Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ауданы 1,76 га жер учаскесі (орман алқаптары) орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық мақсаттағы емес жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Қызылорда облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы комитетінің Қызылорда облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысына тұрақты жер пайдалануға берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы