Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2003 жылғы 22 мамырда Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы Ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия
Республикасының Үкіметі арасындағы ұзақ мерзімді
сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім
(2003 жылғы 3 қазанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркия Республикасының Yкiметi (бұдан әрi - "Тараптар"),
екi елдiң арасындағы тарихи және мәдени байланыстарға орай,
екi елдегi еркiн кәсiпкерлiктi дамыту сауда-экономикалық байланыстарды дамытумен қатар, әлеуметтiк дамуға қажеттi негiздi қамтамасыз ететiнiн назарға ала отырып,
өзара тиiмдi сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшiн екi ел арасындағы бар стратегиялық ынтымақтастықты одан әрi нығайтуға ұмтыла отырып,
екi ел арасындағы байланысты дамыту бейбiтшiлiктiң нығаюына және өңiрдегi тұрақтылыққа үлес қосатынын мойындай отырып,
екi ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, сондай-ақ үшiншi елдегi ынтымақтастық өңiрлiк сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда аса маңызды рөл атқаратынын ескере отырып,
1997 жылы 10 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда-экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi, сондай-ақ екi ел арасындағы қолданыстағы басқа да халықаралық шарттарды негiзге ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
I-бап
Тараптар мемлекеттерi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, оның дамуына керi әсерiн тигiзетiн кедергiлердi жою осы Келiсiмнiң мақсаты болып табылады.
IІ-бап
Осы келiсiмнiң мақсаттары:
а) екi елдiң шаруашылық субъектiлерiнiң арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту және қызметiн көтермелеу;
b) қысқа мерзiмдi сауда-экономикалық байланыстармен қатар ұзақ мерзiмдi өндiрiстiк қызметтi, өзара инвестициялар мен бiрлескен кәсiпкерлiктi көтермелеу және көтермелеу шараларын қолдануда өзаралық қағидатын сақтау;
с) ақпараттармен тұрақты алмасу және екi елдiң қолданыстағы кеден тарифтерi мен олардың кез-келген өзгерiстерi туралы консультациялар жүргiзу болып табылады.
III-бап
Тараптар өз мемлекеттерi экономикасының өзара толықтыратын құрылымын назарға ала отырып, сауда, өнеркәсiп, энергетика, тау-кен өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы, көлiк және коммуникация, қаржы және банк iсi, денсаулық сақтау, мердігерлiк қызметтер көрсету, денсаулық сақтау, туризм салаларында, сондай-ақ экономиканың басқа да салаларындағы еркiн нарықтық экономиканың салыстырмалы басымдықтары мен ереже қағидаттары шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
IV-бап
Осы Келiсiм шеңберiндегi сауда-экономикалық қатынастар Тараптар әзiрлейтiн Ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) мен Ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарына (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) сәйкес осы Келiсiм шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Бағдарлама мен Iс-шаралар жоспары Тараптардың дипломатиялық арналар арқылы мемлекет елшiлiк рәсiмдердiң аяқталғаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнi күшiне енедi.
V-бап
Бағдарлама мен Iс-шаралар жоспары шеңберiнде жүзеге асырылатын iс-шараларды, сондай-ақ жоғарыда айтылған қызметтi жүзеге асыруға жауапты институттарды қазақстандық тараптан - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi және түркиялық тараптан - Түркия Республикасының Премьер-Министрi аппаратының жанындағы сыртқы сауда iстерi жөнiндегi Кеңесшi Аппараты (бұдан әрi - Yйлестiрушi органдар) үйлестiретiн болады.
Yйлестiрушi органдар:
а) Бағдарлама мен Іс-шаралар жоспарын iске асыруға қатысты мемлекеттiк және жеке сектор институттарының қызметiн үйлестiруге;
b) Бағдарлама мен iс-шаралар шеңберiнде пайда болуы мүмкiн проблемалар, сондай-ақ екi жақты қатынастарды жақсарту үшiн қабылдануы қажеттi шараларды қоса алғанда, iске асыру мен бағалау жөнiндегi есеп дайындауға жауапты болады.
VI-бап
Бағдарлама мен Іс-шаралар жоспарында көрсетiлген iс-шараларға жауапты институттар тұрақты түрде, әр үш айда Үйлестiрушi органдар қол жеткiзген нәтижелер мен iске асыру проблемалары туралы, сондай-ақ жаңа пайдалы жобалар бойынша Есептi ұсынады.
Үйлестiрушi органдар жоғарыда аталған iске асыру мен бағалау жөнiндегi Есептермен әр алты ай сайын алмасып отырады.
VII-бап
Осы Келiсiмнiң V/b-бабында қаралған iске асыру мен бағалау жөнiндегi есептер Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасында 1993 жылғы 2 қыркүйекте қол қойылған, экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия құру туралы Хаттамаға сәйкес экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-түркия үкiметаралық комиссиясының мәжiлiсi шеңберiнде әзiрленетiн болады.
Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия мәжiлiстерiнде қажет болған жағдайда Бағдарлама мен Іс-шаралар жоспарында өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
Егер, Комиссия мәжiлiсi тұрақты негiзде жүргiзе алмаса, Yйлестiрушi органдар Бағдарлама мен Iс-шаралар жоспары шеңберiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды iске асыруды қадағалау нысаны мен тәртiбiн анықтайды және қажеттi шараларды айқындайды.
VIII-бап
Осы Келiсiмнiң VII-бабына сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген Бағдарлама мен Іс-шаралар жоспары осы Келiсiмнiң IV-бабында көзделген рәсiмдердi жүргiзу жолымен күшiне енедi.
IX-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара консультациялар және/немесе келiссөздер жолымен шешетiн болады.
X-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру Тараптар жасасқан басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
XI-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалар ресiмделу жолымен енгiзiледi.
XII-бап
Осы Келiсiмнiң әрекетiнiң тоқтатылуы осы Келiсiмнiң әрекетi тоқтағанға дейiн басталған жобаларды жүзеге асыруға ықпал етпейдi.
XIII-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуiне қажеттi Тараптардың қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
XIV-бап
Осы келiсiм анықталмаған мерзiмге жасалады және өз әрекетiн Тараптардың бiрi екiншi Тараптан осы Келiсiмнiң әрекетiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алғаннан соң 6 айдан кейiн тоқтатады.
2003 жылғы 22 мамырда, Анкара қаласында екі данада қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде, барлық мәтiндердiң күшi бiрдей болып жасалды.
Ocы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде алшақтықтар пайда болған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасының
Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн