Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Египет Араб
Республикасының Yкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы
2001 жылғы 11 қарашада Каир қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы тұрақты әуе қатынасы туралы келісім
Осы Келiсiмде бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Apaб Республикасының Үкiметi,
1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның қатысушылары болып табыла отырып,
өз мемлекеттерiнiң тиiстi аумақтарының арасында және олардан тыс жерлерде тұрақты әуе қатынасын орнату мақсатында аталған Конвенцияға қосымша ретiнде Келiсiм жасасуға тiлек білдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Айқындамалар
Егер контекстен тек өзгеше туындамаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн,
а) "Конвенция" терминi 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияны бередi және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес кез келген қосымшаны және Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес Қосымшаларға немесе Конвенцияға кез келген түзетудi бiлдiредi, егер осы Қосымшалар мен түзетулердi екi Уағдаласушы Тараптар қабылдаған болса өзiне қосып алады;
b) "авиациялық өкiмет орындары" терминi Қазақстандық Тарап үшiн - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, Египеттiк Тарап үшiн - Египет Араб Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiн - Азаматтық авиация басқармасының төрағасын немесе екi жағдайда да қазiргi уақытта көрсетiлген өкiметтер орындайтын функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген кез келген тұлғаны бiлдiредi;
с) "тағайындалған авиакәсiпорын" терминi осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және уәкiлеттiк берiлген авиакәсiпорынды бiлдiредi;
d) "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсiпорын" және "коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" терминдерi Конвенцияның 96-бабында көрсетiлген маңызға ие;
e) "аумақ" терминi әрбiр Уағдаласушы Тараптың егемендiгiне жататын жер беттерiн және аумақтық суларды бiлдiредi.
f) "тарифтер" терминi - жолаушылардың, теңдеме жүктiң және жүктiң тасымалы үшiн төленетiн бағаларды және комиссиялық алымдар мен агенттiк қызметтердi көрсету немесе көлiктiк құжаттарды сату үшiн басқа қосымша төлемдердi қоса алғанда, почта тасымалының төлемдерi мен шарттарын қоспағанда, осы бағаларға қатысты қолданылатын шарттарды білдiредi;
g) "барлық жүк әуе қатынастары" термині жүк немесе почта (қосымша көмекші қызметтермен қоса) жеке немесе аралас тасымалданатын, бірақ жолаушылар тасымалын жүзеге асырмайтын әуе кемесi орындаған халықаралық әуе қатынасын бiлдiредi;
h) "Келiсiм" терминi осы Келiсімдi, оның Қосымшасын және Келiсiмге немесе Қосымшаға енгізілген кез келген түзетулерді бiлдіредi.
2-бап
Тасымалдау құқықтарының берілуі
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзiнiң тұрақты халықаралық әуе желiлерiне қатысты екiншi Уағдаласушы Тарапқа мынадай құқықтарды бередi:
а) өз мемлекеттерінің аумақтары арқылы қонбастан ұшып өту құқығы;
b) осы Келісiмнiң Қосымшасында көрсетілген өз мемлекеттерiнiң аумағындағы пункттерге коммерциялық емес мақсаттармен тоқтау құқығы;
с) басқа Уағдаласушы Тарап мемлекетінiң аумағындағы пункттерге/ден бара жатқан жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүк пен почтаны аталған аумақтағы осы Келiсімнің Қосымшасында көрсетілген пункттерде тиеу және түсіру құқығын;
d) осы Келiсiмнiң Қосымшасында көрсетілген белгiленген бағыттар бойынша үшiншi елдердегi пункттерге/ден бара жатқан жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүк пен почтаны аталған үшiншi елдердiң аумақтарындағы осы Келiсiмнiң Қосымшасында көрсеткен пункттерде тиеу және түсiру құқығын;
Қосымшада көрсетілген бағыттар бұдан әрi "белгiленген бағыттар", aл осы бағыттармен өтетiн халықаралық әуе желілерi "шарттық желiлер" деп аталады.
2. Осы Баптағы ешнәрсе де бір Уағдаласушы Тарап авиакәсiпорнының екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінiң аумағында жалдау шартымен немесе сыйақыға осы екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағындағы басқа пунктке тасымалдауға жататын жолаушыларды, жүк пен почтаны бортқа алуына құқық бepeді деп қаралмайтын болады.
3-бап
Өкілеттіктер
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап белгіленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдалану үшін, ол туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлай отырып, авиакәсiпорынды тағайындауға құқылы.
2. Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiмет орындары осындай хабарламаны алған кезде осы Баптың 4- және 5- тармақтарының ережелерiне сәйкес кешiктiрместен әрбiр тағайындалған авиакәсiпорынға тиiстi ұшу рұқсаттарын бередi.
3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап осындай авиакәсiпорынды тағайындаудан бас тартуға және ол туралы екiншi Тарапқа жазбаша түрде хабарлай отырып, басқасын тағайындауға құқылы.
4. Әрбiр Уағдаласушы Тарап Конвенцияның ережелерiне сәйкес халықаралық әуе желiлерiн пайдалану кезiнде Уағдаласушы Тараптың өзi әдеттегідей және негiздемелi түрде қолданылатын заңдардағы және ережелердегi шарттарды орындау қабiлетiнiң дәлелдемелерiн екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындаған авиакәсiпорнынан талап етуге құқылы.
5. Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы баптың 2-тармағында айтылған ұшу рұқсаттарын беруден бас тарта алады немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды тағайындалған авиакәсiпорынның пайдалануы кезiнде қажет деп есептеген шарттарды орындауды осы авиакәсiпорынға басым иеленушiлiк және шынайы бақылау осы авиакәсiпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тараптың немесе оның мемлекетi азаматтарының қолында екендiгi туралы дәлелдемелер өзiне беймәлiм болған жағдайда да талап етуге құқылы.
6. Осы Келiсiмнiң 11-бабының ережелерiне сәйкес белгiленген тарифтер күшiне енген жағдайда, осылайша тағайындалған және рұқсат алған авиакәсiпорын кез келген уақытта шарттық желiлердi пайдалануды бастай алады.
4-бап
Берілген құқықтардың күшін жою
және уақытша тоқтату
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап пайдалану рұқсатын жоюға немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көзделген екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына (авиакәсiпорындарына) берiлген құқықтарды пайдалануды уақытша тоқтатуға, немесе осы құқықтарды пайдалану кезiнде қажеттi деп есептеген шарттарды мынадай жағдайларда орындауды талап етуге құқылы:
а) егер осы авиакәсiпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тараптың немесе оның мемлекетi азаматтарының қолында осы авиакәсiпорынға басым иеленушілік немесе шынайы бақылау бар екендiгiне сенiм болмаған жағдайда;
b) егер осы авиакәсiпорынды бұл құқықтарды беретiн Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдары мен ережелерiн сақтамаған жағдайда;
с) егер авиакәсiпорын қандай да бiр түрде осы Келiсiмде көрсетiлген шарттарды орындамаған жағдайда.
2. Егер жедел жою, уақытша тоқтату немесе осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттардың орындалуын талап ету заңдар мен ережелердiң бұдан әрi де бұзылуын ескерту үшiн қажет болып табылмаса, мұндай құқық екіншi Уағдаласушы Тараппен жүргізiлген консультациялардан кейiн ғана қолданылатын болады. Егер Уағдаласушы Тараптардың арасында өзгеше келiсiлмеген болса, осындай кеңесулер оларды жүргiзуге сұрау салу түскен күнiнен бастап 60 күннің ішінде басталуы тиiс.
5-бап
Заңдар мен ережелердің қолданылуы
1. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетінiң халықаралық әуе қатынасын пайдаланатын әуе кемесiнiң оның мемлекетiнiң аумағына келуi мен кетуiн немесе осы аумақтың үстінде осындай әуе кемесiн басқаруды реттейтiн заңдары, ережелерi және рәсiмдері екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнына қатысты қолданылатын болады.
2. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетінің өз аумағынан жолаушылардың, экипаждың, теңдеме жүктің, жүктің немесе почтаның ұшып келуiн, уақытша болуын және ұшып кетуін реттейтiн заңдары, ережелерi және рәсiмдері, мәселен кіруге, шығуға, эмиграция мен иммиграцияға қатысты рәсімділіктер, сондай-ақ кедендік ережелер мен санитарлық шаралар екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiмен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, теңдеме жүкке, жүкке немесе почтаға қатысты аталған аумақта болу кезiнде қолданылатын болады.
3. Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы екіншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына қатысты өзiнiң тағайындалған авиакәсіпорнына қатысты осы Бапта көзделген заңдар мен epeжелерді қолдануға басым құқық бермейдi.
6-бап
Тасымалдау көлемін реттеу
Шарттық желілерде орындалатын тасымалдардың көлемi мынадай шарттарға сәйкес болуы тиіс:
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарына белгіленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдалануда қолайлы әрi тең жағдайлар жасалатын болады.
2. Әpбip Уағдаласушы Тарап өзiнiң заңды құқығының шегінде екiншi Уағдаласушы Тараптың авиакәсіпорнының жағдайына ыңғайсыз әсер ететін дискриминацияның немесе әдiлетсiз бәсекелестiктің барлық нысандарын болдырмау үшiн барлық тиiсті шараларды қабылдайтын болады.
3. Уағдаласушы Тараптардың тағайындаған авиакәсiпорны (авиакәсiпорындары) орындайтын тасымалдар көлемі белгіленген бағыттар бойынша тасымалдауларда қоғамдық қажеттілiкке сәйкес болуы тиiс және пайдалану кезiнде авиакәсіпорынды тағайындайтын Уағдаласушы Тараптар аумақтарының және ұшудың соңғы белгіленген елдерi арасында жолаушыларды, жүк пен почтаны тасымалдау бұрыннан бар және орынды дәрежеде қарастырылған мұқтаждықты қанағаттандыратын сыйымдылықты ұсыну әрбiр авиакәсiпорынның бiрiншi кезектi мiндетi болуы тиiс.
4. Yшiншi елдердiң аумақтарында белгiленген бағыттардағы пункттерде тиелетiн және түсiрiлетiн жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi тасымалдау шарттары жалпы қағидатқа сәйкес болады, оған сай сыйымдылық мыналарға байланысты болады:
а) ұшу елдерi мен қону елдерiнiң арасындағы тасымалдауда қажеттiлiкке;
b) шарттық желiсi (-лерi) өтетiн ауданның, осы аудандағы мемлекеттердiң авиакәсiпорындары белгiлеген жергiлiктi және аймақтық әуе желілерiн есепке ала отырып, тасымалдауда қажеттiлiгiне;
с) трансферттiк тасымалдау қажеттiлiгiне.
7-бап
Куәліктер мен айғақтамаларды тану
1. Ұшу жарамдылық куәлiктерi, бiлiктiлiк куәлiктерi және Уағдаласушы Тараптардың бiрiмен берiлген немесе күшi бар деп танылған, қолданыста болу мерзiмi аяқталмаған айғақтамалар шарттық желiлердi пайдалану кезiнде екiншi Уағдаласушы Тараппен күшi бар деп танылады.
2. Алайда, әрбiр Уағдаласушы Тараптың өз мемлекетi аумағының үстiнен ұшуларға қатысты өз азаматтарына берiлген немесе басқа мемлекетпен күшi бар деп танылған бiлiктiлiк куәлiктер мен айғақтамаларды танудан бас тартуына құқығы сақталады.
8-бап
Кедендік баждардан және басқа алымдардан босату
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының халықаралық тасымалдарда пайдаланатын әуе кемесi, сондай-ақ олардың табельдiк жабдықтары, сол әуе кемесiнiң бортындағы отын қоры, жағармай материалдары және борттық қорлар (кәдесыйларды, азық-түлiктi сусындары және темекi бұйымдарын қосқанда, дайын бұйымдар) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнгеннен кейiн, егер осындай жабдықтар мен қорлар керi әкетiлген мерзiмге дейiн әуе кемесiнiң бортында қалатын болса, барлық кедендiк баждардан, инспекциялық алымдардан және басқа баждар мен салықтардан босатылатын болады.
2. Сондай-ақ, берiлген қызметтер үшiн алымдарды қоспағанда, кеден төлемдерiнен және салықтардан мыналар босатылатын болады:
а) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Уағдаласушы Тараптың авиациялық өкiмет орындарымен орнатылған көлемдерде белгiленген бағыттар бойынша ұшуларды орындайтын екiншi Уағдаласушы Тараптың әуе кемесiнің бортында пайдалану үшiн бортқа алынған борттық қорлар;
b) белгіленген бағытта бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетінің тағайындалған авиакәсiпорны пайдаланатын әуе кемесiн техникалық қызметтен өткiзу немесе жөндеу үшiн екіншi Уағдаласушы Тараптың аумағына әкелiнген қосалқы бөлшектер;
с) бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың халықаралық ұшуларды орындайтын тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесіне берілетін отын және жағармай материалдары, тiптi егер бұл қорлар бортқа алынатын бiрiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумақ шеңберiнде жатқан бағыт бөлiгінде қолданылатын болса да;
Осы Баптың а), b) және c) тармақшаларында көрсетілген материалдар талап ету бойынша кедендiк өкімет орындарының бақылауына немесе қадағалауына ұсынылуы мүмкiн.
3. Табельдiк борт жабдықтары және бiр Уағдаласушы Тарап әуе кемесiнiң бортындағы материалдар мен қорлар екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына осы екінші Уағдаласушы Тараптың кедендік өкімет орындарының рұқсатымен ғана түсiрiлуi мүмкiн. Ондай жағдайда, олар кepі әкетілгенге дейiн немесе кедендік ережелерге сәйкес басқа тағайындау алғанға дейін, аталған өкiмет орындарының қадағалауына берiлуi мүмкiн.
9-бап
Тікелей транзиттік тасымалдар
1. Зорлық іс-әрекеттерiне, әуе қарақшылығына және есiрткi заттарының тасымалына қарсы қауіпсіздік шараларын қолдану қажет болған жағдайларды қоспағанда, бip Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағы арқылы тікелей транзитпен өтетiн және осы мақсатта белгіленген әуежайдың төңiрегiнен кетпейтiн жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почта оңайлатылған бақылаудан ғана өтетін болады.
2. Тікелей транзитпен өтетiн теңдеме жүк және жүктер кеден төлемдерi мен салық салудан босатылатын болады.
10-бап
Авиация қауіпсіздігі
1. Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтардан туындайтын өздерiнiң құқылары мен мiндеттемелерiне сәйкес бiр-бiрiне қатысты қабылдаған заңсыз іс-қимыл жасау актілерiнен азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiн қорғау мiндеттемелерін қуаттайды. Халықаралық құқық бойынша өздерiнің құқықтары мен мiндеттемелерінің жалпы қолданысына ықпал етпей отырып, Уағдаласушы Тараптар 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған Әуе кемелерiнің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбiр басқа iс-әрекеттер туралы конвенцияның, 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған Әуе кемелерiн заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияның және 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреальда қол қойылған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттерге қарсы күресу туралы конвенцияның, оның 1988 жылғы 24 ақпанда Монреальда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация әуежайларындағы заңсыз зорлық iс-әрекеттерiн басу жөнiндегi Қосымша Хаттамасының ережелерiне сәйкес iс-қимыл жасайтын болады.
2. Уағдаласушы Тараптар өтiнiш бойынша азаматтық әуе кемелерiн заңсыз басып алу iс-әрекеттерiн және әуе кемелерiнiң, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған басқа да заңсыз әрекеттердi, сондай-ақ азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кез келген басқа да iс-әрекеттердi болдырмау жөнiнде бiр-бiрiне барлық қажеттi көмек түрлерiн көрсетедi.
3. Уағдаласушы Тараптар өзара қарым-қатынастарында Азаматтық авиация халықаралық ұйымы белгiлейтiн, Халықаралық азаматтық авиация жөнiндегi Конвенцияға Қосымшалар деп аталатын авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сәйкес, қауiпсiздiктер жөнiндегi осындай ережелер Уағдаласушы Тараптарға қолданымды болатын дәрежеде iс-қимыл жасайды; олар әуе кемелерiне қызмет көрсететiн, негiзгi қызмет орны немесе тұрақты тұрғылықты жерi өз мемлекетiнiң аумағында болатын персоналдан және өз мемлекеттерiнiң аумақтарындағы әуежайларда қызмет көрсететiн қызметшiлерден авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi осындай ережелерге сәйкес iс-қимыл жасауды талап ететiн болады.
4. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Баптың 3-тармағында айтылған екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына келу, кету және онда болу үшiн сол Уағдаласушы Тараппен көзделетiн авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелер мен талаптардың сақталуын әуе кемелерiне қызмет көрсететiн персоналдан талап ете алатынына келiседi. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетi аумағының шегiнде әуе кемелерiн қорғау үшiн және отырғызудан немесе тиеуден бұрын және сол отырғызу-тиеу кезiнде жолаушыларды, экипажды, қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi және борттық, қорларды тексеру үшiн қажеттi шараларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн болады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап орынды арнайы шаралар қолдану туралы екiншi Уағдаласушы Тараптың нақты қатерге байланысты кез келген өтiнiшiне ықылас бiлдiредi.
5. Азаматтық әуе кемесiн заңсыз басып алуға немесе әуе кемесiнiң, ондағы жолаушылар мен экипаждың, әуежайлардың немесе аэронавигациялық құрал-аспаптардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттерге байланысты қақтығыс немесе қақтығыстың қатерi туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар байланысты жеңiлдету және ондай қақтығысты немесе қақтығыс қатерiн шұғыл және қауiпсiз түрде жою мақсатында басқа тиiстi шаралар қолдану арқылы бiр-бiрiне көмектесетiн болады.
6. Осы Бапта көрсетiлген авиация қауiпсiздiгi туралы ережелердi Уағдаласушы Тараптардың бiрi орындамаған жағдайда, екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық өкімет орындары аталған Уағдаласушы Тараптың өкімет орындарынан жедел түрде кеңесулер өткізуді талап ете алады.
11-бап
Тарифтер
1. Кез келген Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына немесе аумағынан тасымалдау үшiн тарифтер, пайдалану шығындарын, орынды пайданы, әуе желiсiнiң сипаттамаларын және тұтынушылардың мүдделерiн қосқанда, барлық тиістi факторлар ecкeріле отырып, орынды мөлшерлерде белгіленетiн болады.
2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетілген тарифтер әрбiр белгіленген бағыттар бойынша екi Уағдаласушы Тараптың да тағайындалған авиакәсіпорындарымен келiсілетiн болады.
3. Осы Баптың 2-тармағында айтылған келiсуге мүмкіндiгiнше, халықаралық тәжiрибеде қолданылатын рәсiмдердi пайдалану арқылы қол жеткiзiлетiн болады.
4. Осылайша келісiлген тарифтер екі Уағдаласушы Тараптың авиациялық өкімет орындарының бекітуiне оларды енгізудiң болжамды күнiнен кемiнде отыз күн бұрын ұсынылатын болады; жекелеген жағдайларда осы мерзiм аталған өкiмет орындарының келiсуімен азайтылуы мүмкін.
5. Егер тағайындалған авиакәсіпорындар қайсыбiр тарифтi бекіту мәселесi бойынша келiсе алмаса, немесе басқа бір себептермен тарифтердi осы Баптың 2-тармағына сәйкес белгiлеуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, немесе отыз күндiк мерзiмнiң iшiндегi алғашқы он бес күндiк мерзiмде, осы Баптың 4-тармағына сәйкес бiр Уағдаласушы Тараптың авиациялық өкімет орындары екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық өкімет орындарына осы Баптың 2-тармағына сәйкес келiсiлген тарифтердiң бірiмен келiспейтiндігі туралы хабарламасын тапсырған жағдайда, Уағдаласушы Тараптарды авиациялық өкімет орындары осы тарифтер жөнінде келісімге қол жеткізуге тырысатын болады.
6. Егер авиациялық өкiмет орындары осы Баптың 4-тармағына сәйкес өздерінiң қарауына ұсынылған қайсыбiр тарифтi бекiту бойынша немесе 5-тармаққа сәйкес қайсыбiр тарифті айқындау бойынша келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда дау осы Келiсiмнiң 18-бабының ережелерiне сәйкес шешілетін болады.
7. Әрбір Уағдаласушы Тараптың авиациялық өкімет орындары бекiткенге дейiн тарифтер жарамсыз болып табылады.
8. Осы Баптың ережелерiне сай жаңа тарифтер белгіленгенге дейiн, бiрақ Уағдаласушы Тараптар бipiнiң авиациялық өкімет орындары келiспеушілiгін білдiру күнiнен бастап он екi айдан асырылмай, осы Баптың ережелерiне сәйкес белгіленген тарифтердiң күшi сақталатын болады.
9. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың авиациялық өкiмет орындары өздерi бекiткен тарифтердiң тағайындалған авиакәсіпорындармен қолданылуын және авиакәсiпорындардың ешқайсысының тарифтердi ешбiр дәрежеде және ешқандай жолдармен, тiкелей және жанама төмендетудi заңсыз қолданбауын қамтамасыз ету үшiн мейлiнше күш-жiгер жұмсайтын болады.
12-бап
Коммерциялық қызмет
Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының бұдан әрi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында авиакөлiк қызмет көрсетулерiн тiкелей еркiн немесе агенттер арқылы сатуға, тасымалдар бойынша құжаттардың барлық түрлерiн, сондай-ақ жарнамалық материалдарды шығаруға және авиабилеттердiң сатылуына жәрдемдесуге мүмкiншiлiктерi тең болады.
13-бап
Өкілдік
Бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына (авиакәсiпорындарына) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында кiруге, келуге және еңбекпен қамтуға қатысты заңдары мен ережелерiн сақтай отырып, өз өкiлдiгiн ашуға, онда өзiнiң жеке әкiмшілiк, техникалық, коммерциялық және шарттық желiлердi пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажеттi басқа персоналды ұстау құқығы берiледi. Өкiлдiк персоналы бiр немесе екi Уағдаласушы Тарап азаматтарының санынан алынады.
14-бап
Табыстарды аудару
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына, Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес тиiстi салықтар төлегеннен кейiн шарттық желiлерiн пайдаланудан, оның мемлекетiнiң аумағында алынған кiрiстердiң айырмашылығын айырбастау бағамының негiзiнде еркiн айырбасталатын валютамен аударуға құқық бередi.
2. Қаржылық қатынастарды, сондай-ақ қосарлы салық салуды болдырмауды реттейтiн арнайы келiсiмдер болған жағдайда, төлемдер осы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
15-бап
Алымдар шарттары
Әрбiр әуежайдың, оның құрылыстары, техникалық және басқа да құралдар және қызмет көрсетулерiн, сондай-ақ аэронавигациялық құралдарды, байланыс құралдарын және қызметтердi пайдаланған үшiн кез келген басқа да алымдар әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында белгіленген шарттарға сәйкес алымдар мен төлемдер осы Уағдаласушы Тараптардың тағайындалған авиакәсiпорындарының ұқсас халықаралық қатынастарды орындайтын басқа да авиакәсiпорындардың әуе кемелерiнен алынатын ұқсас алымдардан аспауы тиiс деген шартпен алынатын болады.
16-бап
Кестелерді ұсыну
1. Келiсiлген әуе желілерiндегі ұшу кестелерi екi Уағдаласушы Тараптың авиациялық өкімет орындарының бекітуiне оларды енгізудiң болжамды күнiнен кем дегенде отыз күн бұрын тапсырылатын болады.
Ерекше жағдайда бұл мерзiм аталған өкiмет орындарының келiсуiмен азайтылуы мүмкiн.
2. Қосымша ұшуларды орындау рұқсатына сұрау салуларды тағайындалған авиакәсiпорын екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық өкімет орындарына бекітуге тікелей тапсырылуы мүмкiн.
17-бап
Статистикалық ақпарат
Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiмет орындары екіншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiмет орындарының сұрау салуы бойынша осы Келiсiмге қатысты мерзімдік немесе басқа статистикалық ақпараттарды береді.
18-бап
Дауларды реттеу
1. Осы Келісiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты Уағдаласушы Тараптардың арасында туындайтын кез келген дау алдыңғы кезекте тiкелей келiссөздер арқылы шешiлетiн болады.
2. Уағдаласушы Тараптар келiссөздер үстінде келiсiмге қол жеткізе алмаған жағдайда, олар дауды қайсыбiр құзыретті тұлғаның немесе ұйымның қарауына бepуi мүмкiн; егер бұған олар келіспесе, дау Уағдаласушы Тараптардың бiрінiң өтiнiшi бойынша Төрелiк соттың қарауына тапсырылатын болады және ол үшiн әpбip Уағдаласушы Тарап өзiнен бір төрешіден тағайындайды. Тағайындалған төрешiлер Төрелiк сот Төрағасының мiндеттерi жүктелетiн үшiншi төрешiнi белгілейдi.
Уағдаласушы Тараптар өз төрешiсiн даулы мәселелердi Төрелiк сот арқылы шешу жайлы ұсыныс туралы хабарламаны дипломатиялық арналармен алғаннан кейiн алпыс тәулiк iшiнде тағайындайды. Белгiленген мерзiмнiң iшiнде Уағдаласушы Тараптардың бiрi өз төрешiсiн тағайындамаған жағдайда, немесе Төрелiк соттың үшiншi төрешiсi белгiленген мерзiмде тағайындалмаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар төрешiлердi немесе Төрелiк соттың Төрағасын тағайындау жөнiнде өтiнiшiн Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Кеңесiнiң Төрағасына өтiнiш жасауы мүмкiн. Барлық жағдайда, үшiншi төрешi үшiншi мемлекеттiң азаматы болып табылуы тиiс және Төрелiк соттың Төрағасы болып тағайындалады.
3. Уағдаласушы Тараптар осы Баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiмдердi орындауға мiндеттенедi.
4. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi Төрелiк соттың шешiмiн орындамаған жағдайда, басқа Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмге сәйкес екiншi Уағдаласушы Тарапқа берiлген кез келген құқықтар мен жеңілдiктердi орындамаған үшiн шектеуге, уақытша тоқтатуға немесе жоюға құқылы.
5. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзi тағайындаған төрешiсiнiң жұмысына байланысты шығыстар мен төлемдердi көтеретiн болады. Төрелiк сот Төрағасының сыйақысы мен жұмсалымдарын, сондай-ақ Төрелiк сотқа байланысты шығыстарды екi Уағдаласушы Тарап бiрдей бөлiсiп төлейдi.
19-бап
Кеңесулер мен өзгерістер
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау жөнiндегi тығыз ынтымақтастық қатысты барлық мәселелер бойынша Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық өкiмет орындарының арасында мерзiмдi кеңесулер жүргiзiлетiн болады. Осындай кеңесулер, сұраныс түскен күннен кейiн алпыс күннiң iшiнде егер екi Уағдаласушы Тарап бұл мерзiмдi ұзартуға келiспесе басталуы тиiс.
