Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 289 Қаулысымен.
"Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 266-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ресей Федерациясы Ауыл Дәндi дақылдар 1001-1008
шаруашылығы министрлiгiнiң
Ресей өңiрлерiндегi азық-түлiк Ресей
рыногының жай-күйi туралы
ақпараттық бюллетенi Қант 1701".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі