Сауда-экономикалық қатынастар мен мәдени байланыстарды одан әрi дамыту және басқа мемлекеттерден жүк-жолаушы тасқынын ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906
қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
3-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Маңғыстау облысы Баутино кентiндегi "Баутино" теңiз порты".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң назарына халықаралық теңiз тасымалдары үшiн өткiзу пунктi ашылғаны туралы ақпаратты жеткiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі