"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Астана қаласының аумағындағы тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) иелерi немесе өкiлдiгi азаматтық заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген олардың заңды өкiлдерi 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен Алматы қаласынан Астана қаласына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттігін көшiру үшiн оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) берушілер болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi:
1) тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты оңтайлы әрi тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) заңнамада белгiленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі