Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 28 қараша N 271. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.12.18. N 1252 жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңының 17-1 бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің құрылымы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің штат саны 31 адам болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігіне материалдық-техникалық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына жүктелсін.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің мәселелері" атты 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021  (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 26, 218-құжат) және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021  Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 26 наурыздағы N 91   Жарлықтарының  күші жойылған деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шаралар      қолданылсын.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
1999 жылғы 28 қарашадағы
N 271 Жарлығымен 
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
жөніндегі агенттігі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялық жоспарларын (бұдан әрі - стратегиялық жоспарлар), стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу және іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттік заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.

      4. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші болады.

      5. Агенттік туралы Ережені, оның құрылымы мен жалпы штат санын Агенттік Төрағасының (бұдан әрі - Төраға) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      6. Агенттіктің заңдық мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2.

      7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы - Қазақстан
Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі.

      8. Мемлекет Қазақстан Республикасының Президенті атынан Агенттіктің құрылтайшысы болып табылады.
      Агенттік туралы осы Ереже оның құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

2. Агенттіктің міндеттері, функциялары мен құқықтары

      10. Агенттіктің негізгі міндеттері:
      1) стратегиялық жоспарлар әзірлеу және олардың іске асырылуын бақылау;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметін стратегиялық жоспарларды іске асыру барысы туралы хабардар етіп отыру;
      3) стратегиялық жоспарлау жүйесін қалыптастыру және жетілдіру;
      4) Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық, әлеуметтік, әскери-стратегиялық, сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстарды талдап жасау;
      5) мемлекеттік бағдарламаларды стратегиялық жоспарлармен үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.

      11. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын талдайды және бақылап отырады;
      2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
      3) стратегиялық жоспарлардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды;
      4) стратегиялық жоспарлауды қолданудың халықаралық практикасын талдайды және қорытады;
      5) Қазақстан Республикасында стратегиялық жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      6) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын талдайды; 
      7) экономиканың стратегиялық секторларында және табиғи монополияға жататын салада жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижелерін талдайды;
      8) Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      9) халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      10) стратегиялық жоспарларға сәйкес бюджет саясатын және сырттан қарыз алу саясатын қалыптастыру жөнінде, сондай-ақ қарыз алу процесі мен мемлекеттік борышты басқаруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      11) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      12) әзірленетін Мемлекеттік бағдарламалар жобаларына стратегиялық жоспарларға сәйкестігі тұрғысында талдау жасайды;
      13) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      12. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы мен Үкіметіне стратегиялық жоспарларды әзірлеу, түзету және іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және ұйымдардан өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде материалдар сұратуға және алуға;
      3) мемлекеттік органдар үшін стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі есептіліктің нысандары мен мерзімдерін белгілеуге;
      4) өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізуге және келісімдер жасасуға;
      5) Қазақстан Республикасының дамуы жөніндегі ұсыныстарды талдап жасау үшін Агенттік жанынан консультативтік-кеңесші органдарды, комиссиялар және жұмыс топтарын, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, соның ішінде шетелдіктерін тартуға;
      6) мемлекеттік органдар, сондай-ақ экономиканың стратегиялық секторларында жұмыс істейтін өзге де ұйымдар өткізетін отырыстар мен кеңестерге қатысуға;
      7) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын оларға стратегиялық жоспарлармен жүктелген міндеттерді атқармағаны,
сондай-ақ стратегиялық жоспарларға қайшы келетін іс-әрекеттері үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге хақылы.

3. Агенттіктің мүлкі

      13. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Агенттік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады және ол республикалық меншікке жатады.

      14. Агенттік өзіне бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзге жолмен басқаруға хақылы емес.
      Агенттікке заңдармен белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

      15. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Агенттікке материалдық-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

4. Агенттік қызметін ұйымдастыру

      16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.

      17. Агенттік Төрағасының орынбасары болады, оны Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Төраға:
      1) Агенттік қызметіне басшылық етеді және Агенттікке жүктелген міндеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің сапалы орындалуына дербес жауап береді;
      2) Агенттік Төрағасы орынбасарының және құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
      3) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
      4) Агенттік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Агенттік атынан өкілдік етеді;
      6) Агенттіктің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      19. Агенттік қабылдайтын шешімдер Төрағаның бұйрықтарымен ресімделеді.

      20. Төрағаның орынбасары Төраға болмаған кезде оның міндеттерін атқарады және өзіне Төраға жүктеген міндеттерді
орындайды.

      21. Агенттікте консультативтік-кеңесші орган - алқа құрылады. Алқаның саны мен дербес құрамын Агенттік Төрағасы бекітеді.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылады және таратылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
1999 жылғы 28 қарашадағы
N 271 Жарлығымен  
бекітілген       

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
жөніндегі агенттігінің
құрылымы

      Басшылық
      Стратегиялық жоспарлау және бақылау департаменті
      Әлеуметтік-экономикалық талдау департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады