Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану ережесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1303 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 18-02/891 бұйрығын қараңыз.



      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 100-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану ережесi бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2003 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1303 қаулысымен     
бекiтiлген        

Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану ережесi

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне және "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы немесе арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      3. Жалпы табиғат пайдалану тәртiбiмен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектiлерiн табиғи ортадан алмай-ақ ғылыми, мәдени-ағарту тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда жүзеге асырылады.
      4. Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектілерiн табиғи тiршiлiк ортасынан белгiленген тәртiппен ғылыми және мәдени-ағарту мақсаттарында аң аулау кезiнде, сондай-ақ жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану үшiн алу арқылы жүзеге асырылады.
      5. Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде мемлекеттік орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасындағы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берілмеген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесiн шаруашылық мақсаттарда, сондай-ақ олардың тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану (тасталған мүйiздердi, мумие жинау, жабайы араларды, құмырсқаларды және басқаларды пайдалану) үшiн мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман пайдаланушыға 1 жылға дейiнгi қысқа мерзiмге беріледi.
      8. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесi объектiлерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалануды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушi беретiн орман билетi және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты негiздеме болып табылады.
      9. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi мен орман ресурстарына нұқсан келтiру мүмкiндiгiне жол бермейтiн тәсiлдермен жүзеге асырылуға тиiс.
      10. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға мынадай:
      1) оларға орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау өртке қарсы iс-шаралар жүргiзу, ал орман өртi шыққан жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз ету;
      2) орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орманды заңсыз кесуге және Қазақстан Республикасы орман заңнамасының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану заңнамасының өзге де бұзушылықтарына жол бермеу;
      3) мемлекеттiк орман иеленушілерге оларға орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болғаны туралы хабарлау;
      4) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында, рұқсаттама құжаттарда белгіленген шарттарды орындау;
      5) мемлекеттiк орман қоры учаскесiн 10 жылға және одан да астам ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекiтiп беру туралы мемлекеттiк орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасындағы шартқа қол қойылғаннан кейiн 2 жылдан аспайтын мерзiмде мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен iшкi шаруашылық аңшылықты жоспарлау жобасын мемлекеттiк орман иеленушiге беру;
      6) орман шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекiтілiп берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк есебiн, жануарлар дүниесiнiң кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн және жануарлар дүниесiнiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты беру талаптары қойылады.
      11. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану ақысы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртіппен айқындалады.

Об утверждении Правил пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2003 года N 1303. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2016 года № 105

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.02.2016 № 105 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 6 октября 2015 года № 18-02/891.


      В соответствии со статьей 100 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан постановляет: 

      1. Утвердить прилагаемые Правила пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства. 

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

 
                                                Утверждены
                                      постановлением Правительства
                                          Республики Казахстан
                                      от 23 декабря 2003 года N 1303

                           Правила
            пользования животным миром на участках
          государственного лесного фонда, в том числе
                 для нужд охотничьего хозяйства
 

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Лесным кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и определяют порядок пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства.

      2. Пользование животным миром на участках государственного лесного фонда осуществляется в порядке общего или специального природопользования.

      3. В порядке общего природопользования пользование животным миром на участках государственного лесного фонда осуществляется без изъятия объектов животного мира из природной среды в научных, культурно-просветительных, воспитательных и эстетических целях.

      4. В порядке специального природопользования пользование животным миром на участках государственного лесного фонда осуществляется с изъятием объектов животного мира из природной среды в установленном порядке в научных и культурно-просветительных целях, при производстве охоты, а также для использования полезных свойств и продуктов жизнедеятельности животных.

      5. В порядке специального природопользования пользование животным миром на участках государственного лесного фонда, закрепленных за пользователями животным миром, осуществляется в соответствии с договором между государственным лесовладельцем и лесопользователем, при наличии разрешения уполномоченного органа в области охраны, воспроизводства и использования животного мира.

      6. Пользование животным миром на участках государственного лесного фонда, не закрепленных за пользователями животным миром, осуществляется в соответствии с разрешением, выдаваемым уполномоченным органом в области охраны, воспроизводства и использования животного мира.

      7. Для пользования в хозяйственных целях животным миром, не относящимся к объектам охоты, а также полезными свойствами и продуктами их жизнедеятельности (сбор сброшенных рогов, мумие, использование диких пчел, муравьев и другие) участки государственного лесного фонда предоставляются лесопользователю краткосрочно на срок до 1 года.

      8. Основанием для осуществления пользования в хозяйственных целях объектами животного мира, не относящимся к объектам охоты, на участках государственного лесного фонда являются лесной билет, выдаваемый государственным лесовладельцем, и разрешение уполномоченного органа в области охраны, воспроизводства и использования животного мира.

      9. Пользование животным миром на участках государственного лесного фонда должно осуществляться способами, исключающими возможность нанесения ущерба животному миру и лесным ресурсам.

      10. К пользователям животным миром на участках государственного лесного фонда предъявляются следующие требования:

      1) соблюдать на отведенных им для лесопользования участках государственного лесного фонда правила пожарной безопасности, проводить противопожарные мероприятия, а в случае возникновения лесного пожара, обеспечивать его тушение;

      2) не допускать на отведенных для лесопользования участках государственного лесного фонда незаконных порубок леса и иных нарушений лесного законодательства Республики Казахстан, законодательства Республики Казахстан об охране, воспроизводстве и использовании животного мира;

      3) информировать государственных лесовладельцев о появлении на отведенных им для лесопользования участках государственного лесного фонда вредителей и болезней леса;

      4) выполнять условия, установленные договором долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда, разрешительными документами;

      5) представлять государственному лесовладельцу проект внутрихозяйственного охотустройства, прошедший государственную экологическую экспертизу в срок, не превышающий 2 года после подписания договора между государственным лесовладельцем и лесопользователем о закреплении участка государственного лесного фонда в долгосрочное пользование на 10 лет и выше;

      6) представлять уполномоченным государственным органам в области лесного хозяйства, а также в области охраны, воспроизводства и использования животного мира информацию, необходимую для ведения государственного учета животного мира, кадастра животного мира, государственного лесного мониторинга и мониторинга животного мира на закрепленных за пользователями животным миром в долгосрочное пользование участках государственного лесного фонда, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      11. Плата за пользование животным миром на участках государственного лесного фонда определяется в порядке, установленном налоговым законодательством Республики Казахстан.