Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығын қараңыз.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттiк органдары жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу үшiн жауапты болып белгiленсiн:
1) аң аулау объектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар бойынша, жәндіктер – орман зиянкестері және орман үшін пайдалы жәндіктер бойынша, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар бойынша - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
2) балық ресурстары және балық аулау объектілеріне жатқызылған және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарлары бойынша – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
3) жәндiктер - өсiмдiк зиянкестерi (орманның зиянкес жәндiктерiнен басқа) және ауыл шаруашылығы дақылдары үшiн пайдалы жәндiктер бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. "Қазақстан Республикасының аумағында жануарларға мемлекеттiк санақ және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1153 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 345-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 5 қаңтардағы
N 1 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн
мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен
мониторингiн жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның кадастры мен мониторингi (бұдан әрi - есепке алу, кадастр мен мониторинг) жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды мемлекеттiк басқару, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әртүрлiлігі мен мекендейтiн ортасын сақтау мақсаттарында жүргiзiледi. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жануарлар дүниесiнiң жай-күйi мен географиялық жағынан таралуы, мекендейтiн ортасы, саны, жүйелi түрде байқаулардың нәтижелерi туралы мәлiметтердiң жиынтығын, оларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы ақпаратты және басқа да деректердi қамтиды.
3. Жануарлар дүниесiн есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тиiстi уәкiлеттi органдар) жүргiзедi.
Есепке алу, кадастр мен мониторинг жүргiзу үшiн мәлiметтер жинауды тиiстi уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық органдары жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектілерiнiң санын есепке алады және тиiстi уәкiлеттi органның аумақтық органына есеп бередi.
4. Жануарлар дүниесiн есепке алу, оның кадастры мен мониторингi жануарлардың топтары: сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, омыртқасыздар, соның iшiнде жәндiктер бойынша республика үшiн бiрыңғай жүйе, әдiстемелер және көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi.
5. Жануарлар дүниесiн есепке алу, оның кадастры мен мониторингiн жүргізу:
аң аулау объектiлерiне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жабайы жануарлар бойынша;
балықтар және балық аулау объектiлерiне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа да су жануарлары бойынша;
жәндiктер - өсiмдiк зиянкестерi (орманның зиянкес жәндiктерiнен басқа) және ауыл шаруашылығы дақылдары үшiн пайдалы жәндiктер бойынша;
жәндiктер - орман зиянкестерi және орман үшiн пайдалы жәндiктер бойынша;
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар бойынша жүзеге асырылады.
6. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жүргiзiлетiн жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып тиiстi уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Жануарлар дүниесiн есепке алуды жүргiзу
7. Жануарлар дүниесiн есепке алу мемлекеттiк экологиялық сараптамамен келiсiлген және тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен бiрыңғай әдiстемелер бойынша жүзеге асырылады.
8. Жануарлар дүниесiн есепке алу деректерi Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастры мен мониторингiн жүргiзу үшiн негiз болып табылады.
3. Жануарлар дүниесiнiң кадастрын жүргiзу
9. Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастры табиғи еркiндiк жағдайларында, ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда республика аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтiн жабайы жануарлар түрлерiнiң (түрлер топтарының) таралуы, биологиялық жай-күйi, саны, шаруашылық мақсатта пайдаланылу сипаты мен қарқындылығы туралы қажеттi мәлiметтер мен құжаттар жүйесiн, сондай-ақ осы жануарлардың тiршiлiк ету жағдайлары (мекендейтiн ортасы), жүргiзiлетiн биотехникалық, қорғау, қалпына келтiру және өзге де iс-шаралар туралы негiзгi деректердi қамтиды.
10. Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастрын құрайтындар мыналар болып табылады:
1) жануарлар дүниесiнiң гендiк қор кiтабы - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi. Ол жануарлар дүниесiн есепке алудың және оның кадастрының бірыңғай зоологиялық негізiн қамтамасыз етеді және мынадай:
республика фаунасының құрамы;
жануарлар түрлерiнiң (түрлер топтарының) жүйелiк жағдайы, олардың ғылыми атаулары туралы мәлiметтердi;
жануарлардың таралуы және олардың саны;
экологиялық жүйелері мен популяцияларының таралуы жай-күйiнiң өзгеру үрдiстерi;
жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы мәлiметтердi қамтиды;
2) аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерiнiң кадастр кітаптары - өздерінiң аумақтық органдары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегi мекемелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
3) балықтардың және балық аулау объектiлерiне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кiтаптары - өзiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
4) омыртқасыз жануарлардың ауыл шаруашылық кадастры кiтабы - өсiмдiктердiң зиянкес жәндiктерi мен ауыл шаруашылығы үшін пайдалы жәндiктер туралы өзінің аумақтық органдары беретін деректер бойынша өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргізедi;
5) омыртқасыз жануарлардың орман кадастры кітабы - өзiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін жәндіктер - орман зиянкестерi мен орман шаруашылығы үшін пайдалы жәндіктер туралы мәлiметтердi қамтитын деректер бойынша орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi;
6) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң кадастры кiтабы - Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерi туралы өздерiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер негiзiнде тиiстi уәкiлеттi органдар және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
7) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың жылдық есептерi;
8) жануарлар санын есепке алу материалдары.
11. Жануарлар дүниесiнiң кадастры цифрлық геоақпараттық жүйелер негiзiнде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
Кадастр кiтаптарын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi орган айқындайды.
12. Кадастрлар шеңберiнде алынған жануарлар дүниесi объектiлерiн есепке алу мен тiркеу нәтижелерi Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерi мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесiне тегiн берiледi.
4. Жануарлар дүниесінің мониторингін жүргiзу
13. Жануарлар дүниесiнiң мониторингi жануарлар дүниесi объектiлерiнiң таралуын, санын, физикалық жай-күйін, олардың мекендейтiн ортасының құрылымын, сапасын және алаңын жүйелi түрде байқау жүйесiн бiлдiредi. Ол экологиялық жүйелер мен биологиялық сан алуандықты сақтау, жануарлар дүниесiн теңдестiрiлген дәрежеде және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшiн болып жатқан өзгерiстердi анықтау және бағалау, теріс процестер мен құбылыстар салдарларының алдын алу және жою мақсаттарында жүргiзiледi.
14. Жануарлар дүниесi мониторингiнiң деректерi жануарлар дүниесiнiң кадастрын жүргізу үшiн пайдаланылады.
Жануарлар дүниесiнiң мониторингiн жүргiзу тәртiбi мен нысандарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша тиiстi уәкiлеттi органдар анықтайды.
15. Жануарлар дүниесi мониторингiнiң нәтижелері белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай жүйесiне енгiзу үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға тегiн берiледi.
5. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін
жүргiзудi мемлекеттік бақылау
16. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзуге мемлекеттiк бақылауды тиiстi уәкiлеттi органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және олардың аумақтық органдары жүзеге асырады.