Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу ережесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 1277 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2003 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1277 қаулысымен     
бекiтiлген         

Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу,
медициналық рентген-радиологиялық процедуралар
жүргiзу кезiнде, сондай-ақ радиациялық аяға
байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн
бақылау мен eceпке алу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрленген.
      Ереже жеке алған сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алуды жүзеге асырудың тәртiбiн aйқындайды және иондаушы сәулелендiру әсерiне ұшырайтын барлық жеке тұлғалар (бұдан әрi - азаматтар) мен қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады.

      2. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу мынадай мақсаттарда жүргiзiледi:
      1) азаматтар иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргізу кезінде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты алған жеке сәуле мөлшерлерi туралы объективтi ақпарат алу;
      2) белгiленген шектерден тыс сәуле алған адамдарды есепке алу;
      3) азаматтар мен ұйымдар персоналы алған сәуле мөлшерлерi туралы объективтi әрi шынайы ақпарат алу мүмкiндігін қамтамасыз ету;
      4) радиациялық фактордың азаматтарға әсер етуiн бағалау;
      5) азаматтардың сәуле алу деңгейлерiн төмендету жөнiнде шаралар қабылдау.

2. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау мен
есепке алуды ұйымдастырудың жалпы тәртiбi

      3. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелер талаптары ескерiле отырып, осы ережеге сәйкес жүргiзiледi және бақылау мен есепке алу көлемiне, параметрлеріне, әдiстерi мен құралдарына қойылатын бiрыңғай талаптармен қамтамасыз етiледi.

      4. Бақылау мен есепке алуға мыналар жатады:
      1) оларға әр түрлi иондаушы сәулелендіру көздерi әсер еткен кезде азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерi;
      2) техногендiк өзгертiлген радиациялық аяға байланысты азаматтар мен ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерi;
      3) медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерi;
      4) радиациялық авариялар кезiнде азаматтар мен ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерi.

      5. Негiзгi бақыланатын параметрлер мыналар болып табылады:
      1) жылдық тиiмдi және баламалы мөлшерлер;
      2) көз бұршағындағы, терiдегi, буындар мен табандағы жылдық баламалы мөлшер;
      3) радионуклидтердiң организмге түсуi және жылдық түсудi бағалау үшiн оларды организмде ұстау;
      4) ауадағы, судағы, тамақ өнімдеріндегі, құрылыс материалдары мен басқалардағы радионуклидтердің көлемдiк және үлестiк белсендiлiгi;
      5) терi қабаттарының, киiмнiң, аяқ киiмнiң, жұмыс орындарының радиоактивтік ластануы;
      6) сыртқы гамма-сәулелендiрудiң мөлшерi мен қуаттылығы.

      6. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн анықтау үшiн мыналар пайдаланылады:
      1) жеке дозиметрлердің көмегiмен тiкелей өлшемдер (азаматтар дербес алған сәуле мөлшерлерi);
      2) радиациялық мән-жайды ескере отырып, адамдар фантомдары мен сәулеленуiн есептегіштердің көмегiмен алынған жеке сәуле алу мөлшерлерiнiң есептемелерi;
      3) сәуле алған организмдегі биологиялық, биохимиялық және биофизикалық әсерлер бойынша азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн қайта жаңарту;
      4) әр түрлi материалдардағы радиациялық әсерлер бойынша азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн қайта жаңарту.

3. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу
кезінде персонал алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау
мен есепке алуды жүзеге асырудың тәртiбi

      7. Жұмыс сипатына қарай ұйым персоналы алған сәуленi жеке бақылау жеке дозиметрлердi пайдалана отырып аралас сәулелендiру немесе есептеу жолымен сыртқы бета, гамма, рентген және нейтрон сәулелендіру мөлшерлерi жеке бақылауды қамтиды.

      8. Ұйымдарда жеке дозиметриялық бақылауды жүргiзу үшiн персоналдың киiмiне қыстырылатын жеке дозиметрлер пайдаланылады. Дозиметрлердiң орналасу орны орындалатын жұмыстың сипатына байланысты.

      9. Персонал ұйымда белгiленген жеке дозиметрлерді пайдалану тәртібiн сақтауы қажет.

      10. Бақылау кезiнде қызметкер алған жиынтық мөлшерлер тоқсан сайын тіркеледi.

      11. Ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерiн есепке алуды кейіннен қызметкердің жеке есепке алу карточкасына енгiзе отырып, ұйымның дерекқорына тіркеу жолымен, ұйымның радиациялық қауiпсiздiк үшiн жауапты адамы жүзеге асырады. Ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу деректерi 50 жыл бойы сақталады. Қызметкер алған жеке сәуле мөлшерi туралы мәлiметтердің көшiрмесi, ол радиоактивті заттар мен басқа да иондаушы сәулелендіру көздерiн қолданатын ұйымға басқа жұмыс орнына ауысқан жағдайда, жаңа жұмыс орнына берiледi.
      Ұйымға iссапарға жiберiлген адамдар алған жеке сәуле мөлшерлерi туралы деректер олардың тұрақты жұмыс орнына жiберiледi және ұйымның дерекқорында тiркеледi.

      12. Персонал арналған тиiмдi мөлшердiң шегi кез келген келесi 5 жыл үшiн орта есеппен алғанда жылына 20 миллизиверттi (мЗв) құрайды, бiрақ жылына 50 мЗв-дан және 5 жылда 100 мЗв-дан аспауы тиiс. Тұтастай алғанда персоналдың еңбек қызметi кезеңiнде 50 жыл бойы тиiмдi жеке мөлшер 1000 мЗв-дан аспауы тиiс.

4. Медициналық рентген-радиологиялық
процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар
(пациенттер) алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау
мен есепке алуды ұйымдастырудың тәртiбi

      13. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар диагностикалық ақпарат немесе терапиялық әсер алу мақсатында тек дәрiгердiң тағайындауы және азаматтың (пациенттiң) келiсуi бойынша ғана жүргiзiледi. Тиiстi процедураны жүргiзу туралы түпкiлiктi шешiмдi дәрiгер рентгенолог немесе дәрігер-радиолог қабылдайды.

      14. Қолдану мүмкiн болмаған немесе басқа баламалы диагностика әдiстерiнен жеткiлiкті хабардар болмаған жағдайда медициналық рентген-радиологиялық процедуралар медициналық айғақтар бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мөлшерлердiң шегi белгiленбейді, бiрақ медициналық рентген-радиологиялық процедураларды тағайындауды негiздеу және азаматтарды (пациенттерді) қорғау шараларын оңтайландыру қағидаттары пайдаланылады.

      15. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат етiлген және оны пайдалану құқығына арналған санитарлық паспорты бар аппаратура пайдаланылады.

      16. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргізу кезiнде азаматтың (пациенттің) сәулелiк жүктемелерiн азайту үшiн барлық ықтимал шаралар қолданылуы тиiс.

      17. Әрбiр рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азамат (пациент) алған мөлшерлер азаматтың (пациенттiң) амбулаториялық картасына мiндеттi қосымша болып табылатын медициналық сәуле алу мөлшерлерiн есепке алудың дербес парағына енгізіледi және тиiстi медициналық рентген-радиологиялық процедураларды есепке алу журналында тiркеледi.

      18. Азаматтың (пациенттің) талап етуi бойынша оған күтiлетiн немесе алынған сәуле алу мөлшерi мен медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзуден болатын ықтимал салдарлар туралы ақпарат берiледi.

      19. Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi жеке алған сәуле мөлшерi 1 мЗв-дан аспауға тиiс.
      Азаматтарға профилактикалық медициналық ренатенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде қосымша зерттеу жүргiзудi немесе мөлшерлер көп пайда болатын әдiстердi мәжбүрлі пайдалануды талап ететiн жағдайда ғана белгiленген жылдық сәуле алу нормативi асып түсуi мүмкiн.
      Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде бұл нормативтi уақытша мәжбүрлi жоғарылату туралы шешiмдi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган қабылдайды.

      20. Азаматтардың (пациенттердің) мөлшерлiк жүктемелерiн айқындау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің талаптары мен нормаларына сәйкес жүргiзiледi.

      21. Табиғи сәулелендiру көздерiнің әсер етуi есебiнен радиациялық аямен байланысты тиiмдi мөлшердің жол берiлетiн мәнi азаматтар үшін белгiленбейдi. Азаматтар алған сәуленi азайтуға жекелеген табиғи сәулелендіру көздерiнен сәуле алуды шектеу жүйесiн орнату жолымен қол жеткiзiледi.

5. Азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерін
мемлекеттiк бақылау және есепке алу жүйесi

      22. Ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары белгілеген талаптарға сәйкес азаматтар мен персонал алған жеке сәуле мөлшерлерi бойынша жылдық мемлекеттік статистикалық есептілікті толтырады және қызметiн тиiстi аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саласындағы әл-ауқатын жүзеге асыратын атқарушы органдарға бередi, олар өз кезегінде мәлiметтердi қорытындылайды және жанында азаматтар жеке алған сәуле мөлшерлерiнің республикалық дерекқоры құрылатын Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияға бередi.
      Персонал мен азаматтарға жеке дозиметриялық бақылауды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi мөлшердi, сондай-ақ бүкiл кәсiби жұмыс iстеу кезеңiндегi жиынтық тиiмдi жеке мөлшердi есепке алу жүргiзiледi.

Об утверждении Правил контроля и учета индивидуальных доз облучения, полученных гражданами при работе с источниками ионизирующего излучения, проведении медицинских рентгенорадиологических процедур, а также обусловленных радиационным фоном

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года N 1277. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 259

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О радиационной безопасности населения" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила контроля и учета индивидуальных доз облучения, полученных гражданами при работе с источниками ионизирующего излучения, проведении медицинских рентгенорадиологических процедур, а также обусловленных радиационным фоном.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 19 декабря 2003 года N 1277

Правила контроля и учета индивидуальных доз облучения,
полученных гражданами при работе с источниками ионизирующего
излучения, проведении медицинских рентгенорадиологических
процедур, а также обусловленных радиационным фоном

1. Общие положения

      1. Правила контроля и учета индивидуальных доз облучения, полученных гражданами при работе с источниками ионизирующего излучения, проведении медицинских рентгенорадиологических процедур, а также обусловленных радиационным фоном (далее - Правила), разработаны в целях реализации Закона Республики Казахстан "О радиационной безопасности населения".
      Правила определяют порядок осуществления контроля и учета индивидуальных доз облучения и распространяются на всех физических лиц, подвергающихся воздействию ионизирующего излучения (далее - граждане) и юридических лиц, осуществляющих деятельность с использованием источников ионизирующего излучения (далее - организации).
      2. Контроль и учет индивидуальных доз облучения проводятся в целях:
      1) получения объективной информации об индивидуальных дозах облучения граждан, полученных при работе с источниками ионизирующего излучения, проведении медицинских рентгенорадиологических процедур, а также обусловленных радиационным фоном;
      2) учета лиц, подвергшихся облучению выше установленных пределов;
      3) обеспечения возможности получения объективной и достоверной информации о дозах облучения граждан и персонала организации;
      4) оценки воздействия радиационного фактора на граждан;
      5) принятия мер по снижению уровней облучения граждан.

2. Общий порядок организации контроля и
учета индивидуальных доз облучения

      3. Контроль и учет индивидуальных доз облучения проводятся в соответствии с настоящими Правилами с учетом требований норм и правил в области обеспечения радиационной безопасности и обеспечиваются едиными требованиями к объему, параметрам, методам и средствам контроля и учета.
      4. Контролю и учету подлежат:
      1) индивидуальные дозы облучения, полученные гражданами при воздействии на них различных источников ионизирующего излучения;
      2) индивидуальные дозы облучения граждан и персонала организаций, обусловленные техногенно-измененным радиационным фоном;
      3) индивидуальные дозы облучения граждан при проведении медицинских рентгенорадиологических процедур;
      4) индивидуальные дозы облучения, полученные гражданами и персоналом организации при радиационных авариях.
      5. Основными контролируемыми параметрами являются:
      1) годовая эффективная и эквивалентная дозы;
      2) годовая эквивалентная доза в хрусталике глаза, коже, кистях и стопах;
      3) поступление радионуклидов в организм и содержание их в организме для оценки годового поступления;
      4) объемная или удельная активность радионуклидов в воздухе, воде, продуктах питания, строительных материалах и так далее;
      5) радиоактивное загрязнение кожных покровов, одежды, обуви, рабочих поверхностей;
      6) доза и мощность дозы внешнего гамма-излучения.
      6. Для определения, индивидуальных доз облучения используются:
      1) прямые измерения с помощью индивидуальных дозиметров (персональные дозы облучения граждан);
      2) расчеты индивидуальной дозы с учетом радиационной обстановки, полученные с помощью фантомов и счетчиков излучений человека;
      3) реконструкция индивидуальной дозы облучения граждан по биологическим, биохимическим и биофизическим эффектам в облученном организме;
      4) реконструкция индивидуальной дозы облучения граждан по радиационным эффектам в различных материалах.

3. Порядок осуществления контроля и учета индивидуальных доз
облучения, полученных персоналом при работе с источниками
ионизирующего излучения

      7. Индивидуальный контроль за облучением персонала организации в зависимости от характера работ включает индивидуальный контроль за дозой внешнего бета, гамма, рентгеновского и нейтронного излучений, также смешанного излучения с использованием индивидуальных дозиметров или расчетным путем.
      8. Для проведения индивидуального дозиметрического контроля в организациях используются индивидуальные дозиметры, которые фиксируются на одежде персонала. Место расположения дозиметров зависит от характера выполняемой работы.
      9. Персоналу необходимо соблюдать установленный в организации порядок использования индивидуальных дозиметров.
      10. Суммарные дозы, полученные персоналом за время контроля, регистрируются ежеквартально.
      11. Учет индивидуальных доз облучения персонала организации осуществляется лицом, ответственным за радиационную безопасность организации, путем регистрации в базе данных организации с последующим внесением в карточку индивидуального учета работника. Данные контроля и учета индивидуальных доз облучения персонала организации хранятся в течение 50 лет. Копия сведений об индивидуальной дозе облучения работника в случае его перехода на другое место работы в организацию, где применяются радиоактивные вещества и другие источники ионизирующих излучений, передается на новое место работы.
      Данные об индивидуальных дозах облучения, полученные прикомандированными в организацию лицами, передаются на место их постоянной работы и регистрируются в базе данных организации.
      12. Предел эффективной дозы для персонала составляет 20 миллизиверт (мЗв) в год в среднем за любые последовательные 5 лет, но не более 50 мЗв в год и не более 100 мЗв за 5 лет. В целом за период трудовой деятельности персонала в течение 50 лет эффективная индивидуальная доза не должна превышать 1000 мЗв.

4. Порядок организации контроля и учета индивидуальных доз
облучения, полученных гражданами (пациентами) при проведении
медицинских рентгенерадиологических процедур

      13. Медицинские рентгенорадиологические процедуры выполняются с целью получения диагностической информации или терапевтического эффекта, проводятся только по назначению врача и с согласия гражданина (пациента). Окончательное решение о проведении соответствующей процедуры принимает врач-рентгенолог или врач-радиолог.
      14. Медицинские рентгенорадиологические процедуры осуществляются по медицинским показаниям в случаях невозможности применения или недостаточной информативности других альтернативных методов диагностики. При этом не устанавливаются пределы доз, но используются принципы обоснования назначения медицинских рентгенорадиологических процедур и оптимизации мер защиты граждан (пациентов).
      15. Для медицинских рентгенорадиологических процедур используется аппаратура, зарегистрированная и разрешенная к применению в Республике Казахстан и имеющая санитарный паспорт на право ее эксплуатации.
      16. При проведении медицинских рентгенорадиологических процедур должны быть предприняты все возможные меры для снижения лучевой нагрузки гражданина (пациента).
      17. Дозы облучения гражданина (пациента) при проведении каждой рентгенорадиологической процедуры вносятся в персональный лист учета доз медицинского облучения, являющийся обязательным приложением к амбулаторной карте гражданина (пациента), и регистрируются в соответствующих журналах учета медицинских рентгенорадиологических процедур.
      18. По требованию гражданина (пациента) ему представляется информация об ожидаемой или полученной дозе облучения и о возможных последствиях от проведения рентгенорадиологических процедур.
      19. При проведении профилактических медицинских рентгенологических процедур гражданам годовая индивидуальная эффективная доза облучения не должна превышать 1 мЗв.
       Установленный норматив годового облучения при проведении профилактических медицинских рентгенологических процедур гражданам может быть превышен лишь в условиях, требующих проведения дополнительных исследований или вынужденного использования методов с большим дозообразованием.
      Решение о временном вынужденном превышении этого норматива при проведении профилактических медицинских рентгенологических процедур гражданам принимается уполномоченным органом в области здравоохранения.
      20. Определение дозовых нагрузок граждан (пациентов) проводится в соответствии с требованиями санитарно-эпидемиологических правил и норм, утвержденных уполномоченным органом в области санитарно- эпидемиологического благополучия населения.
      21. Допустимое значение эффективной дозы, обусловленной радиационным фоном, за счет воздействия природных источников излучения, для граждан не устанавливается. Снижение облучения граждан достигается путем установления системы ограничений от облучения отдельных природных источников излучения.

5. Государственная система контроля и
учета индивидуальных доз облучения граждан

      22. Организации заполняют и представляют в соответствии с установленными требованиями государственных органов санитарно-эпидемиологической службы Республики Казахстан годовую государственную статистическую отчетность по индивидуальным дозам облучения граждан и персонала в исполнительные органы, осуществляющие деятельность в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения на соответствующих территориях, которые в свою очередь обобщают и представляют сведения в Республиканскую санитарно- эпидемиологическую станцию, при которой формируется республиканская база данных индивидуальных доз облучения граждан.
      При проведении индивидуального дозиметрического контроля персонала и граждан ведется учет годовой эффективной дозы, а также суммарной эффективной индивидуальной дозы за весь период профессиональной работы.