2. Егер Уағдаласушы Тараптың бiреуi осы Келiсiмнiң қайсыбiр ережесiн өзгертудi орынды санаса, онда ол екiншi Уағдаласушы Тараптан консультация сұрай алады. Осылайша келiсiлген өзгерiстер әрбiр Уағдаласушы Тараптардың олардың заңдары мен ережелерiне сәйкес бекiтiлетiн болады.
20-бап
Келісім күшінің тоқтатылуы
1. Кез келген Уағдаласушы Тарап кез келген уақытта екiншi Уағдаласушы Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша осы Келiсiмнiң күшiн тоқтату туралы өзiнiң ниетiн хабарлай алады; мұндай хабарлама кешiктiрiлмей Азаматтық авиация халықаралық Ұйымының Кеңесiне бiр мезгiлде жiберiлетiн болады.
2. Бұл жағдайда, егер тоқтату туралы хабарлама төмендегi мерзiмнiң аяқталуына дейiн уағдаластық бойынша керi қайталырмаса, Келiсiмнiң күшi екiншi Уағдаласушы Тараптың осындай хабарламаны алған күнiнен бастап он екi айдан кейiн тоқтатылады. Екiншi Уағдаласушы Тараптың хабарламаны алғаны туралы растау құжаты болмаған жағдайда, хабарлама Азаматтық авиация халықаралық ұйымына түскен күнiнен бастап он төрт күннен кейiн алынады деп есептелетiн болады.
21-бап
Тіркеу
Осы Келiсiм мен оның кез келген кейiнгi өзгерiстерi Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Кеңесiнде тiркелетiн болады.
22-бап
Күшіне енуі
Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiн халықаралық келiсiмдердi жасасуға және күшiне енуiне байланысты мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлаған күннен бастап күшiне енедi.
Жазылғанның дәлелдемесi ретiнде өздерiнiң тиiстi үкiметтерiмен тиiстi түрде уәкiлеттендiрiлген төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
Каир қаласында 2001 жылғы 11 қарашада әрқайсысы қазақ, араб, ағылшын және орыс тілдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.
Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасының
Yкiметi үшiн Үкіметі үшін
Қосымша
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмнiң бағыттар кестесi
I-шi Бағыт
Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсiпорны (авиакәсiпорындары) төменде көрсетiлген бағыттар бойынша әуе қатынасын пайдалануға құқығы бар.
Ұшып шығу Бiр аралық пункт Египеттегi пункт Египеттен
пункттерi немесе қосымша тысқарыдағы бiр
келiсiлетiн кез пункт
келген басқа
пункт
__________________________________________________________________
Қазақстандағы Пункт қосымша Каир Бiр пункт
пункттер келiсiлетiн қосымша
болады келiсiлетiн
болады
II-шi Бағыт
Египет Араб Республикасының авиакәсiпорны (авиакәсiпорындары) төменде көрсетiлген бағыттар бойынша әуе қатынасын пайдалануға құқығы бар.
Ұшып шығу Бiр аралық пункт Қазақстандағы Египеттен
пункттерi пункт немесе тысқарыдағы бiр
қосымша пункт
келiсiлетiн кез
келген басқа
пункт
__________________________________________________________________
Египеттегi Пункт қосымша Астана Бiр пункт
пункттер келiсiлетiн қосымша
болады келiсiлетiн
болады
1. Кез келген аралық пункттер және/немесе тысқарыдағы пункттер осы пункттер және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi аумағының арасында ұшуларды орындауға арналған бостандықтың бесiншi дәрежесiн беру құқығынсыз бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны қызмет көрсететiн болады. Ұшуларға арналған осындай бостандықтың Бесiншi дәрежелi құқықтары бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық өкiмет орындарынан келiсiм алғаннан кейiн берілуi мүмкiн.
2. Белгiленген бағыттың кез келген немесе барлық пункттерi әрбiр тағайындалған авиакәсiпорынның қарауына қарай кез келген учаскеде немесе ұшудың барлық бағытында түсiрілуi мүмкiн.