Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1406 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2016 № 680 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес және "Қазақстан Халық Банкi" ашық акционерлiк қоғамында қолданыстағы шоттарда сақталып жатқан бұрынғы KCPO Қазақ республикалық жинақ банкiндегi Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтарын өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтарын өтеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар етудi қамтамасыз етсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.20. N 442 қаулысымен .

      3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкіметінің        
2002 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1406 қаулысымен     
бекiтiлген     

Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесi

      Осы Ереже "Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигациялары" (МАӨҚО) мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын (бұдан әрi - облигациялар) шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) депозитарий - "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамы;
      2) эмитент - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігi;
      3) қаржы агентi - облигацияларды орналастыруды, қызмет көрсетудi және оларды өтеудi қамтамасыз ететiн "Қазақстан Халық Банкi" ашық акционерлiк қоғамы;
      4) салымдарды қайта ресiмдеу - Қазақстан Республикасы азаматтарының 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымдарының қалдықтарын рубльдiк баламадан 1992 жылдың 3 қаңтарына 1 АҚШ доллары үшiн 150 рубль биржалық бағам бойынша долларға, ал содан кейiн облигацияларды шығару күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша теңгелiк баламамен облигацияларға қайта есептеу;
      5) тiзiлiм - Қазақстан Республикасы азаматтарының 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалдықтарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының өтеуге жататын салымдары орналасқан шоттардың бiрыңғай тiзбесi.

2. Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу

      2. Облигацияларды 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұрынғы КСРО Қазақстан республикалық жинақ банкiнде қаржы агентiнiң қолданыстағы шоттарында сақталып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарын өтеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шығарады.

      3. Облигациялар құжатсыз нысанда айналыс мерзiмi бiр, екi және үш жыл шығарылады. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1292 қаулысымен .
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.20. N 442 қаулысымен .

      4. Облигациялар купондық болып табылады. Облигациялардың әрбiр шығарылымы бойынша сыйақы ставкасы тiркелген және облигацияларды шығару күнiнiң алдындағы соңғы аукционда қалыптасқан тиiстi айналыс мерзiмiмен қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелердiң сыйақы ставкасына тең. <*>
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1292 қаулысымен .

      5. Бір облигацияның атаулы құны бiр теңгенi құрайды.

      6. Эмитент шығарылым өлшемдерiн бекiтедi және облигацияның әрбiр шығарылымына осы Ережеге қосымшаға сәйкес Басты сертификат ресiмдейдi. Басты сертификат екi данада жасалады, олардың бiреуi қаржы агентiнде, екiншiсi эмитентте сақталады. <*>
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1292 қаулысымен .

      7. Облигацияларды орналастыру тiзiлiмнiң негiзiнде оның салымшылары арасында 2004 жылдың аяғына дейiн қаржы агентi арқылы жазылу жүргізу жолымен мынадай түрде жүргiзiледi: <*>
      1) бiрiншi шығарылым: мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, 1936 жылдан бастап 1940 жылды қоса алғанда туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына;
      2) екiншi шығарылым: мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, 1941 жылдан бастап 1960 жылды қоса алғанда туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына;
      3) үшiншi шығарылым: мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, 1961 жылдан бастап 1991 жылды қоса алғанда туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына; <*>
      4) қосымша шығарылым: мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, 1936 - 1940 жылдары туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына. <*>
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1292 қаулысымен .
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.20. N 442 қаулысымен .

      8. Облигацияларды айналысқа қосу олар шығарылған күннен кейiнгi күнi басталады және облигацияларға сыйақы төлеу әрi өтеу күнiне дейiнгi үш жұмыс күнiнде аяқталады.

      9. Қайталама рыноктағы облигациялар айналысы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Облигацияларды өтеудi тиiстi шығарылым үшiн белгiленген өтеу күнi олардың индекстелген атаулы құны бойынша эмитент жүргiзедi. <*>
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1292 қаулысымен .

      11. Облигациялардың атаулы құны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi есеп айырысу күнiне белгiлеген АҚШ долларының ресми бағамының облигацияларды айналысқа қосу басталған күнiндегiдей бағамға ара қатынасына олардың атаулы құнының көбейтiндiсi ретiнде есептеледi, бiрақ оның атаулы құнынан төмен болмайды. <*>
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1292 қаулысымен .

      12. Облигациялар бойынша сыйақы сомасы осы Ереженiң 4-тармағында белгiленген облигациялардың атаулы құнының сыйақысын, сыйақы ставкасын төлеу күнiне және 100-гe бөлiнген облигациялардың айналыс мерзiмiне (жылдармен) индекстелген мөлшерi ретiнде есептеледi.

      13. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу облигацияларды өтеу күнi бiр уақытта жүргiзiледi.

      14. Депозитарий сыйақы төлегенге және облигацияларды өтеу күнiне дейiнгi үш жұмыс күнiнде эмитентке облигациялардың саны туралы мәлiметтi қамтитын облигациялардың сыйақысын өтеуге және төлеуге жиынтық ведомосты бередi.

      15. Облигацияларға меншiк құқығын есепке алу және оның көшуiн тiркеу депозитарийде және қаржы агентiнде жүзеге асырылады.

      16. Облигациялармен жасалатын операциялар бойынша салық салу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес анықталады.

3. Салымдарды қайта ресiмдеу

      17. Салымдарды қайта ресiмдеудi қаржы агентi және салым иесi өзi немесе салымды алуға құқылы адам келген кезде ол уәкiлеттiк берген басқа орган жүргiзедi.

      18. Салым иелерi эмитент бекiтетiн нысан бойынша салымды қайта ресiмдеуге өтiнiм (бұдан әрi - өтiнiм) толтырады, онда салым иесi туралы деректер: жеке басының куәлiгi, салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (CTTH), жинақ кiтапшасының деректемелерi, 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымның қалдық сомасы, облигациялардың саны, салымды қайта ресiмдеуге келiсiм қамтылады. Жазбаша өтiнiм екi данада ресiмделедi, олардың бiреуi қаржы агентiнде, екiншiсi салым иесiнде сақталады.

      19. Салым иесi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарына сәйкес берiлген сенiмхаттың негiзiнде өз атынан өтiнiмдi толтыруға, сондай-ақ iс-әрекет жасауға үшiншi тұлғаға уәкiлеттiк бepуге құқығы бap.

      20. Салым иелерi облигацияларды өтеу және сыйақы төлеу күнiне дейiнгi бiр күнтiзбелiк аптаны қоспағанда, 2004 жылдың аяғына дейін белгiленген нысанда толтырылған жазбаша өтiнiмдердi қаржы агентiне бередi. <*>
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.20. N 442 қаулысымен .

      21. Салым иелерi қаржы агентi облигацияларға жазылуды жүргiзгеннен кейiн жазбаша өтiнiмдердi берген жағдайда, салымдарды қайта ресiмдеу туралы мәселенi қаржы агентi эмитенттiң келiсiмi бойынша шешедi.

      22. Қаржы агентi осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес анықталатын айналыс мерзiмiмен бағалы қағаздарды есепке алу бойынша облигацияларды шығару және салым иелерiнiң атына жеке шот ашу күнi беру жолымен салымдарды облигацияларға қайта ресiмдеудi жүзеге асырады. Депозитарий қаржы агентiнiң "депо" шотындағы шоғырландырылған қосалқы шотындағы салымдарды қайта ресiмдеу кезiнде салымшы берген бағалы қағаздарды есепке алуды жүзеге асырады.

      23. Өтемақы сомасын есептеудi қаржы агентi тiзiлiмнiң негiзiнде жүргiзедi.

      24. Салымды қайта ресiмдеген, облигациялар бойынша сыйақы өтеген және төлеген жағдайда құнын индекстеген кезде қалыптасқан тиындар мынадай: тиыны 0-ден 49-ға дейiн бар сома есептелген жағдайда азаю жағына қарай, тиыны 50-ден 99-ға дейiн бар сома есептелген жағдайда арту жағына қарай дөңгелектеу әдiсiне ұшырайды.

      25. Облигациялардың иелерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға тиесiлi облигацияларға қатысты кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға құқылы.

      26. Эмитент пен қаржы агентiнiң арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына, осы Ережеге және Агенттiк келiсiмге сәйкес реттеледi.

Қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығарудың
БАСТЫ СЕРТИФИКАТЫ

      Осы Басты сертификат мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, жылдан бастап жылды қоса алғанда, туылған азаматтар үшiн айналыс мерзiмiмен мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын (бұдан әрi - облигациялар) шығаруға ресiмделдi.
      Облигациялар Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ-дағы салымдарына өтем жасау туралы" Жарлығына сәйкес 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкiндегi салымдардың қалдығын өтеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шығарады.
      Облигацияларды шығару өлшемдерi:
      Ұлттық сәйкестендiру нөмiрi:
      Шығару көлемi:
      Айналыс мерзiмi:
      Шығару күнi:
      Өтеу күнi:
      Облигациялардың бастапқы құны:
      Сыйақы ставкасы:
      Сыйақы төлеу күнi:
      Облигацияларды шығару нысаны - құжатсыз. Шығарылым осы Басты сертификатпен ресiмделдi. Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларына меншiк құқығын тiркеу "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" ЖАҚ-тағы "депо" қосалқы шоттарында тиiстi жазбалар нысанында тiркеледi. Облигацияларды орналастыру, қызмет көрсету және оларды өтеу 200__ жылғы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ арасында жасалған агенттiк келiсiмге сай Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Басты сертификат екi данада - бiреуi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үшiн, екiншiсi "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ үшiн жасалды.

      Қаржы министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады