Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі N 845 Қаулысымен.
" Лицензиялау туралы " және " Валюталық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Резиденттердiң резидент еместерден экспорт бойынша төлемдер алуы, егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсiмдi алу арасындағы мерзiм 365 күннен асып кеткен жағдайда лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1350 қаулысымен
бекiтiлген
Резиденттердiң резидент еместерден экспорт бойынша төлемдер
алуы, егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсiмдi алу
арасындағы мерзiм 365 күннен асып кеткен жағдайда лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесi
_________________________________________________________________
Р/с СЭҚ ТН коды Атауы
N
_________________________________________________________________
1. 2844 Химиялық радиоактивтi элементтер мен
радиоактивтi изотоптар (бөлiнгiш
және өнгiш химиялық элементтер мен
изотоптарды қоса алғанда) және
олардың қосылыстары; осы өнiмдерден
тұратын қоспалар мен қалдықтар
2. 84 Ядролық реакторлар, қазандар,
жабдықтар және механикалық
құрылғылар; олардың бөлшектерi
3. 85 Электрлi машиналар мен жабдықтар,
олардың бөлшектерi; дыбыс жазғыш
және дыбыс шығарғыш аппаратура,
теледидардың бейнесi мен
дыбысын жазуға және дыбысын шығаруға
арналған аппаратура, олардың
бөлшектерi мен керек-жарақтары
4. 87 Темiр жол немесе трамвай жылжымалы
құрамынан басқа, жердегi көлiк
құралдары және олардың бөлшектерi
мен кeрек-жарақтары
5. 88 Ұшу аппараттары, ғарыштық аппараттар
және олардың бөлшектерi
6. 89 Кемелер, қайықтар және жүзетiн
конструкциялар
7. 90 Оптикалық, фотосуреттiк,
кинематографиялық, өлшеу, бақылау,
дәлме-дәл, медициналық немесе
хирургиялық құралдар мен аппараттар;
олардың бөлшектерi мен
керек-жарақтары