Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2016 № 680 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1406 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 48, 482-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiнде:
1) 3-тармақтағы "эмиссиямен" деген сөз "шығарылыммен" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 4-тармақтағы "әрбiр эмиссиясы" деген сөздер "әрбiр шығарылымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-тармақтағы "әрбiр эмиссиясына" деген сөздер "әрбiр шығарылымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-тармақтағы "бiрiншi эмиссия", "екiншi эмиссия", "үшiншi эмиссия" деген сөздер тиiсiнше "бiрiншi шығарылым", "екiншi шығарылым", "үшiншi шығарылым" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-тармақтағы "тиiстi эмиссия" деген сөздер "тиiстi шығарылым" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-тармақта:
"индекстелген" деген сөзден кейiн "атаулы" деген сөзбен толықтырылсын;
"есептеледi" деген сөзден кейiн ", бiрақ оның атаулы құнынан төмен болмайды" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 6) тармақшасынан басқа, жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi