Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының жер сілкінісінен зардап шеккен елді мекендеріндегі азаматтық мақсаттағы объектілерді қалпына келтіру мәселелерін шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жамбыл облысының әкіміне жер сілкінісінен зардап шеккен объектілер құрылысын жалғастыруды қаржыландыруға және "Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің салдарларын жою және әлеуметтік маңызды объектілерді қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 793 қаулысына қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржыландырылатын объектілер бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ аталған объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2065000000 (екі миллиард алпыс бес миллион) теңге бөлінсін.
2. Жамбыл облысының әкімі төлемақыны белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз етілген объектілер бойынша орындалған жұмыстардың көлемін растайтын актілерге сай жүргізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі