Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" жабық акционерлік қоғамының акциялары мемлекеттік пакетінің 50 пайызын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беруді қамтамасыз етсін.
2. Қаржы, индустрия және сауда, энергетика және минералдық ресурстар министрліктері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі