қостанай қаласына телекоммуникация жабдықтарын беру мен жеткiзу мәселелерiн өзiне алады және орнату мен техникалық оқыту жұмыстарын орындау үшiн Қазақстан Республикасына қажеттi мамандар жiбередi. Бұл ретте оларға арналған шығыстар Қытай Халық Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы 2001 жылғы 12 қыркүйектегi және 2002 жылғы 14 қаңтардағы алмасу хаттарында көзделген өтеусiз көмек есебiнен жабылатын болады.
3. Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған жобаны iске асыру үшiн жеткiзiлген жабдықтар мен материалдарды (акцизделуге жататынын қоспағанда) салықтар мен алымдардан босату жөнiнде шаралар қабылдайды, сондай-ақ Қостанай қаласына жабдықтар жеткiзiлгеннен кейiн жүктi кедендiк тазалау, қабылдау және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау жөнiндегi шарттылықтарды өзiнiң есебiнен орындайды.
4. Жоғарыда аталған жобаны iске асыру туралы барлық нақты мәселелер екi ел үкiметтерiнiң әрқайсысы тағайындаған уәкiлеттi органдар арасында жасалатын жекелеген Шартпен реттелетiн болады.
Егер Сiз жоғарыда баяндалғандарды жауап хатпен растайтын болсаңыз, онда осы хат пен Сiздiң жауап хатыңыз Қытай Халық Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн өтеусіз көмегiн пайдаланудың шарттары туралы келiсiм болып есептеледi, ол қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.".
Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жоғарыда баяндалғандардың мазмұнымен келiсетiнiмдi және осы жауап хат пен Сiздiң хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн өтеусiз көмегiн пайдалану шарттары туралы келiсiм болып есептелетiнiн растауды өзiме мәртебе санаймын, ол қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, өзiмнiң Сiзге деген терең құрмет сезiмдерiмдi тағы да сендiремiн.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер вице-министрi
Мұхтар Тiлеубердi
Астана қаласы, 2003 жылғы "___"
тамыз