Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1208 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Астана қаласының аумағындағы тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) иелерi немесе өкiлдiгi азаматтық заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген олардың заңды өкiлдерi 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен Алматы қаласынан Астана қаласына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттігін көшiру үшiн оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) берушілер болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi:
      1) тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты оңтайлы әрi тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын қамтамасыз етсiн;
      2) заңнамада белгiленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады