"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнің қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес және ағымдағы жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар саласын ырықтандыру бағдарламасының бiрiншi кезеңін iске асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Ағымдағы жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар саласын ырықтандыру бағдарламасының бiрiншi кезеңін iске асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеу жөніндегі жұмыстардың тізбесi бекiтiлсiн.
2. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 14 (он төpт) миллион теңге, оның iшiнде:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiне 4 (төрт) миллион теңге;
2) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттігіне 10 (он) миллион теңге бөлiнсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 7 қарашадағы
N 1104 қаулысымен
бекітілген
Ағымдағы жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар
саласын ырықтандыру бағдарламасының бiрiншi кезеңін
iске асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесімдердi
әзiрлеу жөнiндегі жұмыстардың тiзбесi
___________________________________________________________________
р/с| Жұмыстың атауы | Аяқталу |Жауапты |Орындалу|Қаржы.
N | (аяқталу нысаны) | нысаны |орындау.|мерзiмi |ландыру
| | |шылар | |көлемі,
| | | | |(мың
| | | | |теңге)
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
___________________________________________________________________
1 Байланыстың магистральдік Нормативтiк АБА 2003 2 500
операторын анықтау құқықтық жылдың
жөнiндегi талаптар мен кесiмнiң желтоқ.
өлшемдер жобасы саны
2 Қалааралық және (немесе) Нормативтiк АБА 2003 4 000
халықаралық телефон құқықтық жылдың
байланысын ұсынғаны үшiн кесiмнiң желтоқ.
бюджетке төленетiн ақының жобасы саны
жылдық ставкалары
3 Халыққа әмбебап байланыс Нормативтiк АБА 2003 1 500
қызметтерiн көрсететiн құқықтық жылдың
операторларға шығындарды кесiмнiң желтоқ.
өтеу үшiн әмбебап жобасы саны
байланыс қызметтерiнiң
құнын субсидиялау eрежесi
4 Байланыс операторларының Нормативтiк ТМРА 2004 4 000
трафиктi қосуға және құқықтық (келi. жылдың
өткізуге арналған кесiмнiң сiм 1-тоқ.
тарифтердi есептеу жобасы бойын. саны
әдiстемесі ша)
5 Ұялы байланыс Нормативтiк АБА 2003 2 000
қызметтерін көрсету құқықтық жылдың
ережесі кесiмнiң желтоқ.
жобасы саны
___________________________________________________________________
Жиыны: 14 000 000 (он төрт миллион) теңге