Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қарашадағы N 906 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1085 қаулысы

      Сауда-экономикалық қатынастар мен мәдени байланыстарды одан әрi дамыту және басқа мемлекеттерден жүк-жолаушы тасқынын ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906 қаулысына  мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Маңғыстау облысы Баутино кентiндегi "Баутино" теңiз порты".

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң назарына халықаралық теңiз тасымалдары үшiн өткiзу пунктi ашылғаны туралы ақпаратты жеткiзсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады