Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің салдарларын жою және әлеуметтік маңызы бар объектілерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды қосымша қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қазандағы N 1028 қаулысы

      Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының жер сілкінісінен зардап шеккен елді мекендеріндегі азаматтық мақсаттағы объектілерді қалпына келтіру мәселелерін шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Жамбыл облысының әкіміне жер сілкінісінен зардап шеккен объектілер құрылысын жалғастыруды қаржыландыруға және "Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің салдарларын жою және әлеуметтік маңызды объектілерді қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 793 қаулысына қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржыландырылатын объектілер бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ аталған объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2065000000 (екі миллиард алпыс бес миллион) теңге бөлінсін.

      2. Жамбыл облысының әкімі төлемақыны белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз етілген объектілер бойынша орындалған жұмыстардың көлемін растайтын актілерге сай жүргізсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О дополнительном финансировании работ по ликвидации последствий землетрясения и восстановлению объектов социального значения в Жамбылской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2003 года N 1028

      В целях решения вопросов восстановления объектов гражданского назначения в населенных пунктах района Турара Рыскулова Жамбылской области, пострадавших от землетрясения, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Выделить акиму Жамбылской области из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2003 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иные непредвиденные расходы, 2 065 000 000 (два миллиарда шестьдесят пять миллионов) тенге на финансирование продолжения строительства объектов, пострадавших в результате землетрясения и проведения ремонтно-восстановительных работ по объектам, финансируемым из резерва Правительства Республики Казахстан согласно приложению к постановлению Правительства Республики Казахстан от 8 августа 2003 года N 793 "О дополнительных мерах по ликвидации последствий землетрясения и восстановления объектов социального значения в Жамбылской области", а также на подготовку проектно-сметной документации по названным объектам.

      2. Акиму Жамбылской области оплату производить согласно актам, подтверждающим объемы выполненных работ по объектам, обеспеченным проектно-сметной документацией, утвержденной в установленном порядке.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан