Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 қарашадағы N 271 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 қарашадағы N 271 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі N 173 Жарлығына :
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
1-қосымшада:
реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы";
реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Өзге де саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер";
2-қосымшада:
реттік нөмірі 31-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы";
реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Өзге де саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер";
3-қосымшада:
жиырмасыншы абзацтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздер "Мәдениет министрлігі, Ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма төртінші абзацтағы ", коммуникациялар және туризм" деген сөздер "және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшада:
жиырма екінші абзацтағы ", коммуникациялар және туризм" деген сөздер "және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат):
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп отырсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын 5 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметін Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы хабардар етіп отырсын.";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жыл сайын 20 ақпанға Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етіп отырсын, сондай-ақ қажеттілігіне қарай Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізу туралы ұсыныстар енгізіп отырсын.".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1999 жылғы 28 қарашадағы N 271 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 51, 496-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті