Орман қорының жекелеген жер учаскілерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1230 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ауданы 1,76 га жер учаскесі (орман алқаптары) орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық мақсаттағы емес жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Қызылорда облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль  жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы комитетінің Қызылорда облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы  басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысына тұрақты жер пайдалануға берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады