Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджет қаражатын тонау фактісі бойынша N 037103031116 қылмыстық істі тергеумен айналысатын жедел тергеу тобының қызметкерлеріне біржолғы төлемді жүзеге асыру үшін 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 1600000 (бір миллион алты жүз мың) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген көрсетілген ақша қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі